Иондық байланыс
Иондық байланыс
Иондық байланыс | иондық байланыстың анықтамасын жаза алады; иондық байланыстың түзілу механизмін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасы арқылы көрсете алады; берілген қосылыстар иондық байланысы бар қосылыстарды ажырата алады , иондық байланыстың анықтамасын жазады , иондық байланыстың түзілу механизмін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасы арқылы көрсетеді , берілген қосылыстар иондық байланысы бар қосылыстарды ажыратады |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Иондық байланыс (13.02.2019 ж) | Жаңа сабақты миға шабуыл ретінде иондық байланыс жайлы бейнефильм көруден бастаймыз. Оқушылар электртерістілік айырмасына сәйкес байланыстың ковалентті полюссіз және полюсті болатынын біледі, мұғалім электртерістілік айырмасы 2-ден жоғары болса иондық байланыстың түзілетінін айтып, бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстырады. Иондық байланыс: оң және теріс зарядталған иондардың электростатикалық тартылысы негізінде түзілетін байланыс Оқушыларға иондар қалай пайда болады деген сұрақ қойыңыз. Оқушылар электронды қосып алу немесе жоғалту деп жауап береді. Мысал ретінде натрий және фтор ионының түзілуін көрсетіңіз. Ион диаграммасын салу шарттары 1.Нартий атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласын жазу. 2. Натрий атомынан қалыптасатын ионның зарядын анықтау. 3. Хлор атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласын жазу. 4. Хлор атомынан қалыптасатын ионның зарядын анықтау. 5. Натрий хлориндегі иондық байланыстың қалыптасу сызбасын жазу, қажет болса индекс қою. Сөздікпен жұмыс: Ион-Ион-Ion Катион-Катион-Cation Анион-Анион-Anion Иондық байланыс-Ионная связь-Ionic bond Топтық жұмыс: І топқа: Берілген диаграманы толтырыңыз. Натрий (2,8,1) және Күкірт (2,8,6) ІІ топқа: Берілген диаграманы құр. Литий (2,1) және Фтор (2,7) ІІІ топқа: Байланыстың түрін анықта. Cl2, HCl, LiF, H2S, N2, Na2S IV топқа: Мына қосылыстардың молекулалық модельдерін жаса: H2O, NH3, O2, H2, CH4, NaF. Топтар бір- бірін бағалайды.
Жұптық жұмыс: І жұп: Қатар орналасқан үш элемент ішінен ортанғы элементті тауып, бос ұяшықтың орнына сәйкес элементтің атомдық моделін сал
ІІ жұп: Кестені толықтыр. Бөлшектің атауы Белгіленуі Электроныдық конфигурациясы III жұп: Элементтің таңбасын оның атымының сипаттамасына сәйкестендір. Онда 55 электрон бар K Оның электрондық конфигурациясы: 2 8 8 1 Li Оның 3 электрондық қабаты және І валенттік электроны бар Na Оның 2 электрондық қабаты және 3 протоны бар Cs Жұптық жұмысты бағалау: өз ара бағалау арқылы жүзеге асады. Жеке жұмыс: Оқушыларға қызыл және жасыл түсті карточкаларды таратыңыз.Егер айтылған тұжырымдама шын болса оқушылар жасыл түсті карточканы, егер жалған болса қызыл түсті карточканы көрсетеді Рефлексия Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - ненібілдім, неніүйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет |
Пікірлер(0)