Алгоритм түрлері
Алгоритм түрлері
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер құруды меңгереді. Көптеген оқушылар: Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер құруды меңгереді. Кейбір оқушылар : Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: алгоритм түрлеріне берілген тапсырмаларды орындайды. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. ((3мин)) |
Оқушылармен амандасу, сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Психологиялық дайындық! Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Топтастыру. Оқушыларды алгоритм түрлерінің суреттері арқылы 3 топқа топтастырамын. 1-топ: Сызықтық 2-топ: Тармақталған 3-топ: Циклдік |
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ((5 мин)) |
Classdojo сайтын пайдалану арқылы оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау. Берілген тапсырмалардың алгоритмін құрыңдар: «Шай қайнату» алгоритмі “Гүл суару” алгоритмі “Мектепке бару”алгоритмі “Дүкенге бару” алгоритмі |
https://studio.code.org/s/aquatic/stage/1/puzzle/2 |
|
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру ((7мин)) |
Интерактивті тақтадан сабақтың мақсаты мен критерийлерін балаларға хабарлаймын. Жаңа сабақты BilimLand.kz сайтында орналасқан видеороликті көрсету арқылы «Кинометафора» әдісін пайдаланып түсіндіремін. Жаңа тақырыпты толығымен түсіну үшін тапсырмалар орындайды. Дескрипторлар • Алгоритмнің түрлерін анықтау алады; • Бос орындарға сөз қоя алады; • Ақиқат жалған екенін ажырата алады. ІV.Практикалық тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі 1 тапсырма Топтық жұмыс (3 мин) Learning app сайтында дайындалған тапсырма беріледі. Сәйкестендіру. 2 тапсырма Жұптық жұмыс (3 мин) А оқушы алгоритм жазады, В оқушы QR код астында жасырылған жауабын тексереді. Дескриптор: - Алгоритмді дұрыс құрады, - Алгоритм түрін анықтайды. 3 тапсырма Алгоритм ретін жаз Дастарқан дайындау дұрыс жолын нөмірлеу Өсімдік өсіру алгоритмін нөмірлеу Дескрипторлар • «Дастарқан дайындау» алгоритмініне мысал келтіреді; • «Өсімдік өсіру» алгоритміне мысал келтіреді. |
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-turleri |
Пікірлер(0)