Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау

Қалимолла Абай Берікұлы
Қалимолла Абай Берікұлы
Ақтөбе
Ақтөбе
Табантал ОМ
Көркем еңбек
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Дизайн және технология
Тақырып:

Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау

06.01.2020
148
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8.1.5.1 Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау 8.1.4.1 Болашақ іс-әрекеттерін анықтауда өздерінің алған білімдері мен тәжірибесін қолдана отырып шығармашылық әркеттерін жоспарлайды.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(7 минут)

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, амандасу. Қызығушылықты ояту сатысы: Сабаққа болжам жасау үшін сұрақтар беріледі: • Оқушылармен бірге графикалық құжаттарды естеріңізге түсіріңіздер. • Графикалық құжаттарға қандай құжаттар жатады? • Нобай, сызба, техникалық сурет дегеніміз не? Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу. Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа сай бейнебаян (жиналмалы қазақша үстел) көрсетіп алғанымыз жөн.
слайд

жиналмалы қазақша

үстел видеоролик

Сабақтың ортасы

(28 минут)

Оқушыларға тақтада дөңгелек үстелдің жасалу жолдарының сызбалары мен түрлерінің суреттерін көрсетемін. Сол суреттерге қарай отырып, сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін, қажет жағдайда толықтырып отырамын. Алдымен оқушыларға «Жиналмалы жер үстелі»туралы мәлімет беремін. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Оқушылар топта қазақтың дөңгелек үстелінің жасалуын талқылайды. • Үстел қандай формада болады? • Үстелдің үстіңгі тақтайы және аяқтары қандай материалдан жасалады? • Үстіңгі бетінің диаметр өлшемі қандай болады? • Үстелдің биіктігі қандай болады? • Үстел бүтін, құрастырмалы немесе жиналмалы болады ма? Оқушылар өз зерттеу нәтижелерін постер түрінде таныстырады. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жидебайда қазақтың ұлы ақыны тұрған үй бар, ол қазір музейге айналған. Ішіндегі заттар да сол қалпында сақталған. Абайдың музей-үйінің жетекшісі Нұржан Байтөстің айтуынша, бұл үйге келушілер үзілген емес, тіпті шет мемлекеттерден арнайы келетіндер де көбейіпті.(слайдтан көрсетемін) Осы арада Абай ақынның «Өзіңді бармен көзге ұрып,Артылам деме өзгеден», «Талап қыл артық білуге», «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз.»деген нақыл сөздері ойға оралады. Осы сөздерді сабағымыздың ұраны етіп алып әрі қарай жалғастырайық. Тапсырма №2. Қазақтың ұлттық ою- өрнектерін қолданып, үстелдің нобайын дайындау.

Дискрипторлар:Бұйымның сыртқы пішінін біледі; • Бұйымды орындауға қажетті материалдарды ажыратады; • Бұйымның өлшемдерін анықтайды; Мұғалім сабаққа белсене араласқан оқушыларды смайлик арқылы бағалайды.

Жиналмалы домалақ шəй стол

постерлер

Сабақтың соңы

(5-минут)

Рефлексия: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы.

 Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);

 Тілек – жұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар.

Пікірлер(0)