Ы.Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл. Сейітқұл-ел қамқоршысы

САНКЕШ ЖАННҰР ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
САНКЕШ ЖАННҰР ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
Ақтөбе облысы
Сарыкөл с.
КГУ «Саркульская ОСШ»
Қазақ әдебиеті
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Тәрбиенің қайнар бұлағы
Тақырып:

Ы.Алтынсарин Қыпшақ Сейітқұл. Сейітқұл-ел қамқоршысы

01.01.2020
99
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл – ел қамқоршысы

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау; (5.Б/С1) Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту. (5.Т/Ж4 )                  


Сабақта күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.  


Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

көркем шығарма


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.


Әдіс-тәсілдер

  Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Басталуы

(5 минут)


 Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Мен қандаймын?» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек.

Үйге берілген Эссені жазылуын өздеріне тексерту.

Әр топтан жақсы жазылғанын бір бала оқиды

Жаңа білім

(10 минут)

Ой салу

Мағынаны тану

Суреттер сөйлейді  

Қ.б. «Бас бармақ» әдісі

 • Жазушының қандай шығармаларын білесіздер? (әр топ бір шығармасының мазмұнын айтады) Мағынаны тану «Толықтыру» әдісі (Әрбір топ берілген мәтін үзіндісі бойынша, Сейітқұлдың елге жасаған жақсылықтарын, көмектерін анықтайды)

Берілген сөйлемдерді әңгіме мазмұнындағы сөзбен толықтыр?

1. Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, ... үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. (отыз)

2.Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жыйылып ... жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. (Сейітқұл)

3. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда ... реуішті базар болды.( жәрмеңке)

4. Манағы Сейітқұлдың ... жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қоңырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейітқұл көп жылдар іздеп, таптырып, қасына алыпты- мыс. ( ағасы)

Түсіну Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі- «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.  


АКТ

Ыбырай әңгімесі бойынша бейнебаян көрсету

Әр топ өзіндік пікір айтады  

Ортасы

(10 минут)

Талдау

«Топтастыру» әдісі «Қыпшақ Сейітқұл қандай адам?» деген сұрақ бойынша Сейітқұл бейнесін көрсет Еңбекқор көпшіл Қайырымды қамқоршы

Қ.Б. Шапалақтау

Қолдану Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

3-тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.

1. Сейітқұл елі үшін қандай ой ойлайды?

2. Оған ерген халық қандай кәсіппен айналыса бастады? 3. Сейітқұл бастаған елге басқалар не себепті қосылды? 4. Сейітқұлдың ағасы бай болу үшін не істеді?

5. Соңында тағдыры қалай аяқталды?

Қ.б. смайликтер
 4-тапсырма. Әңгіменің сюжеті бойынша ретімен дәптерлеріңе жазыңдар.

Қ.б.дәптерлерді мөрмен тексеру

5-тапсырма Кейіпкер Іс – әрекеті Менің пікірім/ Біздің пікіріміз Сейітқұл Халықты егін егуге үйретті, еңбекке баулыды. Сейітқұлдың ағасы Барымта, ұрлық жасап бай болғысы келді

Қ.б. топтарға баға бергізу (бас бармақ немесе шапалактау)  

Оқулықпен жұмыс


Аяқталуы Сабақты бекіту

(10 минут)

Венн диаграммасы

Сейітқұл                    ұқсастығы               ағасы    


Кейіпкерлерді салыстыру

Бағалау Кері байланыс

(5 минут)

Қатысымдарына баға беру (Топтан пікір тыңдауға болады) Үйге тапсырма

Кері байланыс «Білім ағашы»


Сабақтан алған әсерлерін ортаға салады

Қосымша ақпарат

<p><br></p><p>Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі- «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы</p>

Файлдар:

Файлды ару Сейітқұл-ел қамқоршысы

Пікірлер(0)