"Ғылым таппай мақтанба!" өлеңі. "Бес асыл, бес дұшпан"

Сатбаева Малика Искаковна
Сатбаева Малика Искаковна
Ақтөбе
Хромтау
Табантал ОМ
Қазақ әдебиеті
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Абайды оқы, таңырқа!
Тақырып:

"Ғылым таппай мақтанба!" өлеңі. "Бес асыл, бес дұшпан"

03.01.2020
208
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 Б/С.6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

Сабақ мақсаттары

 Барлық оқушылар: Кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Көптеген оқушылар: Проблемалық сұрақтарға жауап бере алады. Кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай өзара салыстыра отырып, бағалайды.

Кейбір оқушылар: Көркем шығарманы тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. Сыни шолу жасайды.  

Бағалау критерийі

-шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады;

-тарихи және көркемдік құндылығына баға береді;

-шығармаға заманауи тұрғыдан баға береді;

-сыни шолу жасайды.   

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар орындай алады: Кейіпкерлерді өзара салыстыра алады, өз ойын еркін жеткізе біледі, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді , сыни ойын білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер, жаңа сөздер: жақсы қасиеттер, жағымсыз қасиеттер, мал шашпақ, еріншектік, т.б.

Диалогқа түсіретін сөз тіркестері: Менің ойымша..... Менің түсінуімше.... Менің түйіндеуімше ....

Талқылауға арналған сұрақтар: Абай атап көрсеткен шашпалық (бекер мал шашу), еріншектік тәрізді жағымсыз қасиеттер халық арасында қазір кездесе ме?

Ишара: достық көмек, білімге құштарлық  

Құндылықтарды дарыту

  Азаматтық жауапкершілік, адал еңбек

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзітану, тарих, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

 Интерактивті тақта. Ютуб.

Бастапқы білім

 Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба». Ғылымның пайдасы  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық ахуал орнату. «Менің бойымдағы ерекше қасиет» тренингі Шеңберге тұрып, қасындағы көршісінің және өзінің бір жақсы қасиетін айту. Мысалы, «Аружан ақылды, ал мен әділмін, т.б.».

3.» Миға шабуыл» әдісімен өткен тақырыпқа шолу.

- «Абайды оқы, таңырқа!» бөлімі бойынша берілген оқу материалдарымен танысып жатырмыз.

1) 2020 жыл ел президентінің жарлығымен «Абай жылы» болып жарияланды. Не себепті? 2) Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келген?

3) Ақынның қандай өлеңдерімен таныстық?

4. «Стоп кадр» әдісімен тақырыпты болжау. «Жақсылық пен жамандық» ертегісі

- Жақсылықтың бойынан қандай асыл істі байқадыңдар?

- Жамандықтың бойынан қандай дұшпандықты байқадыңдар?

- Осы мултьфильнен үзіндідегі негізгі кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді Абайдың қай өлеңімен байланыстыруға болады? Не себепті?

Жақсылық – бес асыл іс, жамандық – бес дұшпанға жатады.

5. Топтарға бөлу.

1-топ. «Бес асыл» Сіздің бес асылыңыз не? «Жақсыдан үйрен».

2-топ. «Бес дұшпан» Сіздің бес дұшпаныңыз не?«Жаманнан жирен».  



Интербелсенді тақта https://www.youtube.com › watch  

5e0f1a20b0926.png


Қима қағаздар



Сабақтың ортасы

(25 минут)

Топтық жұмыс «Шеңбердегі әңгіме»

Берілген сұрақтар бойынша топтар кезегімен әңгіме жүргізеді.

1-топқа: 1. Мақтаншақтық қасиет адамның дұшпаны ма? 2. Тағы нені адамның дұшпаны дер едіңіз? «Бес дұшпаннан» алыс болу үшін не істеу керек?

2-топқа: 1. Қанағат ету асыл іс пе? 2. Бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіру үшін не істеуіміз керек?

ҚБ. Бағдаршам түсімен бағалауы  


Сергіту сәті. «Жалғастыр» ойыны.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Жеке тапсырма.

А-оқушы Топтастыру тапсырмасы

В-оқушы Семантикалық картамен жұмыс.

Жұптық жұмыс. Абай атап көрсеткен шашпалық (бекер мал шашу), еріншектік тәрізді жағымсыз қасиеттер халық арасында қазір кездесе ме? Мысал келтіре отырып дәлелдеңдер. (Кездеседі, мысалы, шашпалық-той жасауда байқалса, ал еріншектік-көп ұйықтау, жұмыс жасауға мойыны жар бермей, жұмыссыз жүру т.т.).


Дескриптор -мәтін мазмұнын біледі;

                          -кейіпкер мінезін іс-әрекеті арқылы табады;

                          -ойын жүйелі жеткізеді;

                         -сыни тұрғыдан баға бере алады

ҚБ. Басбармақпен бағалау.  

Таратпа тапсырмалар


      5e0f1ad343f7c.png

  Бағдаршам түстері  

















5e0f1ba6a0c26.png







Сабақтың соңы

(7 минут)

Кері байланыс. «Ойлаудың алты қалпағы». (Эдвард де Бононың 6 қалпақ әдісімен сабақты қорытындылау)

Қызыл түсті қалпақ-эмоция,сабақтан қандай сезім алдың?

Сары түсті қалпақ-сабақта болған артықшылық .

Қара қалпақ-сабақтағы кемшіліктер жайлы айту.

Жасыл қалпақ-жаңа ойлар тудыру.

Көк қалпақ сабақтан нәтиже шығару.

Ақ қалпақ – сабақты қорытындылау.


Өзін-өзі бағалау «Алма ағашы» «5»- жасыл алма; «4» - сары алма, «3» - қызыл алма

Үйге тапсырма 43-бет 6-тапсырма  


      5e0f1cf89adb1.png

     5e0f1d6e00e57.png

Пікірлер(0)