натюрморт
натюрморт
| Сабақ мақсаттары | 5.1.5.2 - шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (6 мин) |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне жылы лебіз білдіру. Мозайка арқылы топтарға бөлу. «Қыс», «Көктем», «Күз» үш топқа бөлінеді. Топтық жұмысты ұйымдастыру «5 Т» ережесі: Тәртіп, талап,тыныштық, тазалық, татулық. Бағалау парақтарымен, стикер –смайлик жапсыру тәртібімен таныстырамын. |
|
|
Сабақтың ортасы (25 мин) |
Мақсатқа жету үшін топтық жұмыс ұйымдастырылады. «Көшбасшы мен тыңдаушылар» әдісі арқылы жаңа сабақ меңгеріледі.(5 минут) І топқа «Натюрморт өнері» .(Оқулықпен жұмыс) ІІ топқа Натюрморт композициясы.(Оқулықпен жұмыс) ІІІ топқа Қосымша материалдар арқылы Натюрморт тарихынан мәлімет әзірлеу. |
|
|
Сергіту сәті (2 мин) |
Мынау сары қарындаш Онымен күнді бояймын Мынау қызыл қарындаш Онымен гүлді бояймын Мынау жасыл қарындаш Онымен жерді бояймын Қолға қалам аламын Мен суретші баламын Түрлі-түрлі бейнені Әдемілеп саламын |
|
|
Сабақтың соңы (5 мин) |
Көрме жасау. Талдау. /мадақтау/Стикер жапсыру/ Бағалау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін, топтық және жеке алған бағаларын ескере отырып, қорытындылау. Себебін айту. Бағалау парағы |
|
|
Рефлексия (2 мин) |
«Көңіл-күй желкені» Оқушылар өздерін бағалайды. |
Пікірлер(0)