Механикалық жұмыс.Қуат
Физика
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Жұмыс және қуат
Тақырып:
Механикалық жұмыс.Қуат
27.12.2019
205
1
механикалық жұмыс.қуат | Барлық оқушылар үшін: Механикалық жұмыстың, қуаттың анықтамасын, формуласын, өлшем бірліктерін біледі. Басым бөлігі: Жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын ажырата біледі. Кейбір оқушылар үшін: Қуат пен жұмыс ұғымдары арқылы құбылыстарды байланыстыра алады |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
механикалық жұмыс.қуат |
Мектеп: Шұбарқұдық гимназиясы КММ Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Жұмыс және қуат. Күні: 7.03.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Абугалиева Жазира Серікқалиқызы Сынып: 7 Қатысқандар: 25 Қатыспағандар: Сабақ тақырыбы: Механикалық жұмыс. Қуат. Оқу мақсаты: 7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру. 7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану. Сабақтың мақсаты: Механикалық жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын білу, есептер шығару. Барлық оқушылар үшін: Механикалық жұмыстың, қуаттың анықтамасын, формуласын, өлшем бірліктерін біледі. Басым бөлігі: Жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын ажырата біледі. Кейбір оқушылар үшін: Қуат пен жұмыс ұғымдары арқылы құбылыстарды байланыстыра алады. Бағалау критерийі: Механикалық жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын білу, есептер шығару. - Жұмыс пен қуаттың өлшем бірлігі мен формуласын меңгереді; - Есеп шығаруда формуланы еркін қолданады. - Формуланы еркін жіктейді, ХБЖ айналдырады; - Өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді; - Жұмыс пен қуаттың айырмашылығын және маңыздылығын біледі. Дескрипторлар: 1. Механикалық жұмыстың анықтамасын, белгіленуін,формуласын, өлшем бірліктері біледі. 2. Қуаттың анықтамасын, белгіленуін, формуласын, өлшем бірліктері біледі. 3. Есептің шартын дұрыс келтіреді; 4. Күш орын ауыстырғанда механикалық жұмыстың орындалатынын біледі. 5. Өмірден мысалдар келтіреді. Тілдік мақсаттар: Тақырыптық терминдер бойынша сөздік: Қазақша Орысша Ағылшынша Жұмыс Работа job Қуат Мощность power Уақыт Время time Жол Путь way Күш Сила force Құндылықтар: Қоғамдық ұлттық бірлік. Тілдің біртұтастығы. Пәнаралық байланыс: Математика, география. Алдыңғы білім: Денелердің жүзу шарттары. Сабақтың барысы: Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Тақырыптық терминдер арқылы (жұмыс, қуат, уақыт, жол) парақтардың түсіне қарай таңдап, 4 топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады. ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру. Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ үлкен шеңберге, Алақанға ұрайық. (Оқушылар шаттық шеңбері арқылы бір-біріне жақсы тілектер тілейді) ІІІ.Білімін тексеру.(жеке жұмыс) Тапсырма №1 Сәйкестендіру тесті Қай уақытта ҒА=Ға дене сұйық ішінде жүзеді. Егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйыққа батады Сұйық пен дененің тығыздықтары бірдей болғанда, дене сұйық бетіне көтеріледі. ҒА>Ға егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе Егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан аз болса, дене жүзе бастағанға дейін сұйық бетіне көтеріледі. ҒА<Ға дене сұйыққа батып кетеді. ҚБ : Өзара тексеру, жұптар дұрыс жауаппен түзету жасайды. Түрлі карточкалар (A, N. S, t) Сәйкестендіру тесті Сабақтың ортасы: Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі (15 минут) Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Бақылаушының бағалау парағы № Бағалау өлшемдері Көш басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы 1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу 2 Міндетін атқару 3 Топтық жұмысқа атсалысуы ҚБ: Мадақтау, 3 рет қол шапалақтау арқылы бағалау. Таратпа карточкалар Сергіту сәті. Физминутка. Youtube материалы «Оқы,ойлан,бөліс» топтық жұмыс «Блум таксономиясы». Тапсырма №2. «Жұмыс пен қуат туралы » мәтінді оқи отыра кестені толтырыңыздар: Деңгей Тапсырма Білу Анықтамасы, белгіленуі Түсіну №1 шар қозғалмайды, №2 шар жылтыр шыны бетінде инерциясымен қозғалады, ал №3 шар F күшінің әрекетінен орын ауыстырады. Қай жағдайда механикалық жұмыс жасалады? Неге? №1 №2 Қолдану 1) Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бiрқалыпты қозғалып келедi. Егер оның моторының тарту күшi 2000 Н болса, онда ол 10 секундта қанша жұмыс атқарады? 2) Биiктiгi 10 м сарқырамадан 2 минутта 50 су құлап ағады. Су ағынының қуаты қандай? Талдау 100 км-ге жүгірген машина мен адамның қуатын салыстырыңдар. Жүргеннен кейінгі қуаты? Жүгіргенге дейінгі қуат? ҚБ: Тепе-теңдік шеңбері арқылы бағалау. «Джоуль-Ватт» шыңы Тапсырма №3. «Джоуль-Ватт» шыңы (Тау шыңдарына сұрақтар жасырылады, Оқушылар соны шешу арқылы «Джоуль-Ватт» шыңына шығады) ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. Таратпа карточкалар, Тепе-теңдік шеңберінің макеті «Джоуль-Ватт» шыңының макеті үлестірме қағаз Сабақтың соңы: Үйге тапсырма: Механикалық жұмыс пен қуатқа мысалдар келтіріп келу және «жұмыс» және «қуат» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру. Кері байланыс: Білемін Білгім келеді Білдім БББ кестесі, үлестірме қағаз РЕФЛЕКСИЯ: Тамаша Жақсы Нашар Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? Бағалау –оқушылардың білімін қалай тексересіз Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау Барлық оқушылар: Тақырып бойынша керекті мәліметтер мен формулаларды дәптерге түсіреді. Білу, түсіну, қолдану, талдау арқылы саралау тапсырмалары жоспарланды. Сабақ барысында серіктесін бағалау: 1. Өзін-өзі бағалау. 2. Шапалақ. (мадақтау, қолпаштау). 3. Тепе-теңдік шеңбері арқылы бағалау. 4. Бас бармақ әдістері тиімді деп қабылданды. Математика пәнінен алған білімдерін қолданады. Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау берілді. Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз 1. Оқушылардың ішкі уәжін ашу мақсатында әр түрлі әдіс - тәсілдер, деңгейлік тапсырмалар қолдану ойларын, айтқан ұсыныс пікірлерімен санасу нәтижеге жетуіне оң ықпал етері сөзсіз. 2. Күнделікті өмірден алынған тапсырмалар оқушыларды ізденуге, ойын шыңдауға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. 3. Тапсырманың көпшілігі топпен орындайтын болғандықтан кейбір оқушыларға қөңіл бөлінбей қалады. Сондықтан әр оқушыны тыңдау немес әр оқушыға жеке тапсырмалар ұсынуым керек деп ойлаймын. Оқушылардың әліде түрлі деңгейдегі тапсырмалар, суреттер, кестелер дайындап келемін. |
Файлдар:
Файлды ару
Механикалық жұмыс.Қуат
Пікірлер(0)