Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.1.1 -есептеу техникасының дамуының тарихы мен перспективасы жөнінде әңгімелеу |
| Сабақтың мақсаты | ЭВМ-нің даму тарихымен танысу. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады. |
| Бағалау критерийлері | 1. Электрондық есептеуіш машиналарды біледі 2. Дербес компьютердің даму тарихын біледі 3. Компьютердің кезеңдері туралы түсіндіреді |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - есептеу құрылғыларының даму тарихы туралы айта алады - есептеу құрылғыларының дамуын атай алады Пәндік лексика мен терминология: Қазақ тіліндеОрыс тіліндеАғылшын тіліндеСандық компьютер Цифровой компьютер digital computer ТарихИстория History КомпьютерКомпьютерComputerМеханикалық құрылғыларМеханические устройстваmechanical devices Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер: Менің ойымша … Жеке менің ойым … Менің көзқарасым бойынша … Келісесіз бе / келіспейсіз бе? Ақпаратты еңгізу (шығару) құрылғыларына … құралдар жатады |
| Құндылықтарға баулу | - білім мен ғылымды зерттеуге жағдайлар жасау. - отаншылдыққа және эстетикалық тәрбие беру. - жауапкершілікке баулу. |
| Пәнаралық байланыстар | Математика, тарих |
| Бастапқы білім | Эргономика ұғымын біледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (0-7 мин) |
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Шеңбер құру. Оқушылар берілген бейнелерді зерттеп, өз болжамдарын айтады. Осы суреттерді не біріктіретінін талқылайды. Оқушылар ой жүгіртіп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдайды Оқушылар жауабы (Бұл құрылғылардың барлығы есептеу құрылғыларының даму тарыхының белгілі кезеңдеріне байланысты) |
презентация |
|
Сабақтың ортасы (8-15 мин) |
Есептеу техникасының дамуының тарихы ЭЕМ-нің буындары көрсетіледі. Суреттер арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.
абак тобы есепшот тобы «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. 1- «Абак». ЭЕМ даму тарихы 2- «Есепшот». ЭЕМ түрлері 2 топқа берілген тақырыптарға постер қорғауды ұсынамын. Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар орындайды. |
презентация Плакаттар, суреттер, түрлі-түсті бояғыштар бейнеролик |
|
Сабақтың ортасы (16- 30 мин) |
Тапсырмалар. №1. Дәптермен жұмыс. Кестені толтырыңдар. Компьютер кезеңдеріУақытыКомпьютерді құру барысында қолданылған технология түріБірінші кезең компьютерлері Дескриптор: - компьютер кезеңдерінің уақытын жазады; - компьютерлерді құру барысында қолданылған технология түрлерін жазады. |
|
|
Сабақтың ортасы (31-36 мин) |
Қалыптастырушы бағалау. Оқушыларға берілген cілтеме бойынша, 2-3 жаттығуларды орындайды. |
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/esepteuish-texnikanyng-damu-tarixy |
|
Сабақтың соңы (37-40 мин) |
Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі бойынша оқушылар стикерлерге сабақ бойынша өз ойларын жазады. |
Алма ағашы суреті, стикерлер |
Пікірлер(0)