«Менің отбасымдағы адамдар» Ә.Нұршайықов Немере мәтіні
«Менің отбасымдағы адамдар» Ә.Нұршайықов Немере мәтіні
| Сабақтың оқу мақсаттары: | 2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.6.1 Кейіпкерлердің сыртқы келбетін сипаттау,мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. 2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет,калиграмма,аппликация,фотосуреттер арқылы ұсыну. |
| Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар:Тыңдаған материал бойынша сөздерді белгілеу.Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере отырып кейіпкерге мінездеме беру. Көптеген оқушылар: Сұрақтарға жауап беру арқылы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттау. Кейбір оқушылар:Шығарманы өз түсінігі бойынша әңгімелеу,талдау.Мәтінің негізгі ойын айту, кейіпкерлердің мінез құлқы мен іс-әрекетін бағалау. Отбасы туралы сурет салып шығармашылық жұмысын ұсынады. |
| Ойлау дағдылары | Білу,түсіну,қолдану,талдау,бағалау |
| Тілдік мақсат | Меселін қайтару-көңілін түсіру. |
| Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық – топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында |
| Бағалау критерийлері | Шығарманы тыңдайды. Мәтінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі түсінбеген сөздерді белгілейді. Мәтіндегі кейіпкерге сипаттама беріп,кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды. Отбасы туралы сурет салып шығармашылық жұмысын ұсынады. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5мин) |
йымдастыру бөлімі Аудио жазбадан Заттыбек Көпболсынұлының «Немере» әнін тыңдатып ширату жаттығуын жасау. «Аквариум » әдісін жүргізу арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы ашып,мақсаты хабарлаймын. «Аквариум » әдісінің мақсаты арқылы оқушыларға туыстық атауларды естеріне түсіру.Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Нұсқау:Тақтада аквариумның суреті ілініп тұрады.Оқушылар балық салынған суреттің артындағы сұрақтарға нақты жауап беріп балықты суға жібереді. 1 Әкеңнін әкесі кім? 2 Отбасындағы отағасы кім? 3 Ең қымбат мейірімді жан? 4 Ағайынды адамдар бір-біріне кім болады? 5 Ұлдан кіші қыз баланы қалай айтады? 6 Сен әкеңе кім боласын? 7 Кыйын кезде қасыңнан табылатын кім? 8 Сіздердің отбастарында кімдер бар? 9 Олар сіздерді қалай еркелетеді? Оларды бір сөзбен не деп айтады? Отбасы |
Аквариумның суреті
|
|
Сабақтың ортасы (30мин) |
Жазушы Әзілхан Нұршайықовпен оқушыларды таныстырып, «Немере» мәтінін оқып беремін. Тыңдалым (ТЖ) «Балықтар сөйлейді» әдісінің мақсаты (оқылған мәтінді қаншалықты деңгейде түсінгендігін білу) Тапсырма:Мәтіндегі түсінбеген сөздерді мәтінен тауып, мағынасын түсіндіру Нұсқау: Оқушылар шеңберге отырып мәтіннің түсінгендігін кезек-кезек айтады. Дескриптор: Мәтінен түсінбеген сөздерді белгілеу. Мағынасын түсіндіру. ҚБ: Жарайсың ,өте жақсы сөздерін айтып оқушыларды ынталандыру. |
Әзілхан Нұршайықов
Шығыс Қазақстан облысыда 15 желтоқсан 1922ж дүниеге келеген. Қазақ жазушысы Ұлы отан соғысына қатысқан |
|
Сергіту сәті |
Басбармағым – атам Балан үйрек - әжем, Ортан терек – әкем, Шылдыр шүмек – анам, Кішкене бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз, Бір үйде біз бесеуміз ТЖ: «Сюжеттік кесте» әдісінің мақсаты(кейіпкерге сипаттама беру) Нұсқау: Мәтінге байланысты сурет салып . Тапсырма:Мәтіндегі кейіпкерлердің суреттері беріледі.Сол суретке қарап оқушылар кейіпкерге сипаттама береді. Дескриптор: Мәтіндегі кейіпкерлерге сипаттама береді. Бағалау:«Графикалық» әдіс арқылы мадақтама сөздері жазылған жұлдызшалармен бағаланады. ЖЖ «Сөйлеп үйрен» әдісінің мақсаты (отбасы туралы сурет салып өз жұмысы туралы мәтін құрастырады) Нұсқау:. Тақырып бойынша шығармашылық жұмысын сурет арқылы ұсынып,тақырып бойынша мәтін жазады. ТапсырмаБерілген суретке қарап бос орынға «Менің отбасым» тақырыбына сурет салады. Суретке сәйкес шағын мәтін құрастырырады.Шығармашылық жұмысын қорғайды
Дескриптер: 1 Суретке қарап «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу 2 Суретке қарап шағын мәтін құрастыру 3 Берілген суретті тақырыпқа сай ашу ҚБ: «Отшашу» тәсілі бойынша өзін – өзі бағалайды. |
|
|
Сабақтың соңы (5 мин) |
Еркін микрафон әдісі (сабақты сұрақтар арқылы бекіту мақсатында алынады) Нұсқау:Оқушыларға микрафонды ұсынып мәтінге байланысты сұрақтар қояды.Микрафонға қызыға отырып оқушылар қойылған сұраққа еркін жауап береді. 1 Отбасына кімдер жатады? 2 Біз қандай мәтін оқыдық? 3 Мәтіннің авторы кім?Әзілхан Нұршайықов 4 Ақай қалай оқиды?Жақсы 5 Ақай қандай кітапты әжесіне оқып берді ? Қобыланды батырдың ҚБ: Жарайсың! Өте жақсы сөздерін айтып оқушыларға шабыт беру. |
|





Пікірлер(0)