Ұ дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:
Ұ дыбысы мен әрпі
27.12.2019
60
0
Сабақ мақсаты |
1.1.9.1сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау. 1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және буын санын анықтау.

Барлығы:Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгеру. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жаңа сөздердің мағынасын ашу Кейбірі: Тақырып бойынша жарнама құрастыру

Бағалау критерийлері | Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді, тақырыпты түсініп, сөздердің мағынасын ашады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Тренинг «Жүректен жүрекке» Шаттық шеңберіне тұрып, көршісіне жүректі бере отырып, отбасында айтылатын жылы сөзді айту керек. Топқа бөлу. Жүрек стикерлердегі сөздер бойынша 4 топқа бөлінеді: 1. «Ата» тобы 2. «Әже» тобы 3. «Әке» тобы 4. «Ана» тобы Әр топ хормен өзінің ұранын айтады. | Таяқшадағы жүрек Жүрек стикерлер |
Сабақтың ортасы 8 минут |

1.«Тыңда түсін, үйрен» әдісі Менің отбасым тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту. Дескриптор: 1.Постер бойынша сөйлемдер құрап айтады. Бағалау: тақия суреттерімен 2. «Кім жылдам?» ойыны Әр топтағы жұптарға буындар, сөздер таратылады. Дескриптор: 1.Буындардан сөздер құрайды, дыбыстық талдау жасайды, сөздерден сөйлем құрайды, сөздерді буынға бөледі. 2.Сөздерді, сөйлемдерді оқиды, дыбыстарды атайды. Бағалау: тақия суреттерімен 3.Жаңа сабақ. «Ойнайық та ойлайық» әдісі Әр топтан бір оқушыдан отбасы мүшесін сомдай отырып, соған тиесілі затты таңдау. Дескриптор:

1.Отбасы мүшесіне тиесілі затты таңдайды. 2.Затты атап, таныс емес дыбысты айтады. 3.Ұ дыбысы бар сөздерді айтады. Бағалау: От шашу

Сергіту сәті «Сиқырлы әліппе»

Оқулықпен жұмыс. 1.Дыбыстық талдау. «Ұлу» сөзіне талдау жасау.Ұлу туралы мәлімет беру. 2.Сөздерді тізбектей оқу, мағынасын ашу. Дәптермен жұмыс. Ұ әрпін жазу. «Жарнамала» топтық жұмыс. Қоржыннан әр топ бір затты алып, жарнама дайындау. Дескриптор: 1.Бір оқушы қоржыннан затты алады. 2.Сол затқа жарнама дайындайды. 3.Жарнаманы тақтаға шығып қорғайды. Бағалау: бас бармақ

Отбасы туралы постерлер Қоржын Буындар, сөздер Тақия, орамал, кепка, көзілдірік Домбыра, ұшақ, ұршық, мектепмакеті

бейнефильм

Оқулық бейнефильм №2 дәптер Ұршық, жүн, ұн, құрақ көрпе, ойыншық ұшақтар

Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия «Таңдау жаса» Ата : Сабақта барлығын түсіндім. Әке: Сабақта кей жерлерін түсінбедім. Бала: Сабақты мүлдем түсінбедім. Жүрек стикерлерін өздері таңдаған отбасы мүшесінің суретіне жапсырады. Бағалау. Жинаған тақия санына қарай «Өте жақсы», «Жақсы» сөздермен бағалау. Бауырсақпен бағалау. | Ата Әке Бала суреттері, жүрек стикерлер бауырсақтар |
Пікірлер(0)