Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

Аралбаева Баянды Аманбайқызы
Аралбаева Баянды Аманбайқызы
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская гимназия
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Тағам және сусын
Тақырып:

Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

27.12.2019
106
PDF жүктеу WORD жүктеу
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Барлық оқушылар :оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, жетекші сұрақтар арқылы көрген әсерлерін әңгімелейді,мұғалімнің көмегімен сөздегі қатені түзей алады,оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды, тақырып мазмұны бойынша өзара ой бөліседі,сөздегі дауысты дыбыстарды табады, жуан және жіңішке дауыстыларды дұрыс дыбыстайды,жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады. Оқушылардың көпшілігі : Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке екенін ажырата алады, әріптерден бірнеше сөз құрай алады,дыбысты әріппен белгілеуді қолданады,сөйлемдегі сөздерді мағынасына қарай дұрыс орналастырады. Кейбір оқушылар : Мәтін ішіндегі сөйлемдердің қатесін түзеп,тексереді, сөздегі жуан дауысты дыбыстарды жіңішке дауысты дыбысқа айналдырып өзгертеді, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

(18.02.2019)

Пән: сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам мен сусын» Күні : 18.02.2019 Мұғалімнің есімі: Аралбаева Баянды Аманбайқызы СЫНЫП:1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы: Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау. 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. 1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар :оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, жетекші сұрақтар арқылы көрген әсерлерін әңгімелейді,мұғалімнің көмегімен сөздегі қатені түзей алады,оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды, тақырып мазмұны бойынша өзара ой бөліседі,сөздегі дауысты дыбыстарды табады, жуан және жіңішке дауыстыларды дұрыс дыбыстайды,жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады. Оқушылардың көпшілігі : Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке екенін ажырата алады, әріптерден бірнеше сөз құрай алады,дыбысты әріппен белгілеуді қолданады,сөйлемдегі сөздерді мағынасына қарай дұрыс орналастырады. Кейбір оқушылар : Мәтін ішіндегі сөйлемдердің қатесін түзеп,тексереді, сөздегі жуан дауысты дыбыстарды жіңішке дауысты дыбысқа айналдырып өзгертеді, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады Бағалау критерийлері -оқиғаның ретін анықтайды -мәтінді жүйелі мазмұндайды -жуан дауыстыларды ажыратады -жіңішке дауыстыларды ажыратады Тілдік мақсат Аспазшы, «ас болсын!»,сорпа,шай,асхана,ботқа,түскі ас Асхана жұмысы туралы не білдік? Біз ол жерде тұтынушы мен асхана қызметкерлері үшін қандай пайдалы нәрселер көрдік? Бала неге тәттіге құмар болады?Біз неге тамақ ішпей жүре алмаймыз? Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық-асханаға саяхат Ашықтық-өзіне ұнайтын тағамды таңдау кезінде Құрмет-асхана қызметкерлерімен сөйлескенде Өмір бойы білім алу-ненің неден жасалғанын білген кезде Пәнаралық байланыстар: Информатика-сайттан аспазшы шеберлігі туралы мәлімет тыңдағанда. Дүниетану-асхана туралы сурет бойынша әңгімелегенде. АКТ қолдану дағдылары: http://www. balalaralemi.kz https://www. Google.kz http://massaget.kz/ аспазшы Бастапқы білім Дауысты және дауыссыз дыбыстар. «Асты ысырап етпеу – ізгіліктің үлкені» Сабақтың жоспарланған кезеңдері Ресурстар Сабақтың басы 5мин 0-3 мин Оқу мақсатын хабарлау 2 мин Бағалау критерийі Оқушының зейінін шоғырландыру (Ұ) МТ «Жұмбақ жәшік » әдісі. Стол үстіндегі жәшікте майлық,қасық, тәрелке,шанышқы,кесе т.б заттарды саламын. Санамақ айту арқылы 1 оқушыны таңдаймын.Ол оқушы жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Оқушылар жасырып отырған затты сипаттамасына қарап табуы керек.Сол тапқан сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды атау керек. (Ұ) «Адасқан буындар» әдісі арқылы тақырыпты ашамыз. (Теп-мек ха-на-ас-сы) осы буындарды дұрыс құрау арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Бүгінгі сабақта мектеп асханасымен танысамыз. Мәтінді оқып, мәтін ішіндегі сөйлемдердің қатесін түзейміз,мәтін мазмұны бойынша өзара ой бөлісеміз,жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды дұрыс дыбыстап айтуды үйренеміз Оқушының жақын даму аймағын анықтау МТ Бүгінгі сабақта: (мұғалімнің сыйы ретінде қима суреттер) Мәтіннің мазмұны бойынша өз ойымен бөлісіп, айта білген оқушыларға «шайдың» суреті Мәтін ішіндегі сөйлемнен дауысты дыбыстарды тауып, жуан не жіңішке екенін ажырата білген оқушыларға «сорпаның» суреті Сөздердегі жуан, дыбыстарды жіңішке дыбыстарға айналдыра білген оқушыларға «тәтті бәліштің» суретін таратамын. Жәшік,қасық,кесе, шанышқы,майлық тәрелке қима буындар Сабақтың ортасы 30 мин 8 мин 4 мин 3 мин 5 мин 2 мин 5 мин. 3 мин «Асханаға саяхат» әдісі (Ұ) МТ Біз қазір мектеп асханасына саяхатқа шығамыз. (Асханаға саяхат кезінде оқушылар аспазшылармен өз қалаулары бойынша әңгіме жүргізеді) Сыныпқа келгенде: Асхана жұмысы туралы не білдік? Біз ол жерде тұтынушылар үшін қандай пайдалы нәрселер көрдіңдер? Асхана қызметкерлері үшін қандай пайдалы нәрселер көрдік? Ашық сұрақтар: Бала неге тәттіге құмар болады? Біз неге тамақ ішпей жүре алмаймыз? (Ұ) МК Тыңдалым Оқулықтағы суретке назар аудартып, мәтінді оқимын. Мәтін желісі бойынша сұрақтар қойып, мазмұндатамын. Әрі қарай оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын ұйымдастырамын. Айтылым 1.Асханаға кірерде не істеу керек? 2.Түскі асқа қандай тағам аласың? 3.Өз мектебіңнің асханасы туралы айтып бер. Оқушылардың өз ойларын ашық айтуларына мүмкіндік жасау. Оқылым Тапсырма Мәтіннің бірінші сөйлеміндегі сөздерден дауысты дыбыстарды табу Дескриптор: -дауысты дыбысты ажыратады -жуан дауыстыны табады -жіңішке дауыстыны табады Тыңдалым. Аспазшы шеберлігі туралы қызықты ақпарат айтып беру. (Ұ) МК. Мұғалім жуан және жіңішке дауыстылар қатарын көрсетеді.Оқушылар дыбыстап айтады.Ерекшелігін айтады. «Көркем жазу минуты» әдісі (Ө) Жазылым Көркем жазуды ұйымдастыру, жұп болып қатесіз жазуды тексеру. Дескриптор: -Жазу жолын,жоларалық кеңістікті біледі -жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды -әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады -қатесіз көшіреді МТ Ж. Ширату жаттығуы «Жұбыңды тап» ойыны Оқушыларды екі қатар боп тұрады.1-қатардағы оқушыларға жуан дауысты дыбыстарды таратамын. 2-қатардағы оқушыларға жіңішке дауысты дыбыстарды таратамын. Дауыстыларды «а-ә», «о-ө», «ұ-ү», «ы-і» деп айтқанда оқушылар жұптаса қалу керек.Сол дыбыстарға байланысты мектеп асханасында кездесетін бір сөз айту. Ө Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға: Сөйлемдердің қатесін түзеп, көшіріп жазу Дескриптор: -Сөйлемдерді оқиды -Қатесін табады -сөйлемді түзетіп, көшіреді Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға: Сандарға сәйкес сурет құрастырып,жуан айтылатын сөзді бірінші қатарға,жіңішке айтылатын сөздерді екінші қатарға жазу Дескриптор: -сандар мен суреттерді сәйкестендіреді -жуан айтылатын сөздерді жазады -жіңішке айтылатын сөздерді жазады Аз қолдауды қажет ететін оқушыларға: Жуан дауысты дыбыстарды жіңішке дауысты дыбысқа айналдырып жазу Дескриптор: -сөздерді оқиды -жуан дауыстыларды жіңішке дауысты дыбысқа айналдырады -сөздерді жазады ҚБ Тапсырма: Сызба бойынша берілген әріптерден сөздер құрап жазу. Бағалау критерийі: Әріптерден сөздер құрау Дескриптор: -сөз жасайды -жуан дауысты дыбысты табады -жіңішке дауысты дыбысты табады Интербелсенді тақта 1-жаттығу. Оқулық,14 бет https://www. Google.kz (http://massaget.kz/(http://massaget.kz/ Дыбыстар қатары Дәптер,10 бет 2-жаттығу. Дәптер,11 бет Оқулық,14 бет 3-жаттығу Дәптер, 11 бет 3-жаттығу Оқулық,14 бет Сабақтың соңы 35-40мин 3 мин 2 мин МТ «Менің есімім» әдісімен кері байланыс беру -Есімінде жуан дауысты дыбыс бар оқушылар оң жаққа -Есімінде жіңішке дауысты дыбысы бар оқушылар сол жаққа тұрамыз «Кім көп жинады?» әдісімен бағалау («шайдың», «сорпаның», «тәтті бәліштің» суреттерін кім қанша жинағанын санау арқылы бағалау.) «Отшашу», «оооо, ииии» дыбыстары арқылы бағалау. (Өзіндік жұмыстарды тексергенде дұрыс орындағаннн оқушшшыға оооо, қатесі бар оқушыларға ииииии деген дыбыстармен оқушылар баға береді) Рефлексия МТ «Ақиқат,жалған» әдісі. - « ұ дауысты,жіңішке дыбыс» ақиқат па жалған ба? - « ү дауысты, жуан дыбыс» ақиқат па, жалған ба? - « е дауысты, жіңішке дыбыс» ақиқат па жалған ба? - «ө дауысты, жіңішке дыбыс » ақиқат па жалған ба? Қима суреттер Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға: Сөйлемдердің қатесін түзеп, көшіріп жазу Дескриптор: -Сөйлемдерді оқиды -Қатесін табады -сөйлемді түзетіп, көшіреді Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға: Сандарға сәйкес сурет құрастырып,жуан айтылатын сөзді бірінші қатарға,жіңішке айтылатын сөздерді екінші қатарға жазу Дескриптор: -сандар мен суреттерді сәйкестендіреді -жуан айтылатын сөздерді жазады -жіңішке айтылатын сөздерді жазады Аз қолдауды қажет ететін оқушыларға: Жуан дауысты дыбыстарды жіңішке дауысты дыбысқа айналдырып жазу Дескриптор: -сөздерді оқиды -жуан дауыстыларды жіңішке дауысты дыбысқа айналдырады -сөздерді жазады «Кім көп жинады?» әдісі «шайдың», «сорпаның», «тәтті бәліштің» суреттерін кім қанша жинағанын санау арқылы бағалау. Уақытында слайдты пайдалану, оқушылардың партада отыруда гигиеналық талаптардың орындалуын, ширату жаттығуларын өткізу арқылы сақталады. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды? Сабақ мақсаттары оқу мақсатына сәйкес. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану нәтижесінде оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді. Саралау тапсырмалары оқу мақсатына негізделіп құрылып,дұрыс жүргізілді. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарының реттілігі сақталды,жоспардан ауытқушылық болған жоқ. Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Асханаға барып келгеннен кейін оқушылардың өздерінің көріп, білгені бойынша тұжырым жасағаны 2. Сабақ соңында оқушылардың өз-өзіне баға беруі. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1.Әріптесім Эльмира Узембаевнаның пікірінше «Жұбыңды тап» әдісімен алынған ширату жаттығуы жұптық жұмыс кезінде оқушылардың белсенділігін арттыруға әсер етті. 2. «Менің есімім» әдісімен алынған кері байланыс оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін анықтауда тиімді болды. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? - Өзіндік жұмыстарды орындау тапсырмаларына дескрипторды жүйелі құруға тренерім Күлайым Жетпісбайқызы ұсыныс берді. -Қолдауды аз мөлшерде қажет ететін оқушыларға көбірек тапсырма дайындау қажеттігі туралы әріптесім Қарлығаш Кабиевна ұсыныс білдірді.  

Файлдар:

Файлды ару Тағам және сусын.Жуан және жіңішке дауыстылар

Пікірлер(0)