1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау
1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау
| Оқу мақсаттары: | 3.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру 3.4.3.1 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау 3.4.3.2 өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу |
| Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар: санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру. Кейбір оқушылар: Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру. Көпшілік оқушылар: Көптаңбалы сандарға өзінің графикалық моделін ұсыну. |
| Тілдік мақсаттар: | Дағдыларын дамыту: 1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санауды біледі. Пәндік лексика және терминология: Мың, 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру, разрядтар мен кластар. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Бірліктер класының разрядтарын ата. Мыңдықтар класының разрядтарын ата. Көптаңбалы санды қалай дұрыс оқу керек? Жазылым: Көптаңбалы сандарды жазу. |
| Тірек, білім, дағды: | Үш таңбалы сандардың нумерациясы. Разрядтар. Кластар. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы: (9мин.) |
Ынталандыру. - Біздің ғаламшардың өсімдік әлемі алуан түрлі. Түрлі өсімдіктердің мыңдаған және миллиондаған түрлері бар. Өсімдіктердің түрлерін санау үшін математикалық білім де қажет. Өз біліміңізді толықтыруға дайынсыз ба? Өзектендіру. Оқулықтағы 1-тапсырма: Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап алады да үш таңбалы сан құрайды, жазылған сандарда барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды. Оқулықтағы 2-тапсырма: Оқушылар кестедегі сандарды оқып, әр разрядтың бірліктер санымен разрядтық қосылғыштар санын санайды. Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 3-тапсырма: оқушы мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді: – Мәтінде қандай сандар кездесті? – Сендерге қай сандар таныс, ал қай сандар таныс емес? |
|
|
Сабақтың ортасы: (20мин.) |
Жаңаны ашу. Видео көрсету 2.20 мин. Топтық жұмыс. Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы, бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санап, орындайды және мыңдықтар класымен, көптаңбалы сандарды оқу ережесімен, көптаңбалы сандарды оқу ережесін есте сақтауды жеңілдететін тәсілмен танысады. Жұппен жұмыс. 5-тапсырма: оқушылар бір таңбалы сандардың оң жағына нөлді (екі нөл, үш нөл, төрт нөл, бес нөлді) тіркеп, шыққан сандарды оқиды. 6-тапсырма: оқушылар тапсырманы разрядтар мен кластар кестесі бойынша оқиды, көптаңбалы сандарды салыстыру ережесін тұжырымдайды, тапсырмадағы берілген санды салыстырады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. 7-тапсырма: оқушылар үлгі бойынша сандар моделін құрастырады. Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек: – санның барлық цифларының астын сызамыз – бұл бірліктердің саны; – бірліктен басқа цифрлардың барлығының астын сызамыз – бұл ондықтардың саны; – бірліктер мен ондықтардан басқа барлық цифрлардың астын сызамыз – бұл жүздіктер саны. |
|
|
соңы: (9мин.) |
Өзіндік жұмыс: АКТ мен тапсырманы жеке жеке орындау. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/4-synyp/koptangbaly-sandardy-oqu-zhazu-zhane-salystyru?mid=ee362a11-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/4-synyp/koptangbaly-sandardy-oqu-zhazu-zhane-salystyru?mid=ee362a12-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
|
|
|
Кері байланыс: (3мин.) |
Кері байланыс. «Жетістік сатысы» |
|
|
Үйге тапсырма: (2мин.) |
8-тапсырма, 19-бет |
Пікірлер(0)