Көшбасшы қандай болуы керек?

Шниязова Гулдариға Муратбековна
Шниязова Гулдариға Муратбековна
Ақтөбе
Ақтөбе
Копинская средняя школа
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мен және қоғам
Тақырып:

Көшбасшы қандай болуы керек?

30.12.2019
737
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаты

4.1.2.2 – көшбасшыға тəн тұлғалық қасиеттерді анықтау 

Күтілетін нəтижелер

Барлық оқушылар: – кімді көшбасшы деп атайтынын біледі. Көптеген оқушылар: – көшбасшыға тəн тұлғалық қасиеттерді анықтайды; – неліктен барлығы көшбасшы бола алмайтынын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: – көшбасшының міндеттерін атайды; – өзінің бойындағы көшбасшыға тəн қасиеттерді дамыта түсуге тырысады  

Тілдік мақсат

Көшбасшы сөзінің анықтамасына мəн беру. Түсіндірме сөздік. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Көшбасшы, ұйымдастырушылық, бастама, тəртіп, жауапкершілік, өз ырқына бағындыра білу Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер: Тұлғалық қасиеттер, көшбасшының қасиеттері, ұжым үшін жауапкершілік Талқыланатын сұрақтар: – Көшбасшы дегеніміз кім? – Əркім көшбасшы бола ала ма? – Барлық жерде, мысалы, мектепте, аулада көшбасшы болуға бола ма? – Көшбасшының бойында қандай қасиеттер болу керек? Неліктен? – Өзіңнің бойыңда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бола ма? – Барлығы көшбасшы болу керек пе? Неліктен? – Топтың, сыныптың жұмысы үшін көшбасшы жауапты болады деп айтуға бола ма? – Мектеп кеңесін, өзін өзі басқару ұйымын жүргізу үшін оқушының бойында қандай тұлғалық қасиеттер болу керек? Жазылым. Оқушы дəптерінде сұрақтарға жауап беру, сабақтың тақырыбы бойынша парасат картасын құру, дəйексөз кітабымен жұмыс.    

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру Сəлемдесу!

Мұғалім:

Қоңырау соғылды.

Сабақ басталды.

Білімге құмар балалар

Сыныпқа жиналды.

Сабақтың қызық өтуіне

Атсалысамыз бəріміз

Ерінбей, зерікпей

Тапсырманы орындаймыз.    

Мақсатты тұжырымдау

Мұғалім ребусты шешуді ұсынады.

Шешуі: көшбасшы.

‘ (Ұ) Балалар ребусты шешеді, сабақтың тақырыбына қатысты өздерінің болжамдарын айтады.

Мұғалім: Көшбасшы сөзін естігенде қандай ассоциациялар пайда болады?

(Ұ) Оқушылар ассоциацияларды атайды, мұғалім оларды қағазға жазады.

Мұғалім: Сабақтың тақырыбын оқимыз.

(Ұ) Оқушылар сабақтың мақсаттарын анықтайды.

Мұғалім оқушыларға бағалау өлшемдерін құрастыруды ұсынады.    

Сабақтың ортасы

1. Үй тапсырманы тексеру. 2. (Ө) Ассоциациялық қатармен жұмысты жалғастыру. Жұмыс дəптеріндегі А.1. тапсырманы орындау. (Ж) Жауаптарды жұппен отырып салыстыру. (Ұ) Жауаптарды сыныппен отырып талқылау. Сұрақтардың жауаптары неліктен ұқсас/əртүрлі? 3. (Ұ) Сыни ойлау. Мұғалім «Қасиеттер» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Бір оқушы көшбасшыға тəн қасиетті атайды, ал екінші оқушы осы қасиеттің көшбасшы үшін жəне оның ұжымы үшін қаншалықты маңызды екенін дəлелдейді  

4. (Ө) Оқулықтағы ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру. (Ұ) Оқыған мəтінді мына сұрақтар бойынша талқылау: – Ақмаралды көшбасшы деп атауға бола ма, қалай ойлайсың? Неліктен? – Ақмарал неліктен өзін əр топта əртүрлі ұстайды? – Ақмарал ойынды жəне көрермендердің алдына шығар алдындағы дайындықты ұйымдастырған кезде оның бойынан қандай қасиеттер көрінді? – Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс, қалай ойлайсың? Неліктен? Тəжірибеңе сүйеніп, мысалдар келтір. 5. (Ж) Мұғалім оқушыларға жұппен отырып «Көшбасшының қасиеттері» парасат картасын құрастыруды ұсынады. (Т) Топта орындалған жұмысты талқылауды ұйымдастыру. 6. Сергіту сəті. Тапсырмалар орындадық, Көп оқыдық, көп жаздық. Шаршай бастады денеміз. Орнымыздан тұрамыз. Денемізбен созыламыз. Оңға, солға бұрыламыз. Орнымызда тұрып жүгіреміз. Бір отырып, бір тұрып, Сабақты біз жалғастырамыз. 7. (Ө) Дəптердегі В2, С1, 2, 3-тапсырмаларды орындау. Оқушылар дəйексөздермен жұмыс істейді. (Т, Ұ) Топтық жұмысты көрсету. Сыныппен талқылау. (Ө) Оқулықтағы мəтіннің екінші бөлігін оқу. (Т) Оқулықтағы сұрақтарды талқылау. (Ұ) Мұғалім сынып болып мына сұрақтарға жауап беруді ұсынады: – Барлық оқушы көшбасшы бола ала ма? – Кім көшбасшы болады? – Көшбасшы болу үшін мейірімді, əділ, тез тіл табысатын, өзгелерді өз ырқына бағындыра білетін адам болудың қаншалықты маңызы бар? Жауаптарыңды мысалдармен нақтылаңдар. – Тез тіл табыса білу дегеніміз не? Өз ырқына бағындыра білу дегеніміз не? – Өзіңнің бойыңнан көшбасшыға тəн қасиеттерді қалыптастыруға бола ма? – Барлық оқушы көшбасшы болу керек пе? Неліктен? – Топтың, сыныптың жұмысы үшін көшбасшы жауапты болады деп айтуға бола ма? – Мектеп кеңесін, өзін өзі басқару ұйымын жүргізу үшін оқушының бойында қандай тұлғалық қасиеттер болу керек? Үй тапсырмасы. «Сынып, мектеп көшбасшысының төлқұжатын» ауызша құрастыру жəне негіздеу.    

Сабақтың соңы

(Ұ) Рефлексия. Мына сұрақтарға жауап беру арқылы сабақта атқарған жұмыстарыңды қорытындыла: Алған біліміңді қайда қолданасың?

Сабақтың қай кезеңінде орындаған тапсырмаңды ерекше сəтті шықты деп ойлайсың? Сабақта қандай əдіс-тəсілдерді пайдаландың (кесте құрастырдым, сызбаны салдым, тезистер құрастырдым жəне т.б.)?

Өзіңді не үшін мақтар едің?    

Пікірлер(0)