Кел, балалар, оқылық!
Кел, балалар, оқылық!
7 – сабақ «Кел, балалар, оқылық!» | Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1,2.1 – күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну; 3.1,3.1 – тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыру; Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсінеді. Көптеген оқушылар. Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейбір оқушылар. Сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыру |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Кел, балалар, оқылық! (40 мин) | Психологиялық ахуал қалыптастыру. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. Күндей жарық, айдай арайлы, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастайық! Оқушылар мұғалімімен бірге қайталап, бір – біріне тілектер айтады: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер!» Қызығушылықты ояту. Мұғалім оқушылрдың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған Ы.Алтынсарин туралы бейнебаянды көрсетеді. Сұрақтар қояды. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, бірге қайталайды. «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім мәтінді оқып береді.Оқушылар тыңдап, сұрақтарға жауап береді. (1 – тапсырма). 1991 жылдың қазан айында Қостанай қаласында қазақтың ағартушысы, ұлы ұстазы Ы. Алтынсаринның мемориалды мұражайы ашылды. Қазіргі кезде мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталған. Мемориалдық мұражайдың бір бөлігі сол дәуірдегі Алтынсарин мектебінің көшірмесі түрінде салынған. Қорда отбасында қолданылмаған Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне арналған кітаптар, заттар, Ы.Алтынсариннің кітаптары, мектебінің макеті, фотосуреттер, естеліктер бар. Мұражайда құрылған көрме Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, Қазақстанның халық ағарту ісі жүйесінің пайда болу және даму тарихын баяндайды. Торғай облысының болашақ инспекторы 4 уездік екі кластық орталық училищелер, бес болыстық мектептер, қоныс аударған орыс балалары үшін екі училище ашты. Ол қыздар және қолөнер оқуының бастауында тұрды, оны мұражайдағы мұрағаттық құжаттары, баға жетпес фотоматериалдары куәландырады. Сұрақтар: 1.Музей қай жылы ашылды? 2. Музейде қандай заттар сақталған? 3.Ы.Алтынсарин балаларға арналған қандай мекемелер ашты? Көп нүктнің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазады.(2 – тапсырма) Менің тілеген... Сіздің тілеген... Сенің тілеген... Оның тілеген... Көп нүктнің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазады.(4 – тапсырма) Кел бала... оқылық. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиеті... атасы. Ыбырай мектеп... жақсы оқиды. Ыбырай Алтынсарин орыс ғалымдары... дос болған. Тиісті қосымшалар: -мен, -лар, -нің, -те. «Қызықты суреттер» тәсілімен сурет бойынша мәтін құрайды. (5-тапсырма) Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларды сергіту үшін сазды әуен қосады Мұғалім жаңа тақырыпты бекіту үшін тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Кері байланыс .БББ кестесі Білемін Білдім Білгім келеді Бағалау. Бағалау үшін «Бағдашам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір оқушыға бағдаршамның түстеріне сәйкес | Интерактивті тақта.Слайд Бейнебаян Оқулық Оқулық Оқулық Суреттер Сазды әуен. Бейнебаян Ыстық орындық Кесте. Қима қағаздар Жасыл, сары, қызыл дөңгелектер |
Пікірлер(0)