Өсімдікке гүл не үшін қажет?

Тукина Сауле Габдешовна
Тукина Сауле Габдешовна
Ақтөбе
Хромтау
Табантал ОМ
Жаратылыстану
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мен - зерттеушімін
Тақырып:

Өсімдікке гүл не үшін қажет?

06.01.2020
360
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2.1.1 Қоректік тізбектегі өсімдіктердің рөлін анықтау
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Өсімдіктің мүшелерін, олардың атқаратын қызметін біледі. Жергілікті өсімдіктерді атайды, өсімдік түрлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Өсімдіктің фотосинтез үпроцесінде оттек бөлінетін біледі.

Көптеген оқушылар: Өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттап, тіршілік ортасына қарай өсімдіктерді салыстыра алады, қоршаған орта жағдайына өсімдіктің бейімделуін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: Адамның өсімдіктің саналуандығына әсерін, Қызыл кітаптың өсімдіктерді қорғаудағы рөлін түсінеді.

Бағалау критерийлері   Оқушылар өсімдіктің тіршілік циклін зерттейді, тұқым қалай таралатынын түсінеді, тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттайды. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің айырмашылықтарын түсінеді. Өсімдіктерді қорғау жолын ұсынады.
Тілдік мақсаттар Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар -өсімдіктің тіршілік циклін сипаттайды; -өсімдіктердің таралу жолдарын атайды, сипаттайды; -өсімдіктерді қорғау туралы өз ұсынысын түсіндіріп, әңгімелейді. Пәндік лексика және терминология Тұқым, өскін, ересек өсімдік, солу; Көшет, ересек өсімдік. Таралу, жануарлар, адам, жел, су арқылы, өздігінен таралу. Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы Талқылау сұрақтары: Талқылау сұрақтары: Өсімдік қалай пайда болады? Әрі қарай ол қалай өсе бастайды? Өскін мен ересек өсімдікті салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз. Өсімдіктерді қалай қорғауға болады? Жануарлар өсімдіктің таралуына қалай көмектеседі?
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Бастапқы білім Өсімдіктің мүшелерін, олардың атқаратын қызметін біледі. Жергілікті өсімдіктерді атайды, өсімдік түрлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Өсімдіктің фотосинтез үпроцесінде оттек бөлінетін біледі. Өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттап, тіршілік ортасына қарай өсімдіктерді салыстыра алады, қоршаған орта жағдайына өсімдіктің бейімделуін түсіндіре алады. Адамның өсімдіктің саналуандығына әсерін, Қызыл кітаптың өсімдіктерді қорғаудағы рөлін түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Жедел жауап • Өсімдіктің қай мүшесінде жеміс пайда болады? • Жеміс қай кезде жетіледі? • Гүлдейтін өсімдіктерді ата.
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы

Өсімдіктердің кейбірі белгілі бір тіршілік кезеңінде гүл түзеді. Гүл бірнеше бөліктен тұрады. Гүлді сыртынан жасыл түсті тостағанша жапырақшалар қоршайды. Олар гүлдің ішкі бөліктерін қорғайды. Тостағанша жапырақшаның ішкі жағында түрлі түсті күлте жапырақшалар орналасады. Күлте жапырақшалардың ортасында тозаңқаптар мен жатын болады. Жатында жеміс пайда болады. Жемістің ішінде тұқым дамиды.

Дескрипторы: гүлдің құрылысымен танысады; • гүлдің өсімдік үшін маңызын біледі. Анықта Берілген сөйлемдерді оқы. Гүлдің қай бөлігінің қызметі жасырылғанын анықта.

1. Біз алыстан көзге түсеміз, ашық реңді, түрлі түстіміз.

2. Біз гүлді сыртынан қоршап, қорғаймыз.

3. Мен гүлдің дәл ортасында тұрамын. Менде жеміс түзіледі.

4. Біз көппіз әрі қапшыққа ұқсаймыз. Ойлан Көбелек гүлді қалай тауып қонады?
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырма лары.

Сергіту сәті

Сергіту сәті «Қызыл гүлім – ай»

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.  Модель жаса Гүлдің моделін жаса. Өз моделіңнің көмегімен гүлдің құрылысын және әрбір бөлігінің қызметін түсіндір.    Үй тапсырмасы: Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрап жаз. Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі.   Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім

Пікірлер(0)