Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі
Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру. 5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау. |
| білімділік мақсаты: | Барлық оқушылар: Сарматтардың шығу тегін біледі және түсіндіре алады. Оқушылардың басым бөлігі: Сарматтардың көрші елдермен саяси және сауда қарым қатынасына өз ой-пікірлерін білдіреді. Кейбір оқушылар: Басқа тайпалық одақтардың қоғамдық құрылысын салыстырып, ажырата алады. |
| Ойлау дағдыларының деңгейлері: | білу,түсіну. |
| мақсаты: | 1.Сарматтардың шаруашылығын сипаттайды және қоғамдық құрылысын түсіндіріп бере алады. 2.Сарматтардың қолданбалы өнер ерекшеліктеріне талдау жасауда көрші елдермен қарым-қатынасын сипаттай алады. 3.Сарматтардың қоғамдық құрылысын басқа тайпалық одақтармен салыстыра отырып анықтайды Негізгі сөздер мен тіркестер: Төменде берілген сөздердің мағынасын ашады. Тірек сөздердің мағынасын ашады: Совраматтар- Сарматтар. Демократия- (сөзі гректің demos- халық және kratos-билік ) деген сөздерінен шыққан, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Полихромдық стиль - зерлеу әдісі бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.(жазылым) Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер. Сарматтар жөнінде электронды оқулықпен жұмыс жасайды ( тындалым ) Талқылауға арналған тармақтар: Сарматтардың қоғамдық құрылысы қандай дәрежеде еді? -деген сұрақтың мазмұнын мәтінді оқу арқылы ашып, ой-пікірлерін топтар бір –біріне айтады. (оқылым,айтылым) |
| Құндылықтарға баулу: | Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы. |
| Пә Пәнаралық Ба байланыстар | қазақ әдебиеті, география,бейнелеу, музыка. |
| Бастапқы білім | “Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы”. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: (5мин.) |
Шеңберге тұру арқылы, әнұран мен бастау, “Қазақ тайпалары” арқылы бөліну. 1топ Сақ тайпасы. 2топ Үйсін тайпасы. 3топ Сарматтар тайпасы. |
Қазақстан тарихы 5 сынып. НИШ 2017ж. С Ахметова А.М. Ибраева А.А.Құлымбетова. Ноутбук, суреттер, карталар, маркерлер мен стикерлер,постер лер. |
|
Үй тапсырмасы: (5мин.) |
“Сағат тілі ” әдісі арқылы “ Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасын” анықтау. |
|
|
бағалау: (2мин) |
Ф:/ (жарайсың, керемет, өте жақсы) бағалау. |
|
|
Сабақтың ортасы: (15мин.) |
Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы тақырыбында “Джиксо” әдісі арқылы топтасып жұмыс жасату: Топтық жұмыс 1топ Cарматтардың шаруашылығын және қоғамдық құрылысын баяндайды. 2 топ Сарматтардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін,көрші елдермен қарым-қатынасын баяндайды. 3 топ Сарматтардың қоғамдық құрылысын басқа тайпалық одақтармен салыстара баяндайды. (Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма). Дескриптор: 1. Сарматтардың шаруашылығын сипаттады және қоғамдық құрылысын түсіндірді. 2.Сарматтардың қолданбалы өнер ерекшеліктеріне талдау жасады, көрші елдермен қарым-қатынасын сипаттады. 3.Сарматтардың қоғамдық құрылысын басқа тайпалық одақтармен салыстыра отырып анықтады. “Сематикалық” картамен жұмыс. Ф: /Смаиликтер арқылы бағалау. |
|
|
соңы: (2мин.) |
Кері байланыс: Б.Б.Б әдісі стикерді толтыру, алма ағашы |

Пікірлер(0)