Менің сүйікті ойыншықтарым.Менің кемем.
Менің сүйікті ойыншықтарым.Менің кемем.
| Менің кемем. | 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу; 2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы. Сабақтың ортасы. Сабақтың соңы. |
Басталуы 5 минут Сәлемдесу. Шаттық шеңбері. Топқа бөлемін : «Ойыншықтардың түстері арқылы» топқа бөлінеді. Оқушылар сиқырлы қораптан ұнаған ойыншықтарын алып, топтарға бөлініп отырады. Әр топтың алдында қорапта тақырыпқа байланысты сөздер жасырылған. Сол сөздерді «Ойлан тап» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады. Сөздер: -теңіз,су,балық,шағала,мұхит,көл,өзен,тұңғиық. -Ал енді осы сөздер арқылы не жетіспейді деп ойлайсыңдар –деп оқушылардан сұрау теңіз,мұхит бетінде не жүреді? Оқушылардың жауабы: - Кеме - Дұрыс айтасыңдар балалар Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жерлесіміз Темір ауданы Бабатай ауылында туып өскен ақын Ертай Ашықбаевтың «Менің кемем» өлеңімен танысамыз Ойыншықтардың түстері арқылы топтарға бөлу. «Ойлан тап» карточкалар презентация Жаңа білім.Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Кеме туралы мәлімет. Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек көмегімен қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бері ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме: Англияда 1802 ж., АҚШ-та 1807 ж., Ресейде 1810 ж. жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланылды. Кеме түрлері: катамаран, катер, траулер, теплоход, паром, өрт сөндіргіш кеме, т.б. Автор туралы мәлімет. Ертай Ашықбаев - 1956 жылы 24 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. Топтама өлеңдері «Темір қанат» («Жалын», 1981), «Ақ сәуле» (1984), «Бастау» (1990) үжым-дық жинақтарына енді. Жеке жинақтары: «Қос мең» (1988), «Жақсы баға» (1991), «Ұя» (2003), «Ашық сабақ» (2003), «Ғашықтар мектебі» (2004), «Қаңтардағы құс» (2007), «Қобыландының қонысы» (2008). «Қазақстан Конституциясына — 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Тыңдалым. Ертай Ашықбаев. Менің кемем. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін. 1- Тапсырма Сөздік жұмыс. Төзімді – шыдамды. 2- Тапсырма Оқылым. Өлеңді түсініп оқы. Тізбектей оқыту. 3- Тапсырма Өлеңді талдау. Әр топ бір шумақтың ұйқасын тауып, мағынасын ашып, мазмұндап береді. Оқулық, Презентация Видеоролик https://youtu.be/5RpODrKSivc . Ортасы 20 минут - Кеме көліктің қай түріне жатады? -Кемеге мініп көргендерің барма? Балалардың ойын білу. Қолдану Сергіту сәті. «Кім боламын? Ойыны Шарты: Өскенде кім болғың келетінін қимылмен көрсету,ойыншықтарын пайдалануға болады.Қарсы жұп шешуін табады. Оқулық, Сұрақтар жазылған карточкалар Оқушылар қимылдар жасау арқылы сергіп қалады. Айтылым. 4-тапсырма Топтық жұмыс. Суретке қарап, өлеңді қара сөзбен әңгімеле. Бағалау.Қол соғу арқылы бағалау . Постер қорғау А3,ФЛОМАСТЕР Аяқталуы Сабақты бекіту Ой қорыту Жасалған кемелеріне мақсатқа жеткенін жазады Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. Кері байланыс кемес. Үйге тапсырма: Тапсырма: «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбына әңгіме жаз. |
Пікірлер(0)