Дұрыс тамақтана біл!
Дұрыс тамақтана біл!
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау. |
Күтілетін нәтиже | Барлық оқушылар: · Адамның денсаулығына пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады. Оқушылардың басым бөлігі: · дұрыс тамақтану ережесін біледі. Кейбір оқушылар: · Жаңа сабақтан алған білімдерін өмірде қолданады, ас мәзірінің құрамын анықтайды. |
Құндылық | Шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау. Өзара түсіністікті қалыптастыру. |
Тілдік мақсат | Денсаулық, дәрумендер, ас мәзірі |
Бағалау критерийі | Пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. |
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу 2.2.12 Музыка |
Алдыңғы білім | Біз дұрыс тамақтана білеміз |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Басталуы (1 минут) | 1. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Оқушыларды түгелдеу. Балалар қараңдаршы бүгінгі күн кешегіден де шуағын жан-жағына төгіп тұрғандай. Өйткені жер бетіндегі тіршіліктің барлығы осы күннен нәр алады. Қане бізде күннен нәр алып жылу алайық. Сол жылуды бір-бірімізге таратайық. Сонан соң келген қонақтарға сыйлайық. | Интербелсенді тақта арқылы оқушылар қосылып айтады. |
Ой қозғау | Енді барлығымыз ортада шеңбер жасап тұрып мына үлестірме қағаздардан аламыз. | |
Топқа бөліну (2 мин) | Топқа бөлу 2 минут 1-топ сүт тағамджары 2-топ ет тағамдары 3-топ жеміс және көкөніс тағамдары 4-топ ұннан жасалған тағамдар – Балалар біз тағамдар арқылы топқа бөліндік. Осы тағамдардың біздің өмірімізге қаншалықты маңыздылығы бар? (оқушылар жауабы) – Олар біздің денсаулығымыз жақсы болу үшін қажет. | Берілген әріптерді таңдап түріне сай топтарға бөлінеді. |
Ортасы | Ас адамның арқауы, Аспен күш артады. Тағам іш жағымды, Тазартар жанынды. – Ендеше біздің бүгінгі сабағымызда сен адам ағзасына пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуді үйренесіңдер. | |
Бейне жазба | Қазір бейнежазбаға назар аударамыз. Дұрыс тамақтану. Бейне жазбадан не білдік? (Оқушылар жауабы) | Интер тақта |
Тапсырма орындау (5 мин) | Дұрыс ас ішу тәртібі Дұрыс ас ішу тәртібі деп – өнімдердің жеті түрлі тобынан тұратын тағамдарды қабылдауды айтады. – Сенің денің сау болвп өсу үшін бізге не қажет? (Біз тұтынатын азық түлік) | Дұрыс тамақтану https://imektep.kz/kz/duris-tamaktanu Дұрыс ас ішу тәртібі Біз тұтынатын азық-түлік |
Топтық жұмыс (15 мин) | Топтық жұмыс (Әр топ өз жұмысына дескриптор құрастырады) 1-топ Дұрыс тамақтануға түскі ас мәзірін құрастыру. (Әр топ өз жұмысына дескриптор құрастырады) 2-топ Дұрыс тамақтану ережелерін құрастыру. (Әр топ өз жұмысына дескриптор құрастырады) 3-топ Шағын маркет сөрелерінен денсаулыққа пайдалы және зиян тағамдарды алып, адам ағзасына қаншалықты пайдалы зиянды екенін айту. (Әр топ өз жұмысына дескриптор құрастырады) 4-топ Өз елімізде шығарылған азық-түлік өнімдерге жарнама жасау. Топтық жұмысты әр топ бір-бірін екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалау. (Әр топ өз жұмысына дескриптор құрастырады) Топтық жұмысқа қорытынды дескриптор | Посторда қорғау Азық-түлік түрлері |
Бағалау | ¢ – Түскі ас мәзірінде қандай тағамдар ішу керектігін білдік; ¢ – Дұрыс тамақтану ережесін құрастыра білеміз; ¢ – Пайдалы және зиянды тағамдарды таңдап ажырата білдік; ¢ – Жарнама арқылы қымыздың өз елімізде өндірілетінін және пайдасы туралы мәлімет алдық; Сергіту сәті. Қыдырып қайтайық Ойын шарты: Топта ән әуеніне билейміз. Музыка әуені тоқтағанда алдымыздағы затты алып үлгеру керек. Затты алған оқушы сол затты қандай дәрумен бар, сол дәрумен жанына барып тұрады. | |
Қорытынды Видеожазба | Бейне жаздан тамақтану пирамидасы арқылы қорытындылау. Дұрыс Бұрыс тапсырмасы | Музыка әуені Дұрыс-бұрыс https://imektep.kz/kz/game#true_fa lse-1390 |
Рефлексия |
Пікірлер(0)