Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;… және 0,1; 0,01; 0,001;… сандарына көбейту және бөлу
Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;… және 0,1; 0,01; 0,001;… сандарына көбейту және бөлу
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.29 Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;… және 0,1; 0,01; 0,001;… сандарына көбейту және бөлу ережелерін қолдану |
| Сабақтың мақсаты | Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;… және 0,1; 0,01; 0,001;… сандарына көбейту және бөлу ережелерін білу; Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;… және 0,1; 0,01; 0,001;… сандарына көбейту және бөлу ерекшеліктерін түсіну; Ондық бөлшектерді көбейткенде көбейтіндінің мәнін ауызша табу; |
| Бағалау критерийі | - Ондық бөлшекті 10, 100, 1000… және 0,1, 0,01, 0,001… сандарына көбейту және бөлу ережесін біледі; -ауызша жылдам есептей алады; -шамалардың бірі екіншісінің қанша бөлігін құрайтынын түсінеді |
| Құндылықтарға баулу | Денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты |
| Пәнаралық байланыс | Жаттығу орындау барысында биологиямен байланыс |
| Алдыңғы білім | Ондық бөлшектерді бөлу ережесін білу |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (2 минут) |
I Үйымдастыру кезені: “Шаттық шеңбері” Нұсқау: Балалар орындарында тұрады. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз,«жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.
|
Слайд |
|
Сабақтың басы (5 минут) |
«Ой қозғау» Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында қайталауға жаттығулар ұсыну 1 – нұсқа . 1) 1000 • 0,554; 2) 930 • 0,001; 3) 464,5 : 10000; 4) 0,7674 : 0,001; 5) 13,3 • 0,01; 6) 0,1 • 7602; 2 – нұсқа . 1) 1000 • 0,001636; 2) 950,1 • 0,1; 3) 86360 : 100; 4) 7,82 : 0,1; 5) 911,4 • 0,01; 6) 10 • 0,5149; Дескриптор: оқушылар - ондық бөлшектерді 10, 100, 1000;..және 0,1; 0,01; 0,001;.. сандарына көбейтеді; - ондық бөлшектерді 10, 100, 1000;.. және 0,1; 0,01; 0,001.. сандарына бөледі; Өзара бағалау Оқушылар бір – бірінің дәптерлерін өзара тексереді Қызыл алма – қате жоқ; Сары алма – 1-2 қате; Жасыл алма –2 қатеден жоғары.
|
Слайд |
|
Сабақтың ортасы. (10 минут) |
Жұптық жұмыс. Дескриптор: Білім алушы -Ондық бөлшекті 10, 100, 1000… сандарына көбейту және бөлу ережесін біледі; -Ондық бөлшекті 0,1, 0,01, 0,001… сандарына көбейту және бөлу ережесін біледі; 1 – жұп: 1. Бос орындарды толтыр
2. Берілген сандарды 0,1; 0,01 және 0,001 – ге көбейт:
2 – жұп
2. Берілген сандарды 0,1; 0,01 және 0,001 есе кеміт:
3 – жұп
2. Берілген сандарды 10; 100 және 1000 – ға көбейт:
4 – жұп
2. Берілген сандарды 10, 100 және 1000 есе кеміт
Бір – бірін тексеру Жұптық жұмысты орындап болған соң жұптар топтарға бірлесіп жауаптарын тексереді |
Слайдта дұрыс жауап бойынша тексереді Таратпа материалдары Слайд бойынша өздерін бағалау. |
|
Сергіту сәті (2 минут) |
|
Слайд |
|
Топтық жұмыс (16 минут) |
1 – топ 1 тапсырма Қарабауыр торғайдан неше есе ауыр екенін тап: 2 тапсырма 1) 5,3 м = … см; 2) 5,2 кг = … г; 3) 34 м2 = … дм2; 4) 0,18 м = … дм; 5) 92,03 т = …кг теңдігі дұрыс болуы үшін көп нүктенің орнына қажетті санды қойыңдар 2 – топ 1 тапсырма Түйеқұс бір сағат ішінде 3597,6 метр жүреді. Ол екінші түйеқұспен 0,1 сағатта кездеседі. Екеуінің арақашықтығы қандай ?
2 тапсырма: 1) 5,3 м = … см; 2) 5,2 кг = … г; 3) 34 м2 = … дм2; 4) 0,18 м = … дм 5) 92,03 т = …кг теңдігі дұрыс болуы үшін көп нүктенің орнына қажетті санды қойыңдар 3 – топ 1 тапсырма Пілдің орташа салмағы 1000 кг, ал адамның орташа салмағы 65 кг. Піл адамнан қаншаға ауыр екенін тап. 2 тапсырма 1) 5,3 м = … см; 2) 5,2 кг = … г; 3) 34 м2 = … дм2; 4) 0,18 м = … дм 5) 92,03 т = …кг теңдігі дұрыс болуы үшін көп нүктенің орнына қажетті санды қойыңдар 4 – топ 1 тапсырма Құмырсқа өз салмағынан 12 есе ауыр затты көтере алады. Егер құмырсқа 0,01 грамм болса, өзінен неше грамм ауыр затты көтере алады?
2 тапсырма 1) 5,3 м = … см; 2) 5,2 кг = … г; 3) 34 м2 = … дм2; 4) 0,18 м = … дм 5) 92,03 т = …кг теңдігі дұрыс болуы үшін көп нүктенің орнына қажетті санды қойыңдар Дескриптор: Білім алушы -Ондық бөлшекті 10, 100, 1000… сандарына көбейту ережесін біледі; -Шамалардың бірі екіншісінің қандай бөлігі екенін біледі; Мақсаты: ынтымақтастықта жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдау, сыйластық құндылықтары дамытылады |
https://bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11510/13.pdf?v1534498909959 https://bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12396/9.pdf?v1534498611840 Слайд бойынша бағалау |
|
Сабақтың соңы (5 минут) |
Рефлексия «Бағдаршам»
Үйге тапсырма № 729 № 731 (1 баған) |
Слайд |












Пікірлер(0)