Шамалар арасындағы тәуелділік

Байтымбетова Гаухар Курманалиевна
Байтымбетова Гаухар Курманалиевна
Шымкент
Шымкент
№62 ЖОББМ
Математика
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Аудан. Шамалар
Тақырып:

Шамалар арасындағы тәуелділік

14.01.2020
156
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

3.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (мм,см, дм, м)/ масса (г, кг, ц, т)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ аудан ( см2, дм2, м2,)/ уақыт (сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

Бағалау критерийлері:

Ауданды қалай өлшеу керек екенін біледі; Өлшеу нәтижелерін дұрыс жаза алады;

Тілдік мақсаттар:

Тілдік дағдылар: Шамалар арасындағы тәуелділікті қалыптастырады: баға, құн, сан.

Терминология: Шамалар арасындағы байланыс, сызба, қысқаша жазбалар. Сөз тіркестері: БАҒА, САН, ҚҰН туралы түсінік.

Талқылау: Түсінік деген не? Басқа екі шаманы біліп тұрып, бір шаманы қалай табуға болады?

Жазылым: сызба, қысқаша жазба, шешім, есептің жауабы

Құндылықтарды дарыту:

Отбасы мүшелерін құрметтеу, сыйлау.

Пәнаралық байланыстар:

Жаратылыстану.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім:

Аудан түсінігі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Басталуы:

(5мин.)

Ынталандыру.

– Сіз бір нәрсе сатып алдыңыз ба?

– Қандай ақшалар мен тиындарды білесіздер?

– Қайтқан ақшаны санадаңыздар ма?

–Дүкенде математика сабағында алған білімің қажет пе?

1-тапсырма: кітаптағы суреттерді қарап, 500 теңгеге өздері сатып ала алатын тағамдарды таңдайды, жалғасы суретте.

Сандар жазылған қима қағаздар

Ортасы:

(20мин.)

Өзектендіру.

Оқушыларға ойыншық ақшалар мен тиындар таратылады, топпен «Дүкен» ойынын ойнау ұсынылады.

Математикалық диктант 60 санына 2 мен 3 сандарының көбейтіндісін қос; (60+2*3=66) 48 санынан 4 пен 2 сандарының көбейтіндісін азайт; (48-4*2=40) 6 мен 2 сандырының көбейтіндісін 3- ке бөл; (6*2/3=4) 100-ден 2 мен 10 сандарының көбейтіндісін азайт; (100-2*10=80);

Өзектендіру

1-тапсырма: берілген суреттерді қарап, әр алаңға салу үшін қанша тақтатас кететінін санайды. Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 2-тапсырма: кестені толтырады. Бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған заттардың жалпы сомасы белгілі. Осы ақшаға қанша кәмпит алынғанын анықтайды.

Өзіндік жұмыс

Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындайды.

2-(а) тапсырмада – тіктөртбұрышта қанша қатар бар екенін, бір қатарда қанша торкөз барын, тіктөртбұрышта, квадратта қанша торкөз барын санайды.

2-(ә) тапсырмада – тіктөртбұрышта қанша баған бар, квадратта қанша баған барын, барлығында қанша баған барын санайды. Оқушылар санаудың екі әдісінің нәтижесін салыстырады.

3-тапсырмада оқушылар өрнектің мәнін есептеп шығарады, сандық өлшемдермен ұсынылған, ауызша көбейту алгоритмін сақтай отырып, өрнектің қосындысы мен айырымын, көбейту кестесін білетіндер көбейту мен бөлу амалдарына арналған білімді пайдаланады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

6-тапсырма: жұппен орындайды, сызба суреттен есеп құрастырады, есептерді шығарады, өз шешімдерін бір-біріне түсіндіреді.

8-тапсырма: топта орындайды. Топтағы әр оқушы бір сатып алудың сомасын біледі және тапсырмадағы берілген кесте бойынша есеп құрастырады.

Өткенмен жұмыс

9-тапсырма: зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар тиынның өтірік екенін білу үшін оның салмағын өлшеу керек, ол өте жеңіл болады. Барлығы 8 тиын. Оқушылар өздерінің тұжырымдамасын: Алғашқы өлшеу кезінде таразының әр басында 4 тиыннан бар, ең аз салмақты 4 тиынды таңдайды. Екінші өлшеу кезінде таразының әр басында 2 тиыннан, ең аз салмақты 2 тиынды таңдайды. Үшінші өлшеу кезінде 2 тиынды өлшейді, ең жеңілі өтірік тиын.

Аяқталуы:

(2мин.)

Рефлексия.

– Сабақта ең маңыздысы не болды?

– Не қызықтырды?

– Бүгін сабақта алған білімің қай жерде іске асуы мүмкін?

Қосымша ақпарат

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Файлдар:

Файлды ару Шамалар арасындағы тәуелділік

Пікірлер(0)