Қос сөздер
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мамандықтар әлемі
Тақырып:
Қос сөздер
30.12.2019
66
0
Қос сөздер. Отбасы мүшелерінің мамандықтары. | 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз) 4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы |
<p> Ұйымдастыру кезеңі.Мәтінді тыңдау.«Түртіп алу» тәсілі .Топпен жұмыс.Жұппен жұмыс.</p><p>Өзіндік жұмыс.Рефлексия</p> |
Қосымша ақпарат
Сынып қабырғасында мамандықтарға байланысты бірнеше суреттер ілініп тұрады Бұл тапсырма «Галереяға саяхат» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Саяхат жасап, аралап жүріп, сыныптағы оқушылар бірнеше мамандық түрлерімен танысады. -Қандай мамандық түрлері бар? - Бұл мамандық иелері сіздердің үйлеріңде бар ма? -Қандай мамандық атаулары сендерге таныс емес? -Қойшы туралы не білеміз? Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу. .2.3.1, 4.4.2.1 Мәтінді тыңдау Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. «Түртіп алу» тәсілі арқылы түсінбеген сөздерін белгілеуін, белгіленген сөздерді «Түсіндірме сөздіктен» табуын ұйымдастырады. Шеген, шығыр, қауға Топпен жұмыс 1-тапсырма Топта мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырып, келесі топқа ұсынады да көрші топтың өздеріне қойған сұрақтарына «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, жауап береді. Үлгі: Не себепті арқанды түйеге байлап қауға тартады? Сенің ойыңша, Көпен Әмірбектің әкесі кім болған? 2-тапсырма Көпен Әмірбек туралы мәлімет Көпен Әмірбеков (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. 3-тапсырма Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазу. Үлгі: Әке - шешем қойшы болды. Жұпта жазған сөйлемдерін тексеріп, өзара бағалайды. Бағалау дескрипторы: – сұрақтар құрастырып, жауап береді; – күрделі сөздерді тауып жазады; Сергіту сәті Топ оқушылары мамандық иелерінің іс -әрекетін қимыл арқылы көрсетеді. Келесі топ маман иесін табады. Топ оқушыларына күрделі сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі. Бұл тапсырма «Карточкадағы терминдер» әдісі арқылы жүргізіледі. Күрделі сөздерді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіреді. - Олардың қалай жасалғанын байқап, мағынасын түсіндіру 1 топ Алуан-алуан, бақа- шаян, жап -жасыл 1І топ Көре- көре, бүгін- ертең, оп- оңай 1ІІ топ Әлсін- әлсін, құлын- тай, үп –үлкен Қабілеті жоғары оқушы орташа оқитын оқушыға көмектеседі. Оқушылар байқағандарын қорытындылай отырып, ережені құрастырады. Екі сөздің қайталанып айтылуынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды. Жазуда қос сөздің арасына дефис (- ) қойылады. Мая -мая, әке -шеше, құрал -сайман. Жұппен жұмыс 44- жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазу - Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудару, олардың қалай жасалғанын түсіндіру; - Өзі қалаған қос сөздерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастырып жазу. Оқушылардың қос сөздері бар сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық талапқа сай орындалуын қадағалайды. Жұптар өзара бір-бірін тексереді. Бағалау дескрипторы: – қос сөздердің жасалуын түсіндіре алады; – қос сөздерді қатыстырып,сөйлем құрастыра алады; 45- жаттығу карточкамен жұмыс топ мүшелеріне Өзіндік жұмыс 45- жаттығуҚарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу. - Қос сөз сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын байқау және қос сөзді құрап тұрған сыңарларын салыстыру Топта оқушы жазғанын жұбымен тексереді, сонан соң бір оқушы топ алдында жазғанын оқып, дәлелдейді. Қ.Б:топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Бағалау дескрипторы: – қос сөз сөйлемге қандай мағына үстегенін түсіндіре алады ; – қос сөздің сыңарларын салыстыра алады;; Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым Сары түс-жаңа сабаққа көңілім толды Қызыл түс-бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті Үй тапсырмасы 46-жаттығу. Кестеге қарап, түсіндіру
Файлдар:
Файлды ару
Қос сөздер
Пікірлер(0)