Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.1.3.5. бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндері бойынша салу |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Тригонометриялық функциялардың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәндері бойынша бұрышты сала алады. Оқушылардың басым бөлігі: Берілген тікбұрышты үшбұрыштың мәні бойынша тригонометриялық функциялардың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәндерін таба алады Кейбір оқушылар: Тригонометриялық функциялардың белгілі мәндері бойынша бұрышты салуды қолданбалы есептер шығаруда қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәні бойынша салу ережесін айтады. Пәнге тән лексика мен терминология: - Тригонометрия, синус, косинус, тангенс, котангенс - Бұрыш, қарсы жатқан қабырға, іргелес қабырға Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы байланыс |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы ((2-7 минут)) | 1. Амандасу. 2. Қызығушылықты ояту. «Сұрақты ұтып ал» әдісімен қайталау. Сұрақтар: 1. Сүйір бұрыштың синусы және косинусы деген не? 2.Пропорционал кесінділер жөніндегі теореманы тұжырымдаңдар. 3.Сүйір бұрыштың тангенсі және котангенсі деген не? 4.Пифагор теоремасын айт Синус, косинус және тангенс топтарына бөлу. 1-тапсырма: \Жұптық жұмыс\ Сурет бойынша α жәнеβ бұрыштарының синусын тап. Сурет бойынша α жәнеβ бұрыштарының тангенсін тап. Сурет бойынша α жәнеβ бұрыштарының косинусын тап. Дескриптор: Cүйір бұрыштың синусының (косинусының, тангенсінің) анықтамасын қолданады; 2-тапсырма: 1-тапсырмаға кері есеп құрастыр және орында. Мысалы: sinα= 21/29 болатындай α бұрышын салыңыз. Гипотенузасы 29, α сүйір бұрышына қарсы катеті 21-ге тең екенін білеміз, ал осы α бұрышын қалай саламыз? Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? Мaқсaт пен бaғaлaу кpитеpийлеpін оқушылapмен тaлқылaу. | |
Сабақтың ортасы ((8-30 минут)) |
1-тапсырма: Төмендегі мәліметтер бойынша α бұрышын салыңыз sinα=0,3, cosα=1/2 , tgα=2/5, ctgα= 0,7 \Әр топқа орындалу нұсқаулығын беру\ Дескриптор: <С=900; сәулелерін жүргіземіз. Бірлік кесінді е таңдап аламыз. СЕ сәулесіне СА=3е кесіндісін өлшеп саламыз. Центрі А нүктесі етіп, АВ=10е кесіндісіне тең радиус етіп шеңбер жүргіземіз. Ол CF сәулесін В нүктесінде қиып өтеді. Нәтижесінде АВС тікбұрышты үшбұрышы салынады. Ол тікбұрышты үшбұрышта sin〖α=CA/AB=3e/10e=3/10〗 болады. Демек, салынған α бұрышы есептің шартын қанағаттандырады. sinα= 5/7 cosα= 5/7 tg∝=12/5 ctg∝=12/5 Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі Саралау: мақсатқа байланысты қолдану үшін берілген тапсырма 2-тапсырма: \Пәнаралық тапсырма\ Жұптық жұмыс. Ұзындығы 7дм ағаштың көлеңкесі 4 дм. Күннің көкжиектен \горизонттан\ биіктігін градус есебімен табыңдар және суретін сал. Дескриптор: Cүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады; Сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) мәнін табады; Калькуляторды немесе кестені қолданып, градусқа айналдырады; Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» Bilimland білім беру платформасы арқылы Калькуляторды немесе кестені қолданып, градусқа айналдыру туралы түсінік беру. Шығармашылық тапсырма: Ұзындығы 12 см сымтемір берілген. 1-топ:sinα= 4/5 , 2-топ: cos∝=4/5, 3-топ: tg∝=3/4 болса, онда сымтемірді пайдаланып α бұрышын кескіндеңіз. Дискриптор: - тікбұрышты үшбұрыштың сүйірбұрышы синусының, косинусы, тангенсінің анықтамасын біледі. Есепті шешу алгоритмін анықтайды. α бұрышын салады. Қалыптастырушы бағалау: «Температураны өлшеу» әдісі Саралау: оқушыға жеке қолдау көрсету үшін берілген тапсырма Өзіндік жұмыс: «Сәйкес жауабын тап» sinα= 5/7 cosα= 5/7 tg∝=12/5 ctg∝=12/5 Кері байланыс: тақтадағы жауаптар бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды. Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау. | |
Сабақтың соңы (( 35-40мин)) | Балалар бүгінгі сабақта оқу мақсатына жеткендігі туралы қорытынды жасайды. "Бес саусақ" әдісі 1.бас бармаққа-не үйрендім? 2.сұқ саусаққа –не түсініксіз? 3.ортан терекке-мен үшін жаңалық болғаны 4.шылдыр шүмекке-ұсыныс 5.кішкене бөбекке- менің көңіл-күйім Үйге тапсырмалар: Оқулықтан |
Пікірлер(0)