Процессор және оның сипаттамалары.

Аскарова Алмас Батырбековна
Аскарова Алмас Батырбековна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Жансен Кереев атындағы орта мектеп
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары
Тақырып:

Процессор және оның сипаттамалары.

30.12.2019
91
PDF жүктеу WORD жүктеу
Процессор және оның сипаттамалары.  8.1.1.1 қарапайым деңгейінде процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Процессор және оның сипаттамалары.

(13.09.2019ж)

          Сабақ барысы Сабақтың жоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 10 мин Психологиялық ахуал: Шаттық шеңберін құрып, «Сен өте керемет жансын, өйткені...» деп бір біріне жылы лебіз білдіреді. Мақсаты: оқушылар арасында татулық, бірлік, өз – өзіне сенімділікті орнату. Топқа бөлу: Мақсаты : бірлескен оқуды жүзеге асыру,жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету, тілдік және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Нұсқау: Процессордың ішкі құрылғыларының сипатына қарай топқа бөлінеміз. 1-топ: қоректендіру блогы 2-топ:аналық тақша 3- топ: жедел жады Ал енді оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Неге? Сабақтың тақырыбы: Процессор және оның сипаттамалары. Кеспе қағаздар Сабақтың ортасы Топтық жұмыс : «Бұрыштар» тәсілі Мақсаты: оқушылардың бұрын алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін шыңдау айтылым дағдысын қалыптастыру. Нұсқау: оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді. Тапсырма: 1 топ: процессор дегеніміз не? Оның қызыметін атаңдар? 2 топ : Техпроцесс дегенімізне? Оның атқаратын қызыметі қандай? 3 топ : Заманауи процессорлар үлкен интегралды сызба немесе өте үлкен интегралды сызбаларға орналасқан, себебін түсіндіріңдер? Дескриптор: - Процессор туралы түсінік береді, қызметтерін атайды. - Техпроцесске толық ақпарат береді, атқаратын қызметін біледі. - Заманауи процессорлар үлкен интегралды сызба немесе өте үлкен интегралды сызбаларға орналасқан, себебін түсіндіреді. Қалыптастырушы бағалау: Уәждеу.Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру- ауызша бағалау (жарайсың,қолыңнан келеді, көп еңбектендің) Жеке жұмыс Саралау тапсырмалары: Мақсаты :танымдық қабілеті мен қызығушылығына байланысты оқу материалының қиындық мөлшері көлемін таңдауына мүмкіндік жасау. А деңгейі Тапсырма: Сұрақтары: 1.106м тең ұзындық өлшем бірлігінің атауы. 2. Процессордағы транзистор өлшемі. 3. Процессор арнайы жасалған жартылай өткізгішті қандай материалдан жасалды? 4. Метрдің миллиардат бір бөлігі. 5. Процессордың қысқартылған ағылшынша атауы. 6. Процессор қандай өнімнен жасалған корпусқа орналастырылады? В деңгейі Тапсырма:Төменде берілген тәсілдердің бірін қолдана отырып, өз компьютерлеріңнің процессоры туралы ақпаратты жазыңдар. 1-тәсіл – «жүйе туралы мағұлмат» қызметтік программасын пайдалану. 1) «Іске қосу» мәзіріндегі «Орындау» қосымша парағында «msinfo32» командасын енгізіп, Enter батырмасын басыңдар. 2) Компьютердің барлық негізгі сипаттамаларын білуге болатын қызметтік утилита іске қосылады. 2-тәсіл – басқару тақтасы арқылы жүйе туралы ақпарат алу. 1) Басқару панеліне кіріп, «Жүйе және қауіпсіздік» бөліміне өтіп, «Жүйе» қосымша бетін ашу қажет. С деңгейі Тапсырма: Сендер дүкенде кеңесші болып істейсіңдер делік. Сатып алушыларға қандай процессоры бар компьютер алуға кеңес берер едіңдер? (Процессор туралы ақпаратты іздеу үшін интернет желісін пайдаланып, кестені толтырыңдар). Дескриптор: - Процессор не екенін біледі - Процессордың атқаратын қызметін біледі. - қызметтік программасын пайдалануды біледі. - басқару тақтасы арқылы жүйе туралы ақпарат алуды компьютерде орындай алады. - интернет желісінде жұмыс жасай алады Қалыптастырушы бағалау:смайлик бойынша бағалаймын. Окулык http://okylik.edu.kz// Оқулық Информатика 8 класс /Г.И.Салғараева, А.А.Бекежанова, Ж.Б.Базаева Астана -2018ж Арман-ПВ/ (жоба) http://okylik.edu.kz// Оқулық Информатика 8 класс /Г.И.Салғараева, А.А.Бекежанова, Ж.Б.Базаева Астана -2018ж Арман-ПВ/ (жоба) Интернет ресурстар Сабақтыңсоңы Кері байланыс.«Менің көңіл күйім»баспалдағы Мақсаты:Оқушының ішкі ахуалы мен өзгерістерін тану арқылы оқушылардың қажеттіліктерін анықтау. Нұсқау: Өз есімдерін стикерге жазып, баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. «Керемет», «Өзіме сенімдімін», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек», «Білмеймін», «Нашар»                                              

Пікірлер(0)