Х дыбысы
Х дыбысы
| Мақсаты | Х дыбысы мен әрпімен таныстыра отырып, оның дауыссыз, қатаң екенін түсіндіру. Х дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға есте сақтауға үйрету, Х әрпінің кіші және бас әрпін жаздыру. Шығармашылық қабілетін дамыту, қиялын шарықтатып, логикалық ойлау қабілетін арттыру.Балаларды ұқыптылыққа, сыйластыққа, еңбекке баулу. |
| Әдіс-тәсілдер | Тәсіл:Жаңа білімді меңгеру Әдісі:Сұрақ - жауап, түсіндіру Көрнекілігі:Слайд,көрнекілік,кеспе әріптер. Пәні: Сауат ашу |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Ұйымдастыру кезеңі (25-30) |
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде Х дыбысы мен әрпін өтеміз. - Х деп айтайық. Тамағымызға күш түсіріп айтамыз. - Ауа өкпеден кедергі арқылы шығады. Сондықтан х - дауыссыз, қатаң. - Баспа, жазба әріптерін көрсету. - Х дыбысы бар сөздерді ата.Мысалы,(халат,хат,хор,хоккей,шахмат,хабар т.б.). Х-дауыссыз,қатаң. О-дауысты,жуан. К-дауыссыз,қатаң. К-дауыссыз,қатаң. Е-дауысты,жіңішке. Й-дауыссыз,үнді. Сәлемдесу. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауаны салайық, Жүрек жылуын салайық, Жиналған осы шуақты, Қонақтарға шашайық. Өткенге шолу. -Балалар қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Неше дауысты дыбыс бар? -Неше дауыссыз дыбыс бар? -Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық? - И қандай дыбыс? - И сөздің қай жерінде келеді? Мысал келтір (Инелік,ине,ит). Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (жуан және жіңішке). Дауыссыз дыбыстар (қатаң,ұяң,үнді) болып үшке бөлінеді. Алфавит қайталау бейне роликтің көмегімен. |
Пікірлер(0)