Мен -Қазақстан азаматымын.

Тукина Сауле Габдешовна
Тукина Сауле Габдешовна
Ақтөбе
Хромтау
Табантал ОМ
Әдебиеттік оқу
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Менің Отаным - Қазақстан
Тақырып:

Мен -Қазақстан азаматымын.

06.01.2020
137
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.1 Шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру  

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады: • Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Оқушылардың көбі жасай алады: • Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді.Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылғанжұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Оқушыларды түрлі жанрдағы . шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.  

Жетістік критерийлері

  Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

«Сиқырлы қапшық» Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін 

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті) Шаттық шеңбері Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)  Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) (Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау  

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.  

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. (ЖЖ)«Қойын дәптер» әдісі арқылы жүргізіледі. Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.  (Т) «Түсініп оқы» айдары«Джигсо» әдісі бойынша жүзеге асырылады. «Туған жер» мәтінін төрт бөлікке бөліп, топтағы 1-ден 4-ке дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес бөлікті оқиды. Басты мақсат – мәтінді оқу, ақпаратпен танысу. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар» тобы құрылады. Мақсаты – тақырып бөлігінің мазмұнын бірлесе игеру, қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру. Бастапқы топқа оралып, әр оқушы мәтіннің өз бөлігін баяндайды: - тірек сөздер кестесі; - мәтін жоспарының сызбасы; - кластерлер; - мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар арқылы түсіндірулері мүмкін.

Дескрипторы: 1. 1. Мәтінді оқып, ақпаратпен танысады. 2. 2. Мәтін мазмұнын топта талқылайды. 3. 3. Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.

ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.

(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Құндақ, ризық, маңғаз, сайып келгенде сөзінің мағынасын ашу. Құндақ – сәбиді жаялыққа сап, жұмсақтап ораған бөлеуі, жөргек Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс Сайып келгенде – қорыта айтқанда «Дәлелде» айдары бойынша «Қосжазба күнделігі» әдісі арқылы мәтіннен берілген үзіндінің мағынасын ашады. 

Мақсаты: Берілген үзіндіні өз сөзімен шығармашылық тұрғысынан түрлендіріп жеткізуге мүмкіндік беру Тиімділігі: Оқушылардың кез келген шығарманың үзіндісін өз сөздерімен түрлендіріп жеткізе алу дағдыларын арттырады. «Туған жер» мәтінінен үзінді Автордың пікірін мысалдар келтіріп дәлелдей аламын

Дескрипторы: 1. Мәтіндегі негізгі пікірді анықтайды. 2. 2. Автор пікірін мысал келтіру арқылы дәлелдейді. ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы әр топ көрші топтың жұмысын дескрипторлар негізінде бағалайды. (ЖЖ) «Өзгертіп оқы» айдары Әр жұп оқулықтағы кестеге сәйкес мәтіннің екінші және соңғы абзацын үлгідегідей өзгертіп оқиды. (ЖЖ) «Түсіндір» айдары бойынша азаматтық парыз, міндет туралы соңғы абзацты оқып, түсінгендерін әңгімелейді.

Дескрипторы: 1. Мәтіннің соңғы абзацын түсініп оқиды. 3. 2. Өз жұбына әңгімелейді. ҚБ: «Смайлдер» әдісі Дәптермен жұмыс.  

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. Оқулық Жұмыс дәптерлері, Оқулық    

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ойтолғаныс кезеңі.

Дескрипторы: Тақырыпқа сай жарнама құрастырады. 4. Жарнаманы дауыс ырғағын келтіріп оқиды. «Галереяға саяхат» әдісі бойынша жұмыс нәтижелерін сыныпқа жариялайды. ҚБ: «Менің бағам» әдісі бойынша басқа топтар өзі қойған бағаға сәйкес смайлды беріп кетеді. 

Үй тапсырмасы: «Сен өз ауылыңды/қалаңды білесің бе?» тақырыбында викториналық сұрақтар дайындап жазыңдар. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Білім сандығы» кері байланыс.    

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.  

Пікірлер(0)