Ә.Тәжібаев "Сырдария өлеңі"

Елеусизова Динара Қуандыққызы
Елеусизова Динара Қуандыққызы
Ақтөбе
Хромтау
№4 Хромтау орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Аспан әлемінің құпиялары
Тақырып:

Ә.Тәжібаев "Сырдария өлеңі"

10.11.2019
424
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары

5111. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

5241. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау  

  

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Өлеңді мұқият тыңдайды, тірек сөздердің мағынасын түсінеді, мәтінге жоспар құрады. Оқушылардың көпшілігі: Берілген тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды, мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрады.

Оқушылардың кейбірі: Тақырыпты тірек сөздер арқылы анықтайды, мәтінге құрылған жоспары негізінде мәтін мазмұны бойынша ойын толық баяндайды  

Бағалау критерийі

1.Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды 2. Мәтін бойынша жоспар құрады 3. Құрылған жоспары негізінде мәтін мазмұнын баяндайды  

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, жоспар құрады, жоспар негізінде ойын толық баяндайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология: тіршілік көзі, қарт, сырдың суы, әлдилеген, құшағында, қадірлі, сұлу  

Құндылықтарды дамыту

Судың қадірін білуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану, бейнелеу өнері

Алдыңғы білім

Ақынмен танысады, судың маңызын, қайдан пайда болатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(3 мин)

Тренинг «Жүрек жылуы» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бірігу. 1-топ - өзендер 2-топ - көлдер    

Алдыңғы білім

(3 мин)

«Серпілген сауал» әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтау.

Сабақтың ортасы

(5 мин)

Тыңдалым алды «Ізден, ойлан, тап» статегиясы

С. Берілген тірек сөздер арқылы жаңа тақырыпты болжа

5dc8161dadd39.png

Дескриптор:

1.Тірек сөздермен танысады

2.Тақырыпты болжайды  

Мәтінмен жұмыс

(5 мин)

 «Сырдария» өлеңі аудиожазба арқылы тыңда.

Білем сені, сүйем сені

Сырдың суы қарт анам,

Сенсіңменіәлдилеген,

Туғансенен мен балаң.

Сүйсе Гейне анамдесе,

Сүйгенсуы Рейнесін,

Сырдың суы туған ол да

Өзақынын Гейнесін.

Жазса Тарас Днепрді,

Жазса Пушкин Еділді,

Неге маған жырламасқа

Сырда туған елімді. 

 Ел анасыменіңанам

Сырдың сұлу өзені.

Қуан, ана! Ақыныңның,

Келді жырлар кезегі.    

Тапсырма

(8 мин)

Ж.Ж. Берілген өлең жолдарын оқып, мәтін мазмұнына жоспар құр.

Дескриптор:

1.Мәтін мазмұнына жоспар құрады

2. Ойын анық жеткізеді  

Кері байланыс «Мадақтау сөздері» әдісі

Оқулықпен жұмыс

(3 мин)

 5-тапсырма

Ж.Сөздерді мағыналарына қарай сәйкестендір

Дескриптор:

1.Мағыналарын түсінеді

2.Сөздерді дұрыс сәйкестендіреді

Кері байланыс «Жетісті баспалдағы» әдісі  

Жеке жұмыс

(8 мин)

Мәтінге сәйкес құрылған жоспар негізінде мәтін мазмұнын баянда

Дескриптор:

1. Мәтін мазмұнын баяндайды

2. Ойын толық жеткізеді

Рефлексия

(3 мин)

«5dc814ca65efe.png "Желкенді кеме» әдісі 

Үй тапсырмасы

«Сырдария» өлеңінен сын есімдерді тауып, түрлеріне қарай анықта

Қосымша ақпарат

Қысқы мерзімді жоспар

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру