Мұражайлар не үшін қажет ?

Тукина Сауле Габдешовна
Тукина Сауле Габдешовна
Ақтөбе
Хромтау
Табантал ОМ
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мәдени мұра
Тақырып:

Мұражайлар не үшін қажет ?

03.01.2020
109
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаты

4.3.1.2 –тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру;

4.3.1.3 –мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну.  

Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі туралы әңгімелеп береді; тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді.  

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: • қазақ халқының қалыптасу тарихын түсіндіре алады; • түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресін анықтайды; • Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім, экономика салаларынан жеткен жетістіктерін түсіндіреді; • көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі туралыәңгімелеп береді; тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» көршілеріне шаттық сыйлау. Қима қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

1-топ.Қазақ халқының арғы тегі

2-топ. Қазақстанның экономикадағы жетістіктері

3-топ.Қазақстанда ғылымның дамуы.Қаныш Сәтбаев.

«Бас бармақ»әдісі арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру.Сұрақ: «Өз елінің тарихын білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр»дегенді қалай түсінеміз? Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты қозғайтын боламыз? Ендеше біз сендермен мынадай бейнематериал көреміз. (Көне қалалар,археологиялық қазбалар туралы) (Ж, Ұ) Сабағымыздың мақсаттарын анықтайық. Сабақтың мақсаттары: – тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру; – мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну. Бүгінгі сабақта алатын ақпараттарды іс жүзінде қалай қолданамыз? Осы сұраққа сабақ соңында жауап береміз  

Ежелгі қалалар туралы бейнематериал  .Қима қағаздар .   

Ортасы

 Балалар, тарихта болған оқиғалар туралы ақпарат алу үшін, көркемөнер туындыларын көзбен көру үшін адамдар қайда барады, қалай ойлайсыңдар? Иə, дұрыс, мұражайға барады. Мұражайды орыс тілінде «музей» деп атайды. . Араларыңда мұражайда болғандар бар ма? Мұражайлар өткен заманның мәдени мұраларын сақтау үшін құрылады. Мұражайлар әртүрлі болады: тарихи, көркем, әдеби, өлке-танымдық, техникалық және басқалары. Мұражайға бару арқылы сен өлкенің тарихи, табиғи және мәдени дамуымен танысасың. Келушілер тамашалау үшін қойылған әртүрлі заттарды – экспонаттарды көресің. Олар – тас шапқы, жебе мен найзаның ұштары тәрізді көне замандардан қалған археологиялық қазба заттары болуы мүмкін. Экспонаттардың арасынан өнер және қолөнер туындылары, халықтың тұрмысы мен мәдениетінен қалған құралдар да кездеседі. Жазба құжаттары мен сирек кітаптар осы өңірде болған оқиғалар туралы баяндайды. Сен әйгілі жерлестеріңнің өміріне қатысты естелік заттарды көресің. Туған өлкеңнің бүгінде қалай дамып жатқанын білесің. Әр бұйым бізге өткен өмірді өзінше «сипаттайды». Мұражайдағы экспонаттарды өте мұқият қарау керек. Сонда саған көне амандардың құпиялары мен тарихтың жұмбақтары ашылады. Міне бұлар ежелгі экспонаттар: – моншақтар; – қоладан жасалған айна. Кез келген мұражай бұйымдардың шағын топтамасынан басталады. Үйде, мектепте, ауылда, қалада мұражай ашуға болады.

Сызбамен жұмыс. Сызбаға қарап отырып, өлкетану мұражайынан қандай ақпараттар алуға болатынын айтыңдар.

Сөздік жұмысы. Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мəдени құндылықтарды жəне т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Экспонат-мұражайға,көрмеге қойылатын зат,жәдігер.

Экспозиция-тарихи және мәдени жәдігерлер көрмесі.

Этнография-этностардың шығу тегін,құрамын,мекенін,рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.

Электронды қосымшадан «Тарихи мұражайлар не үшін қажет?» деген бейнематериалды қарау.

«Галереяға саяхат»әдісі бойынша топтық жұмыс.(тарихи мұражайлар қызметін түсіндіру, мұражай жобасына қатысты өзіне ұнайтын тақырыпты ұсына алады) Топтар бір-бірін «Бас бармақ»арқылы бағалайды. Сергіту сәті. Жұптық жұмыс.Екі-екіден отырып, мұражайдағы мінез-құлық ережелерін құрастырыңдар. Қалыптастырушы бағалау. Дәптерге тапсырма орындау.  

Ежелгі қалалар туралы бейнематериал  Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.       

Аяқталуы

Топтық жұмыс(бекіту).»Фэшбоун»немесе «Балық қаңқасы» әдісі арқылы тақырыпты бекіту. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.Қарсы топ жауап береді. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс.«Екі жұлдыз ,бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.  

кері байланыс орнату.смайликтер 

Пікірлер(0)