Дос болуды үйренеміз!

Өмірзақ Әйгерім Қуандыққызы
Өмірзақ Әйгерім Қуандыққызы
Ақтөбе облысы
Ақтөбе
Қопа жалпы орта білім беретін мектебі
Өзін-өзі тану
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:

Дос болуды үйренеміз!

30.12.2019
98
PDF жүктеу WORD жүктеу
САБАҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Сабақ мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: «дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру; Дамытушылық: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен ққамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

САБАҚ БАРЫСЫ

(12.02.2019)

1 Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру. 2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.   

Қосымша ақпарат

4. Оқиғаларды әңгiмелеу. «Отын оқиғасы» аңыз - Бекет ата жас кезінде Пақыржан қажыдан жеті жылдай дәріс алады. Ұстазы Бекеттей зейінді әрі ықыласты шәкіртіне айырықша құрмет көрсеткен. Кезекті жыл аяғы да жетіп, келесі оқу жылына қажетті ас-су, ағаш жинап алу керек болады. Ұстаз барлық шәкіртіне балта мен ара беріп, орманнан отын алып келуге жұмсайды. Шәкірттердің бәрі шама-шарқынша ағаш кесіп, арқалай алғанша көтеріп келеді. Тек Бекет қана тезек құрлы салмағы жоқ, құрап қалған ку түбіртектерді теріп әкеледі. Мұны көрген шәкірттер Бекетті келеке ете бастайды. Тіпті біреулері Ұстазға шағым айтады. Не үшін бұлай еткенін сұраған Ұстазға Бекет: - Жаңа өскенжас тал біткен зар илеп, «Бәріміз де асқақ болсақ, бәйтеректей биік болып өссек» деп жылап тұрған соң ешқайсысын қор етуге қолым бармады. Өмірді қиюдан өткен өлшеусіз күнә бар ма, ұлы Ұстаз?! – деп жауап берді. Мұқият тыңдап болған соң мұндай кең ойлылық пен кемелдікке көңілі толған көреген Ұстаз: - Адам баласына алдымен керегі - аяушылық пен мейірім. Бекеттен басқаларын отынды орманға апарып тастаңдар! – деп бұйырған екен. Сұрақтар: • Бала Бекеттің іс-әрекетінен нені түсінуге болады? • Ұстаздың айтқанынан не түйдіңдер? • Қалған балалардың әрекеті дұрыс болды ма? • Бекеттің бойынша қандай қасиеттер көрінеді? • Өмірдегі басты нәрсе не деп ойласыңдар? • Сенің мақсатын қандай? 5. Шығармашылық жұмыс. 1-тапсырма. Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау. 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар. Адам – адамға..., жолдас, ... . Досы жақсының, ... де жақсы. Кӛп ақшаң болғанша, кӛп... болсын. Дос – досқа ... . Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.  

Файлдар:

Файлды ару 2 сынып

Пікірлер(0)