Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.30 Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі Оқушылардың көпшілігі: - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады Кейбір оқушылар: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды |
| Бағалау критерийлері | ДағдыларБағалау критерийлеріБілуОндық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледіҚолдануОндық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады |
| Тілдік мақсаттар | Лексика және терминология: Ондық бөлшек, натурал сан, бөлу Пайдалы сөз тіркестері: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін... Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындау үшін... |
| Құндылықтыр | Сабақ барысында академиялық шыншылдық пен сыйласымдылыққа басты көңіл бөлініп, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыруға, бағалауда сыни тұрғыдан қарауға бағытталады. |
| Пәнаралық байланыстар | Сурет, технология. |
| АКТ қолдану дағдылары | Презентация |
| Бастапқы білім | Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы мен жазылуы және оларға қосу, алу,көбейту амалдарын қолдану. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (3 минут) |
І. Ұйымдастыру сәті. «Мен саған .... тілеймін» тренингі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырамын. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Миға шабуыл әдісін қолданып фигураларға есептер беріледі және сол фигураларға сәйкес орындарын табады. |
Есептер жазылған фигуралар |
|
Сабақтың ортасы (30 минут) |
ІІІ. Жаңа материалды игеру: 1)Кітапта берілген есептердің ішінен екі мысал және слайдтан ереже көрсетіледі 2) Семантикалық карта. Әр оқушыға жеке – жеке таратылып беріледі, слайдта берілген жауабы бойынша тексереді ІV. Жаңа материалды бекіту: 1) Кітаппен жұмыс №919 есеп. Бір топ 2,4,6 – есептерін,екінші топ 1,3,5 – есептерін шығарады.Шығарып болғасын тақтаға жазады,екінші топ есептің дұрыстығын тексереді. 2) Деңгейлік тапсырма. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі,есепті шығарып болған соң тақтаға жазады V. Сергіту сәті. Бір – аяқтың ұшымен тұру және күлу, Екі – қолды жоғары көтеру және созылу, Үш – жиырылу және керілу, Төрт – бәрін қайтадан бастаймыз. Бес – қолды белге қоямыз, Алты – денемізді бұрамыз, Жеті – терең дем аламыз. Сегіз – біз бір рет отырамыз, Тоғыз – сабағымызды жалғастырамыз. VI. Қалыптастырушы бағалау: Математикалық лото ойыны Дағдылар Бағалау критерийлері Білу Ондық бөлшекті қосу,азайту,натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін білед Қолдану Ондық бөлшекті қосу,азайту, натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады Бұл ойында тапсырманы барлық оқушы бірге орындайды,шыққан есепке жетон арқылы берілген жауабын тақтаға апарып жабыстырады. |
«Математи-ка»5 класс. Оқулық № 2 Кеспе қағаздар Есептер жазылған лото парақшалары |
|
Сабақтың соңы (7 минут) |
VII.Жаңа білімді жүйелеу: Тақырып бойынша есептер беріледі,сол есептердің жауабын табу арқылы «Жарайсың!» сөзі шығады. VIII.Рефлексия: Сабақтан алған әсерім ... Мына жерлермен тағы да жүріп өтсем ... Әлі де жетілдіруім қажет ... |
Пікірлер(0)