Әңгіме оқимын. Сөйлем
Әңгіме оқимын. Сөйлем
Сабақтың басы | Сабақ мақсаттары Барлық оқушы бiлугe тиiстi: Мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілерді қолданып этикет сөзімен жеткізеді. Көптeгeн оқушы бiлугe тиiстi: Сөйлемдерді бас әріптермен бастап жазады, сөйлем соңына мазмұнға сәйкес тиісті тыныс белгілерін қояды, оларды көркем жазуға машықтанады. Кeйбiр оқушы бiлугe тиiстi: Мәтіннің мазмұнын болжайды, тақырыпқа байланысты керекті тыныс белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер және мәтін құрастырып жазады, түрлі жағдаяттарда этикет сөзін қолданады. ақпаратты сурет, сызба, белгілерді қолданып этикет сөзімен жеткізеді. Бағалау кретерийлері: -Мәтіндегі оқиғаның ретін анықта. -Мәтінге қатысты ақпаратты сурет/сызба/ белгілерді қолданып жеткізеді. -мәтінге сүйеніп, берілген сөйлеммен мен суреттерді сәйкестендіреді. Тілдік мақсаттар - Сызба арқылы жай сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем құрастырып жазады. Сөйлем, нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. -Неліктен бұл сөйлемдердің соңына әр түрлі тыныс белгілері қойылып тұр? -Мәтінді әрі қарай қалай жалғастырар едіңіздер? Құндылықтарды дарыту Құрмет-этикет сөздерін қолдану. Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек-суреттерді бояу. АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтадан доптың, талдың, гүлдің, суреттерін көрсету . Бастапқы бiлiм Сөз, сөйлем, мәтін, ертегі. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың ортасы (0-40 минут) | (Ұ) «Конверттегі сұрақ» әдісі. Дайындалған үш конвертке доп, гүл, талдың суреттері салынады. Суреттердің астындағы сұрақтар: 1.Суреттің атын жаз. 2.Осы суретті қатыстырып сөйлем құра. Конвертті жинап алып оқушылардың аттарын атамай жауаптарын оқимын, оқушылар жауаптардың дұрыс немесе дұрыс еместігін «Саусақ» әдісімен анықтайды. Дұрыс құрастырылған сөйлемді оқып оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын және бағалау критерийін хабарлаймын: -Мәтіндегі оқиғаның ретін дұрыс анықтаған оқушыларға бауырсақ беремін. -Сөйлеммен суреттерді дұрыс сәйкестендірген оқушыларға қоян беремін. -Сызбаға сәйкес сөйлем құрастырған оқушыларға әженің суретін беремін. Тыңдалым.(Ұ) «Бауырсақ» ертегісін тыңдату. (Ө) Аз қолдауды қажет ететін оқушылар мәтінді мәнеріне келтіріп оқиды. (Ұ) Айтылым. Мәтінді талдау сұрақтары: 1.Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер? 2.Кемпір мен шалдың әңгімесін қайта айтып көрейік. 3.Неден пісірейін? –сөйлемінің соңына неліктен нүкте қойылмайды деп ойлайсыздар? Тағы сондай сөйлемдер бар ма? 4.Әй, кемпір-ай!-сөйлемінен не байқадыңыздар? 5.Неліктен бұл сөйлемдердің соңына әр түрлі тыныс белгілері қойылып тұр? 6.Мәтінді әрі қарай қалай жалғастырар едіңіздер? 7.Мәтінді болжаған кезде соңында сұрақ белгісі, леп белгісі, нүктесі бар сөйлемдер кездесуін қадағалаңыздар. (МК) Ереже: Сөйлем аяқталған бір ойды білдіреді. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрақ белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады. Дескриптор: -мәтіндегі кейіпкерлерді атайды; -сөйлем түрлерімен танысады; -тыныс белгілерінің қойылу ретін біледі; - мәтінді әрі қарай жалғастырады; -мәтінде нүктесі бар, леп белгісі бар, сұрақ белгісі бар сөйлемдердің кездесуін қадағалайды. -Ережемен қорытындылайды. Кері байланыс: «Бауырсақ», «Қоян», «Әже» стикерлерін беремін. Жазылым. Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма:(Ө) «Сөздерді тап!» әдісі арқылы мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді тауып, жаз: -Неден пісірейін? -Ұн жоқ қой. -Әй, кемпір-ай! Дескриптор: -қарамен жазылған сөйлемдерді тауып оқиды; -қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазады; Кері байланыс: «Жарайсың», «Керемет», «Талпын». (Ө) Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма: «Мидың суретін сал» әдісі арқылы қағазға жазылған сөйлемдерді оқып, соңындағы тыныс белгілерін ата. - Мен ауылға бардым. - Алақай, анам келді! -Сағат неше болды? Дескриптор: - Сөйлемдерді оқиды; - Тыныс белгілерін атайды; - Сөйлемдерді ажыратады. Кері байланыс: «Смайликтер» Сергіту жаттығуы «Дүкенде» ҚБ. Тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сызыңыз. Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз қуана қатыстық. Айжан алманың суретін салды. Асан бұлтты бейнеледі. Азамат шардың, ал Самал қонжықтың суретін салыпты. Қанат компьютердің суретін салды. Салған суреттерімізді сыныптың қабырғасына іліп қойдық. Айжан алманың суретін салды. Асан бұлтты бейнеледі. Азамат шарды бейнеледі.. Самал қонжықтың суретін салыпты. Қанаттың суретін дәптер бетіне бейнеле _______ _____ _____. _______ _____ ______? _______ _____ ______! Бағалау критeрийлeрi Мәтіндегі оқиғаның ретін анықта. Мәтінге қатысты ақпаратты сурет,сызба белгілерді қолданып жеткізеді. Мәтінге сүйеніп, берілген сөйлем мен суреттерді сәйкестендіреді. Сызба арқылы жай сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем құрастырып жазады. Дескрипторлар Оқиғаны баяндайды. Мәтін мазмұнын сызбамен, суретпен көрсетеді. Сөйлем мен суреттерді сәйкестендіреді. Сызбамен жай сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем құрастырып жазады. Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісімен бағаланады. (Ұ) «Иә, жоқ» әдісі. Тапсырма: Төмендегі этикет сөздерін қай кезде қолданылатынын ата. -Асың дәмді болсын! -Ауыз тиіңіз! -Дәм алыңыз! Дескриптор: - сөйлемдердің қай кезде қолданылатынын айтады; - сөйлем соңындағы тыныс белгілерін атайды. «Жапондық әдіспен» бағаланады. Сабақтың соңы «Терминдер сөйлейді» әдісімен рeфлeксия жүргізіліп, сөйлем, нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қызметі қолданылады. | Түрлі түсті конверттер, доптың, талдың, гүлдің, суреттері бейнеленген стикерлер Оқулық Интербелсенді тақта Бауырсақ, қоян, әже стикерлері Оқулық, дәптер, смайликтер Бағдаршам суреті, қызыл, сары, жасыл алманың қима суреттері. |
Пікірлер(0)