Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

Ізтлеуова Дана Спартакқызы
Ізтлеуова Дана Спартакқызы
Ақтөбе облысы
Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
Шубаркудукская ШГ №1
География
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Атмосфера
Тақырып:

Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

27.12.2019
83
PDF жүктеу WORD жүктеу
Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері Оқу мақсаттары 9.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды Бағалау критерийлері Оқушылар: 1. Әртүрлі тақырыптарға қатысты номинациялау ерекшеліктерін ажыратады. 2. Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін талдайды. Сабақтың мақсаты Оқушылар әртүрлі тақырыптарға қатысты номинациялау ерекшеліктерін ажыратып, географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтап үйренеді Мектеп құндылықтары Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу. Тілдік мақсаттар Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер: Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін бейнебаян арқылы түсіндіреді (тыңдалым, айтылым). Пәнге қатысты лексика мен терминология: географиялық нысандар, географиялық құбылыстар, географиялық атаулар (номинация). Пәнаралық байланыс Қазақ тілі мен әдебиеті: топонимика, жер-су атаулары қарастырылады; Қазақстан тарихы: тарихи оқиғаларға қатысты атаулардың шығу тарихы қарастырылады.   

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

Сабақтың басы 0-6 Сабақ тақырыбын анықтау мақсатында: (С) «Номинация» сөзіне 3 сұрақ. 1. Номинация сөзін қай уақытта қолданасыз? 2. Қандай номинациялық теңеулерді білесіз? 3. Бүгінгі тақырыпты номинация сөзімен байланыстырып қалай атауға болады? Мұғалім сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырады. Сабаққа қысқаша шолу жүргізіледі. Презентация 1-2 слайдтар Ортасы 7-30 Мұғалім найзағай құбылысының атауының мағынасын түсіндіруді сұрайды. 1. Құбылысты найзағай атаудағы себеп қандай болды? 2. Құбылысты басқаша қалай атар едіңіз? Оқушылар алғаш жеке, содан кейін жұпта ойланып, жауап береді. Мұғалім географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін талдауға тапсырма береді. 1-топ. Атмосфералық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін көрсетеді. . 2-топ. Орографиялық нысандарды номинациялау ерекшеліктерін көрсетеді 3-топ. Климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін көрсетеді. 4-топ. Эксперттер тобы. Олардың міндеті – екі топтың жұмысын бақылап, бағалау. «Аквариум» тәсілі. Топтар презентациясы. Бағалау: Үш топтың жұмысын эксперттер тобы бағалайды. Бағалаудың алдында үш топтың қалай жұмыс жасағанын талдайды: тапсырма қалай орындалды, кімдер көшбасшы болды, жұмыстан тыс қалғандар болды ма т. б. Мұғалім де өз бақылауы туралы айтып өтеді. Кері байланыс: атмосфералық құбылыстар мен орографиялық нысандарды номинациялауда қандай байланыс бар екен? Топтар жауаптары тыңдалады. Презентация слайд Оқушының жұмыс парағы Ұялы телефондар Ғаламтор сайттары Мәтіндер https://www.youtube.com/watch?v=3rbBApVfdJ8 http://library.psu.kz/fulltext/transactions/4393_saparov_kh._t_bayanaula_toponimikasi.pdf http://atau.kz/article/21 http://emirb.org/toponimikani-geoekologiyali-negizderi-ou-crali--a-tinp--t-s-e-v2.html?page=7 http://infotables.ru/geografiya/548-mestnye-vetry Соңы 31-37 Тақырыпты бекіту мақсатында «Атауларда бір сыр бар» айдары ұйымдастырылады. Оқушылар жұпта жеребе арқылы бір атаудың мағынасын түсіндіреді. (Берікқара, Керегетас, Жұмбақтас, Шаңырақтас, Бәйгетөбе, Майкүбі атауларының мағынасын т.б.) Өзара бағалау жүреді. Сабақтың қорытындысы шығарылады. Үй тапсырмасы 38-39 Ғаламторды пайдаланып, өз облысындағы ауа райына қатысты бір атаудың шығуы бойынша шағын зерттеу жасау. Ғаламтор Рефлексия 39-40 Мен бұған дейін не білдім? Мен не үйрендім? Мен не білгім келеді? Кері байланыс парағы  

Файлдар:

Файлды ару Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

Пікірлер(0)