Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері.

Рахметова Гульбакит Алпысбаевна
Рахметова Гульбакит Алпысбаевна
Ақмола облысы
Көркем а.
КГУ «Коркемская основная школа»
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Тақырып:

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері.

16.01.2020
297
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
  1. 5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу; 5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу; 5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу;  
Сабақтың мақсаты:
  1. Барлық оқушылар: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін анықтай алады. Көптеген оқушылар: Сандардың ортақ бөлгіштері мен сандардың ортақ еселіктерін таба алады. Кейбір оқушылар: Натурал сандардың ортақ бөлгіштері мен сандардың ортақ еселіктерін түсіндіре алады.  
Тілдік мақсаттар:
  1. Натурал сандардың бөлінгіштігі. Натурал сандардың бөлгіштері. Натурал сандардың еселіктері.Сандардың ортақ бөлгіштері, еселіктері
Күтілетін нәтиже:
  1. Натурал санның бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды. Сандардың ортақ бөлгіштерін табады. Сандардың ортақ еселіктерін табады.  
Бағалау критерийлері:
  1. Натурал санның бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды. Сандардың ортақ бөлгіштерін табады. Сандардың ортақ еселіктерін табады.  
Құндылықтарды дарыту:
  1. Сын тұрғысынан ойлауға , жауапкершілік , сыйластық , өзара қарым-қатынас жасау және өмір бойы білім алу құндылықтарын қалыптастыру.
АКТ-ны қолдану дағдылары:
  1. Интербелсенді тақтадан фильм көру.
Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану , математика

Бастапқы білім:
Натурал сандарды көбейту және бөлу. Сандардың бір-бірінен есе кем , есе артық екенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(4 минут)

  • Психологиялық ахуал: Шаттық шеңбері. Шаттық шеңберіне тұрып оқушылар өздері қолдарынан ұстау арқылы алақандарын тигізіп , бір-біріне жақсы тілек айтады. Шағын топтарға біріктіру. Тақ сандар мен жұп сандар жазылған стикерлер арқылы шағын топтарға біріктіру  

Сабақтың ортасы

(28 минут)

  1. Бейне жазба:

5e1fefa731722.png

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

5e1feff94d3e0.png

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. 1-жаттығу./ 1 – топ/ Сандарды олардың еселіктерімен байланыстырыңыз.  

5e1ff01a04240.png

Дескриптор: -Сандардың еселіктерін анықтай алады. -Сандардың ортақ еселіктерін анықтай алады. 4-жаттығу. /2- топ/ Берілген сандардың бөлгіштерін таңдаңыз  


5e1ff05254a4f.png


Дескриптор: - Берілген сандардың бөлгіштерін анықтай алады. -Берілген сандардың ортақ бөлгіштерін анықтай алады  


Басбармақ» тәсілі арқылы бағалау.

5e1ff07fba51d.png

Бүгінгі бейне жазбалардан нені көрдіңдер? Жаттығулардан нені байқадыңдар ? Олай болса , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы екен? (Сабақтың тақырыбын

оқушылар ашып айтады.) Ережелерімен танысты.  

   1-тапсырма а)3, 7, 10, 15 , 18 ,30 ,84 сандарының ішінен 1)21 –дің бөлгіштерін ; 2)90 – ның бөлгіштерін ; 3)2- нің еселіктерін ; 4)5- тің еселіктерін теріп жазыңдар. Дескриптор: -Берілген сандардың бөлгіштерін таңдайды. -берілген сандардың еселіктерін таңдайды. б)18 асықты асық саны өзара тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады ? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін? Дескриптор: - Берілген санның бөлгіштерін таңдайды. - Әрбір үймеде неше асықтан болатынын дұрыс анықтайды. в) Әуелде аялдамаға автобус пен троллейбус қатар тоқтады. Автобус аялдамаға 1 сағ 30 мин уақыт өткен сайын бір келіп тұрса , троллейбус 1 сағ уақыт өткенде қайтып келіп тұрады. Автобус пен троллейбус аялдамада қанша уақыттан соң бір- бірімен кездесіп отырады ? Дескриптор: -Мәтіндік есептің мазмұнын оқып түсінеді. -Мәтіндік есептің берілген қысқаша жазады. - Сағатты минутқа дұрыс айналдыра алады. -Сандардың ең кіші еселігін анықтай алады. - Минутты сағатқа дұрыс айналдыра алады. -Жауабын жазады. (ҚБ) Жұпта дәптерлерін алмастыру арқылы дескриптормен (баллдық жүйемен) бағалайды. Сергіту сәті. «Көңілді күн» Жұппен жұмыс : «Ойлан , тап !» ойыны № 177 1)45-ке бөлгіш және 5- ке еселік; 2)92-ге бөлгіш және 23-ке еселік 3)120-ға бөлгіш және 30-ға еселік ; 4)34- ке бөлгіш және 17- ге еселік сандарды жазыңдар. Дескриптор: -Берілген санның ортақ бөлгіші мен еселігін анықтайды. - Берілген санның ортақ бөлгіші мен еселігін жазады. ҚБ: «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалау  






Сабақтың соңы

(8 минут)

  1. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытын-дылау. Рефлексия: «Тазалық»  5e1ff11cdd2ca.png

Рефлексия

  1. Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?    

Пікірлер(0)