Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы.
Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы.
| Сабақтың оқу мақсаттыры | 8.5.1.6.-Жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу; 8.5.1.7-Жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Жарықтың сыну заңдылығын түсінеді. Басым бөлігі : Жазық параллель пластинада сәулелер жолын салуды түсінеді. Кейбір оқушылар : Есептер шығаруда сәуленің сыну заңын пайдалануды түсінеді. |
| Бағалау критерийі | 1. Жарықтың сыну заңдылығын біледі. 2. Жазық параллель пластинада сәулелер жолын сала алады. 3. Есептер шығаруда жарық сәулесінің сыну заңын пайдаланып, өмірмен байланыстыра алады. |
| Тілдік мақсаттар | Сәуле-луч -ray Сыну көрсеткіш –показатель преломления-index of refraction Призма –призма -prism Күн –солнце -sun Ай –луна -moon Оптикалық диск-оптический диск -optical disk |
| Құндылықтарға баулу | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы |
| Пәнаралық байланыс | Геометрия, сызу, астрономия |
| Тақырып бойынша алдыңғы бөлім | 7 сынып бойынша күннің, айдың тұтылуы құбылыстарын біледі.Алдыңғы тақырып бойынша жарықтың таралуы |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (7 мин) |
Ұйымдастыру. /сыныпты түгендеу, амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығына көңіл аудару. / Оқушыларға сұрақ : «2018 жыл Ақтөбе облысы бойынша қандай жыл болып саналады? » Жауабы: «Бақытты бала » жылы. Бүгін мен сіздерге «Жарқын өмір », «Жарқын болашақ»,«Жарқын балалық шақ» Оқушыларға іштерінде сұрақтары бар отшашу таратамын. БІЛУ-ТҮСІНУ “Ізденген жетер мұратқа” 1.Күннің тұтылуы 2.Айдың тұтылуы. 3.Жарықтың шағылуы заңдылығын өмірмен байланыстыр. |
Тілектер жазылған сөздер, қағаз қиындысы. Әр топқа ішінде сұрағы бар отшашу беріледі. Бағалау. Әр топ бір-бірін бағалайды. «ЖҰЛДЫЗША» арқылы бағалау Белгісін көтеру арқылы бағалайды, қай топ көп жұлдыз жинаса сол топ жеңіске жетеді. |
|
Сабақтың ортасы (25 мин) |
ҚОЛДАНУ-ТАЛДАУ “Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем кесерсің” Тәжірибе-1. Тарелке, су, тиынмен жасалатын тәжірибені көрсету. Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді. • Тиын неге «көтерілді»? Тәжірибе -2. Стакан, су, қасықпен жасалған тәжірибені көрсету. Суы бар стаканға қасықты батырып сыртынан бақылау керек. • Нені байқадың? Тәжірибе -3. Стакан, су, май, инемен тәжірибе көрсету. Стаканға су құйып үстіне майды құю керек, енді оған инені сала отырып, қозғалт және оны оны сыртынан бақыла . • Не байқадың? ЖИНАҚТАУ /диалог жүргізе отырып, тәжірибе жасау арқылы тақырыптың негізгі ұғымдарына, заңдылығын тоқтала кету/ Диалог тәсілі: Қараңғы бөлмеде жасасақ осылай көрінер ме еді? Әр ортада неге бір зат әр түрлі көрінеді? Неге сынып көрінеді? Демонстрациялық жұмыс : Оптикалық диск арқылы жарық жолын бақылау. «ТҮРТІП АЛУ» әдісі арқылы жаңа сабақ негізі заңдылықтарын дәптерге жазып алады. 1. Жарықтың сыну заңы заңдылығы.формуласы , сызбасы. Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы дейміз. **Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш (γ ) сыну бұрышы деп аталады ЕСЕП: №1. Қабырғада айна ілінген. Айнаның алдында 2м қашықтықта адам тұр. Айнадан қарсы қабырғаға дейін 4м. Қарсы қабырғаның айнадан көрініп тұрған кескінінге дейінгі қашықтық қанша? Дескриптор: 1. Жазық айнада пайда болатын кескін ерекшелігін білу. 2. Нәрсе мен кескін симметриялы болатынын ескеру. № 2. 60º түсу бұрышымен ваккуммнен мөлдір ортаға өткен жарық 30º бұрышпен сынады. Осы ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы неге тең? Дескриптор: 1. Берілгенін жаза алу. 2. Сыну заңының формуласын жазып, талдай алу. 3. Формуланы пайдалана отырып, есеп шығару. Семантикалық карта . |
Тарелка, тиын, су Қасық , су, стакан Ине, су, май, стакан БАҒАЛАУ: Слайд. Кітаппен жұмыс. Дәптермен жұмыс Қ.БАҒАЛАУ: «БІРІҢДІ –БІРІҢ ТЕКСЕР» Әр топ бір-бірін тексереді. Дескриптор бойынша жасалынған дайын жұмыстар тақтаға шығарылады. Кесте толтыру. Қ.БАҒАЛАУ: КӨРШІҢДІ БАҒАЛА . Дұрыс жауап тақтаға беріледі. «˅» арқылы текесереді. |
|
Сабақтың соңы (8 мин) |
БАҒАЛАУ: Мына суретті сыну заңымен, өмірмен байланыстыра отырып, түсіндір. Дескриптор: 1. Құбылысты өмірмен байланыстыра алу. 2. Сыну заңдылығымен байланыстыра алу. КЕРІ БАЙЛАНЫС: КЕМПІРҚОСАҚ Сабақты түсіндім Жұмыс жасауым Өмірде керек қолдана аламын ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Сыну заңының табиғи құбылыстармен байланысы қандай? Қандай құбылыс? |
Пікірлер(0)