Екілік кодтау

Умбетова Мирамгул Буранбаевна
Умбетова Мирамгул Буранбаевна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
СШ им. Ж.Кереева
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Ақпаратты ұсыну
Тақырып:

Екілік кодтау

30.12.2019
31
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабақтың мақсаты

6.2.1.2– компьютерге арналған барлық ақпарат екілік код түрінде берілетінін түсіндіру    

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Мұғалім оқушылардың сабақтың басына дайындайды, және ойын ретінде «Мәтіндік ақпаратты кодтау» тақырыбы бойынша қайталаудыжәне тест ұсынады. Мұғалім сабақтың тақырыбымен таныстырып, бағалау критерийлерін айтады. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді, оқушыларға түсіндіру мәнеріне қарай дәптерге қажетті ақпаратты жазуды ұсынады. Компьютерде ақпаратты көрсету үшін екілік кодтау қолданылады, өйткені, екіден аспайтын күй түрін 100 пайыздық кепілдікпен сақтауға және анықтауға мүмкіндік беретін тхникалық құрылғы жасалды: • электромагниттік реле (ашық/жабық), алғашқы ЭЕМ құрылысында жиі қолданылды; • ақпараттың магнитті тасығыш жазықтығының участогі (магниттелген/магниттелмеген); • лазерлі диск жазықтығының участогі . Компьютердегі барлық ақпарат түрлері машина тілінде, 0 және 1 логикалық кезектілігі түрінде кодталады.  

Сабақтың ортасы

Компьютердегі ақпарат екілік код түрінде көрсетілген, оның әліпбиі екі саннан тұрады (0 және 1). Мұғалім оқушыларға ой талқылау үшін сұрақ ұсынады; Неге адам санаудың ондық жүйесін, ал компьютер екілік жүйесін қолданады? Және оқушылар көз қарастарын ұйымдастырады. Мұғалім оқушыларға жеке жұмыс тапсырмаларын таратады. Оқушылар жеке жұмысты орындайды. Мұғалім орындалған тапсырмаларды сыныппен тексеруді ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда оқушылар жауаптарын талқылау. Қосымша тапсырма. Мұғалім жаңа тақырып бойынша сөзжұмбақ шешуін ұсынады. Тапсырманы орындап болған соң, өзін өзі тексеруді оқушылар орындайды.   

Сабақтың соңы

«3-3-1» рефлексия әдісі Оқушылар сабақта не түсінгені және не білгені туралы үш сөйлем жазады. Одан соң, осы үш сөйлемнен бір сөзден таңдап аламыз, барлығы үш сөз. Осы үш сөзден бір сөзді таңдайды.  

Пікірлер(0)