Үш таңбалы сандарды қосу және азайту
Үш таңбалы сандарды қосу және азайту
| Оқу мақсаттары: | 3.1.1.2 үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру; 3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; 3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу. |
| сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар: үш таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады; Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды ауызша орындайды. Кейбір оқушылар: Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табуды біледі. Көпшілік оқушылар: Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауды түсіндіре алады. |
| Тірек білім, білік, дағды: | Дағдыларын дамыту: 1000 көлеміндегі сандарды оқи алады. Пәндік лексика және терминология: Разряд. ондықтар, жүздіктер, бірліктер, мыңдықтар. Үш таңбалы сандардың ондық құрамы. Үш таңбалы сандардың қосу және азайту амалдарын орындау тәсілдері. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Санды разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу дегеніміз не? Разряд бойынша қосу (азайту) дегеніміз не ? Үш таңбалы сандарды қалай қосуға болады? Жазылым: Сандық және әріптік өрнектерді жазу.
|
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
сабақтың басы: (6мин.) |
Ынталандыру. Ауа райын білу не үшін қажет? Нақты ауа райы туралы мәліметті білгеніңіз көптеген қиындықтан сақтауы мүмкін (ең аз дегенде – бұл аяқ киімнің су болып қалуынан, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындардан сақтайды және т.б.). Сол себепті ауа райы туралы мәлімет нақты және сенімді болуы өте маңызды. Метеорологтардың нақты ақпараты – әуетранспорт қызметінің сәттілігінің кепілі. Климаттық жағдайы қауіпті және табиғи апаттар болуы мүмкін аймақтарда ауа райын білу өте маңызды. Өзектендіру. Топтық жұмыс (әртүрлі мөлшердегі және түрлі түсті геометриялық фигуралар, табиғи материалға – бұршақ, түрлі жаңғақтар, қақпақтар, түймелер және т.б. жатады). Балалар оқулықтан 1-тапсырманы орындайды. Мысалы, 324 санын былай қоюға болады: Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Оқушылар топпен жұмысты жалғастырып, оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды жалғастырады, сандар сәулесінен жиындар шешімін атап, көрсетеді, осы жиынның 5 санын атайды. Оқушылардан бүгін қандай сандармен жұмыс жасайтындарын сұрайды (үш таңбалы). |
|
|
сабақтың ортасы: (20мин.) |
Жаңаны ашу. Жаңа тақырып бойынша бейнебаянды (1,13мин) көрсетеміз. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/246-347-593-246-turindegi-ush-tangbaly-sandardy-zhazbasha-qosu-zhane-azajtu?mid=f8e43bf0-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe 2-тапсырма: оқушылар есептеулерін түсіндіріп және балалардың есептеу алгоритмдерін ауызша айтады. 678+2=670+(8+2)=670+10= 791+9=790+(1+9)=790+10= Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. 3(а)-тапсырма: оқушылар есептегендерін кезекпен айтып түсіндіреді. 576+4 593+7 3+547 7+123 4-тапсырма: оқушылар есептеуді орындауда толық ондыққа дейін толықтыруды қолданғанның тиімді екендігін бақылап байқаулары қажет 5-тапсырма: оқушылар есепті шығарады. Берілгенге кері есеп құрастырады және өзінің пайымдауының дұрыстығын дәлелдейді. |
|
|
Өзіндік жұмыс: (5мин.) |
Өзіндік жұмыс Мұғалім дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады. Бағалау критерийлерін қарайды. Мен: -үш таңбалы сандардың ондық құрамын жазуды білемін; -1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде қоя аламын; -1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде азайтамын. Өткенді қолдану. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау ұсынылады. |
|
|
Кері байланыс: (3мин.) |
Кері байланыс. «Жетістік сатысы» |






Пікірлер(0)