Хабарлы сөйлем

Дабылбаева Акбота Галымжановна
Дабылбаева Акбота Галымжановна
Ақтөбе
Хромтау
Табантал ОМ
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Менің мектебім
Тақырып:

Хабарлы сөйлем

03.01.2020
113
PDF жүктеу WORD жүктеу
сабақ мақсаты

2.2.3.1 мәтiн мaзмұнын aнықтaуғa бaғыттaлғaн сұрaқтaр құрacтыру және жауап беру  2.3.7.1 сөйлeм түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте) қою.  2.4.2.6  сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

сабақ басы

(7 мин)

Оқушылармен  үш тілде амандасу.  Психологиялық ахуал қалыптастыру.  Ашық аспан болсын!  Әр күнiмiз бiздің   Сәттiлiкке толсын!  Қазақ тілі пәнінен  Білмегенді білейік  Үйренейік, күлейік!  Топқа бөліну. Бірінші, екінші, үшіншіге саналып топқа бөлінеді.                Ширату тапсырмалары:  ҰЖ:  «Зымыран сұрақтар» әдісі.   1-сұрақ.Сөйлем дегенiмiз нe?  2-сұрақ.Сөйлeм соңында қандай тыныс белгiсi қойылады?  3-сұрақ. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлерін ата.  Дескрипторы:   -сөйлeмге анықтама береді.  -сөйлeм соңына қойылатын тыныс бeлгісін атайды.    -айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін ажыратады.                    Мұғалім түсіндірмeсі. Хабарлы сөйлем.  


сабақ ортасы

(28 мин)

1-бағалау критерийі: Мәтін мазмұны негізінде cұрақтар құрастырып, жауап береді,  сөздердің байланысын табады.  ТЖ: «Сұрақ- жауап» әдісі.         Дeскриптор:  -  мәтінді оқиды;  -  мәтін соңындағы сұраққа жауап береді.  -  сөздердің байланысын табады.    ҰЖ: «Суретпен жұмыс» әдісі                       Дескриптор:  -сурет бойынша шағын мәтін құрастырады.   -мәтін мазмұны негізінде сұрақ құрастырады.  -сұрақтарға жауап береді.  -сөздердің байланысын табады.    ЖЖ ҚБ: «Жұппен жұмыс» әдісі.  Үзіліс ережелері.         Оқушылар сабақ уақытында және үзіліс кезінде өзін өзі тәртіпті, таза ұстауға міндетті. Үзіліс кезінде де, сабақ уақытында да сыныпта айғайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды. Қасыңдағы достарыңның демалуына кедергі келтірмеуің керек. Әрқашан әдепті оқушы болуға талпынуың қажет.  Дескриптор:   - мәтінді  оқиды.  - мәтін мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырады.  - жұбының сұрағына жауап жазады.  - мәтіндегі үзіліс сөзінің байланысын табады.     Саралау. Қарқыны бойынша саралау.  Қарқыны жоғары, қолдауды аз қажет ететін жұптарға.  Сурет бойынша үзіліс кезінде демалуға арналған ережелер құрастыруға тапсырма беремін.     Қарқыны төмен, қолдауды көп қажет ететін жұптарға  мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруге, қарамен жазылған сөйлемдердің байланысын табу кезінде «сөздердің  байланысуы дегеніміз не?»,  «сөздер қалай байланысады?» деген сұрақтар қою арқылы бағыт- бағдар беремін.    Бағалау.   -Мәтін мазмұны негізінде сұрақ құрып, жауап берсе, сөздердің байланысын тапса           қоңыраумен бағалаймын.    -Мәтін мазмұны негізінде сұраққа жауап бере алады,  сөздердің байланысын табуда қателессе             қоңырауымен бағалаймын.    -мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға толық жауап бермесе, сөздердің байланысын табуда қателессе            қоңырауымен бағалаймын.    Сергіту сәті:  Бір- аяқтың ұшымен тұру және күлу,  Екі -қолды жоғары көтеру және созылу,  Үш -жиырылу және керілу,  Төрт- бәрін қайтадан бастаймыз.  Бес- қолды белге қоямыз,  Алты- денемізді бұрамыз,  Жеті -терең дем аламыз,  Сегіз -біз бір рет отырамыз  Тоғыз- орнымыздан бір рет секіреміз  Он- сабағымызды жалғастырамыз.    2-бағалау критерийі:  Хабарлы  сөйлемдегі сөздердің байланысу жолын табады, сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісі нүкте қойып жазады.      ЖЖ: «Кім жылдам?» әдісі.   -Ануap сaбaқтaн кeшiкпeйдi   -Бiз қaлaғa   -Әceл тaпсыpаны тoлық oрындaды   -Жaлғыз aяқ жoлмeн   -Жомарт ән айтады   -Оқушылар демалыста саяхатқа         Дескриптор:   - аяқталған ойды білдіретін сөйлемдерді табады.   - тиісті тыныс белгілерін қойып, жазады.   - сөйлемдегі сөздердің байланысу жолын            анықтайды.         ӨЖ: «Кім білгір » әдісі.  Саралау:  Тапсырма бойынша саралау (оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, тапсырма бойынша саралау.)  1-тапсырма дескрипторы: (қарқыны жоғары)  - сызба бойынша хабарлы сөйлем құрастырады.  - байланысу жолдарын табыңдар.  - тыныс белгісін қояды, дәптерге жазады.     1.                      2.                                      3.                                                                 2-тапсырма дескрипторы: (қарқыны орташа)  - сөйлемдерді аяқтайды.  -тыныс белгілерін қояды, дәптерге жазады.  - байланысу жолдарын табыңдар.    1.Әмір ........ ертегісін жақсы көреді  2.Мен өскенде ...... болғым келеді  3.Жанат мектепке барғанды ......    3-тапсырма дескрипторы: (қарқыны төмен)  -сөйлемдер арасынан артық сөзді алып тастайды.  - тыныс белгісін қойып, дәптерге жазады.  - байланысу жолдарын табыңдар.     1.Күз айларына қаңтар, қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады  2.Жігер алма, алмұрт, банан, сәбіз жемістерін алды  3.Қыс мезгілінің ауа райы салқын, ыстық, қарлы болады    ТЖ.  «Оқы, тап, жаз» әдісі  1-тапсырманың дескрипторы:   -өлең жолын оқиды.   -хабарлы сөйлемдерді табады   - хабарлы сөйлемдерді дәптерге жазады.   Күз.  Берекесін сыйлауға,  Өлкемізге күз келді.  Жемістерін жинауға,  Шақырады біздерді.      2-тапсырманың дескрипторы:    -мәтінді оқиды.  -тыныс белгілерін қояды, дәптерге жазады.  -сөздердің байланысу жолын табады.  Күз.  Алтын күз келді Жапырақтар сарғаяды Күзде күн салқындайды Барлық жан жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді Құстар жылы жаққа ұшады Күздің сұлулығына көзің тоймайды.    3-тапсырманың дескрипторы:   -сөйлемдерді мұқият оқиды.   -сөйлемдердің ішінен хабарлы сөйлемдерді ажыратады.  -хабарлы сөйлемдерді дәптерге жазады.     Күз айы қандай керемет! Күзде жапырақтар сарғаяды.  Күз айларына қандай айлар жатады? Асан күзгі демалыста ауылға барады. Күзде ауылдың ауа - райы тамаша! Күз мезгілі маған қатты ұнайды.    Саралау: Диалог және қолдау(кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында көмек қажет болады. Сол көмек қажет болған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіп, ынталандыру жұмыстарын жүргіземін.)    ҚБ: ЖЖ. «Көршіңмен кеңес» әдісі.   - Арман       барды       балабақшаға   - сарғаяды  Күзде жапырақтар  - жарысқа Оқушылар барды  - жасалады Айран сүттен  - күн болады Ертең жаңбырлы  - барды Ербол кітапханаға    Дескрипторы:  -Орны ауыстырылып берілген сөздерден хабарлы сөйлем құрайды.  -тиісті тыныс белгісін қойып, дәптерге жазады.  -сөздердің байланысу жолын табады.      Бағалау  -  хабарлы сөйлем құрап, тыныс белгілерін дұрыс қойып, сөйлемдегі сөздердің байланысу жолын тапса       жапырақпен бағалаймын.    -  хабарлы сөйлем құрап, тыныс белгілерін дұрыс қойып, сөйлемдегі сөздердің байланысу жолын табуда қателессе         жапырақпен бағалаймын.    -  хабарлы сөйлем құрауда, тыныс белгілерін дұрыс қоюда, сөйлемдегі сөздердің байланысу жолын  тапбуда қателессе      жапырақпен бағалаймын.  


сабақ соңы

(5 мин)

Рефлексия : «Мен бастаймын сен жалғастыр» әдісі.  Сөйлeм аяқталған .....  Сөйлeм сөздeн......                        Сөйлeмдегi сөздeр......  Сөйлeм соңына......  Хабарлы сөйлeмнeн кeйiн...  


Қосымша ақпарат

<br>

Пікірлер(0)