Бала құқығы мен бостандығы мемлекет назарында
Бала құқығы мен бостандығы мемлекет назарында
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.2.5.1. мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру; 9.4.4.2. салалас құрмалас сөйлемдердің (себеп-салдар) мағыналық түрлерін ажырата білу. |
| Бағалау критерийлері | Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды; талқылау сұрақтарын құрастырады; салалас құрмалас сөйлемдердің (себеп-салдар) мағыналық түрлерін қолданады |
| Құндылықтар | Жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру. |
| АКТ қолдану | Интербелсенді тақта қолданылады |
| Пәнаралық байланыс | Адам және қоғам |
| Тілдік мақсаттар | Тілдік қорлары толығып, көркем сөйлеуге үйренеді. Сөйлеу шеберліктері артып, сөйлеу мәдениеті жетіледі |
| Осыған дейін меңгерілген білім | Адам құқықтары мен бостандықтары |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (3 мин /5 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Миға шабуыл әдісі бойынша өткен тақырыпқа шолу жасаймын. 1. «Адам құқығы» дегенді қалай түсінесің? 2. Бостандық ұғымы нені білдіреді? 3. Олардың адам өміріндегі маңызы қандай? 4. Адам өз құқығын қорғауы үшін нені білу қажет? 5. Сен өз құқығыңды қорғай аласың ба? 1.Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі. С. Оқылым алды тапсырмалар: «Карусель» әдісі Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбер сұрақ қояды, сыртқы шеңбер айнала жүріп жауап береді. Отбасы шағын мемлекет дегенді қалай түсінесің? Отбасындағы баланың міндеттері мен құқықтары қандай? Отбасындағы баланың құқықтарының сақталуына кімдер жауапты? Бала құқығы қанша жасқа дейін сақталуы керек? |
Оқулық |
|
Сабақтың ортасы (15 мин) |
ТЖ. Оқылым кезі: Оқушыларды 2 топқа бөлемін. Мәтін таратылады. Тапсырма: Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, топта өз көзқарастарыңызды , «6 неліктен» әдісі бойынша талқылау сұрақтарын құрастырыңыз. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Адамдардың арасында Не істеуге болады?Не істей аламыз?деген сұрақтар туындай бастады.Осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Б.з.д. ІХ-VІІ ғасырда Рим құқығы бекітілді. Б.з.д. V ғасырда Ежелгі қытай елінде 12 кесте заңы жарық көрді. Қазақ халқының тарихындағы Шыңғысханның Яссысы Қасым ханның Қасқа жолы Есім ханның Ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы Ұлы Даланың алғашқы заң үлгілері болып саналады. 1885 жылы билер жиынындағы ұлы Абайдың Шар ережесі қабылданды. Абай бұл заңды елін әділдікке жеткізу жолындағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деп түсіндірген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға, әдет-ғұрпының сақталуына, қалыптасуына үш кемеңгер би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би зор үлес қосты. Міне, қазіргі таңда адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отыратын заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы, сонымен қатар 1959 жылы қабылданған Бала құқығы декларациясы. Осы декларациядан кейін 1989 жылы 20 қарашада 61 ел қол қойған Балалар құқығы туралы Конвенция қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция – арнаулы мәселелер жөніндегі келісімшарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда Балалар құқығы туралы заң қабылданды. Бұл заң 9 тараудан, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отан, ел, халық алдындағы парыз. Өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі адамдардың осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігінен туындап жататыны анық. Саралау мәтін не ресурс бойынша Дескриптор Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. Талқылау сұрақтарын құрастырады «Галереяны шарлау» әдісі бойынша 1-ші топ екінші топтың, 2 –ші топ бірінші топтың сұрақтарымен танысады. Жазылған сұрақтар оқылып, өздеріне ұнаған оқушылардың сұрақтары таңдалынады. Соның ішінен 2 жеңімпаз анықталып, сол оқушылардың сұрақтары оқылады. Бағалау Топтар бір-бірін бағалайды. |
мәтін |
|
Сабақтың ортасы (10 мин) |
Оқылымнан кейінгі тапсырма Саралау тапсырмасы:
Тапсырма сұрақтары: 1. Абайдың «Шар ережесінің» маңызы 2. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің заң шығарудағы үлестері қандай? 3. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы туралы не білесіңдер? 4. Бала құқығы декларациясы қашан қабылданды? Барлық оқушылар: Берілген сұрақтар төңірегінде себеп-салдар салаласты қатыстыра жауап береді Қабілетті оқушыларға: Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, себеп-салдар салаласты қатыстырып өз ойын білдіреді Қолдауды қажет ететін оқушыларға: Сондықтан,себебі, сол себепті,өйткені деген себеп-салдардың жалғауларын пайдалана отырып, себеп-салдар салаластың қолданылуын көрсетеді. |
мәтін |
|
Сабақтың ортасы (2 мин) |
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы |
|
|
Сабақтың соңы 5 мин (5 мин) |
Оқушының рефлексиясы:
|
мәтін |
Пікірлер(0)