Дауыссыз қ мен ғ
Дауыссыз қ мен ғ
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.2.7.1. Мәтін мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым жане нақтылау сұрақтарын қою 2.4.1.2. Дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң,үнді,ұяң) ажырату және жауыссыз п-б, қ-ғ дыбыстарының емлесін сақтап жазу 2.3.7.1. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап оларды дұрыс жазу. |
| Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Басталуы (5 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық тренинг «Өрмекші торы» Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады. Топқа бөлу Себетпен түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа болу. Оқушыларға себеттен стикер алуларын сұраймын. Стикердің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары түстілер» 2-топ «Көк түстілер» 3-топ «Қызыл түстілер» Үй тапсырмасын бекіту «Ашық микрофон» әдісі арқылы |
Жіп себет стикер микрофон |
|
Жаңа білім (10 мин) |
Білу және түсіну Оқулықпен жұмыс 2.2.7.1. (ТЖ) 31-жаттығу Аурудан аяған күштірек. Әңгіменің тақырыбына қарап, оның мазмұнын болжа. Содан соң әңгімені оқы. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Әңгіменің мазмұнына сай сұрақтарға жауап береді. -Әңгіменің не туралы екенін айт. -Әңгімедегі негізгі ойды анықта. -Қ дыбысы ғ дыбысына айналған сөздерді тауып, оның себебін дәлелде. (аяғын, қабағын) |
Оқулық |
|
Ортасы (12 мин) |
Дәптермен жұмыс 2.3.7.1 32-жаттығу. Көшіріп жазып қарамен жазылған сөздге дыбыстық талдау жасау. Қолдану 2.4.1.2. (ЖЖ) |
Оқулық Қима қағаздар |
|
Сергіту сәті (3 мин) |
«Кемпір қосақ ойыны» Ақ-қар Сұры-топырақ Көк- бұлт Сары-жапырақ |
кемпірқосақ түстері |
|
Аяқталуы Сабақты бекіту (5 мин) |
Ой қорытыу «Кофе таяқшалары» арқылы бекіту 1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 2. Қатақ дауыссыздарды ата? 3. Сұхбат дегеніміз не? 4. Ұяң дауыссыздарды ата? 5. П дыбысы қай уақытта Б дыбысына айналады? 6. Үнді дауыссыздарды ата? |
Кофе таяқшалары |
|
Кері байланыс (5 мин) |
Көк түс-мен бәрін түсіндім, маған қызықты болды Сары түс-мен түсіндім Қызыл түс-менің әліде ізденуім керек |
Гүл күлтешелері |

Пікірлер(0)