Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
| Сабақтың мақсаты | 8.1.4.3.-заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру І. ● Кристалдық тор типтерін білу ● Кристалдық тор типтері бойынша заттың қасиетін түсіну ІІ. ● Әр түрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттерін салыстыру ІІІ. ● Заттардың кристалдық тор типтеріне байланысты модельдерін құрастыру |
| Бағалау критерийі: | • -Кристалдық тор типтерін ажыратады • -Кристалл тор типіне байланысты заттың қасиетін анықтайды |
| Тілдік мақсаттар | Лексика мен терминология Заттардың күйі: кристалды, аморфты мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттарды анықтаңыз. Кристалдық тор түйіні, атомдық кристалдық тор, металдық кристалдық тор,молекулалық кристалдық тор, иондық кристалдық тор Диалог/жазылымға қатыстытіркестер. Кристалл түзетін бөлшектер орналасқан кеңістіктегі нүктелер жиынтығы ........ ... деп аталады. Кристалдық тордың бөлшектері орналасқан нүктесі кристалдық тор ...... деп аталады. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
сабақтың басы (7 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әрбір қатысушы « Менің ізгі тілегім» бойынша көршісіне жағымды ізгі тілегін білдіріп, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. 3.Оқушыларды топқа бөлу Қораптан әр түсті шарларды (кристалдық тор құруға арналған) таңдау арқылы 4 топқа бөлу Берілген шарларды бір формаға келтіру арқылы сабақтың тақырыбын ашып, оқушылармен бірлесе мақсаты айқындалады. |
|
|
Сабақтың ортасы (25 мин) |
Жаңа білімді меңгерту Тж. "Ойлан, жұптас, топтас" әдісі арқылы мәтінмен жұмыс. (әр топқа мәтін беріледі) 1-топ: Иондық кристалдық тор 2-топ: Молекулалық кристалдық тор 3-топ: Атомдық кристалдық тор 4-топ: Металдық кристалдық тор Оқушылар мәтінді жеке оқиды, жұпта, топта талқылайды. Әр топ берілген тақырып бойынша постер қорғайды. Топта бір-біріне сұрақ қояды. Бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» Топтар бірін – бірі бағалайды. Ж. Деңгейлік тапсырмалар(жеке жұмыс) А Кристалдық тор типтерін суретпен сәйкестендір В Мына заттарды О2, С(графит), CuO, CaCl2, H2O, F2, NaF, HF , N2 , PH3. кристалдық тордың түріне жіктеңіздер. С Берілген шарөзектер арқылы кристалл торлар модельдерін құрастырып, типін анықта. Динамикалықүзіліс "Energizer" (қимылды қозғалыс) Оқушылар кеңістікте геометриялық пішіндерді бейнелеу. (төрбұрыш, шаршы, дөңгелек т.с.с) |
|
|
Сабақтың соңы (8 мин) |
Сабақты қорытындылау Семантикалық карта Жж. Қ/б: "Бас бармақ" әдісі арқылы бағалау Рефлексия. «3-2-1» әдісі. «Сабақта есімде қалған 3 маңызды ақпарат» «Сабақтағы 2 ең қызықты ақпарат» «Мұғалімге 1 сауал» Уәждеу: Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (Жарайсың! Сенің қолыңнан келеді. Бүгін сен көп еңбектендің). Үйге тапсырма: ● Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс ●Ермексаздан кристалдық тор модельдерін құрастыру. |
Пікірлер(0)