Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері

Егізбай Ақбота Жұманазарқызы
Егізбай Ақбота Жұманазарқызы
Ақтөбе
Ақтөбе
Калыбайская ОШ
Алгебра
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Сандар тізбегі
Тақырып:

Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері

18.11.2019
841
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.3.2 тізбектің n – ші мүшесін табу, мысалы: 1/23 ; 1/34;1/45.....;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Сандар тізбегінің анықтамасын, мүшелерін, тізбекті беру тәсілдерін, тізбектің түрлерін, n – ші мүшесін анықтау, мысалдар келтіру.

Оқушылардың басым бөлігі: Сандар тізбегінің анықтамасын, мүшелерін, тізбекті беру тәсілдерін, тізбектің түрлерін білу, есептер шығаруда қолдану

Кейбір оқушылар: тізбектің n –ші мүшесін табуға күрделілігі жоғары есептер шығару   

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(3 мин)

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, бүгінгі сабаққа бір – біріне математикалық тілек білдіреді. Оқушылардың қолына СМАРТ БЕЙДЖ картасын ұсыну және таныстыру.   


СМАРТ БЕЙДЖ картасында көрсетілген шеткі нөмер арқылы топқа бөлінеді. Ақ қалпақ түскен оқушылар топ басшысы болады.   

bilimland.kz сайтынан видеоролик

Сабақтың ортасы

(35 минут)

Өтілген материалды еске түсіру (дереккөз тәсілі )   


«Миға шабуыл» әдісі СМАРТ БЕЙДЖ картасында қара дөңгелекте белгіленген сандар бойынша топ мүшелері жауап береді.

Қорытынды тәсілі арқылы саралау, оқушылардың нәтижесін және қажеттілін ескеру

1. Өсу ретімен алынған тақ сандар тізбегін ата

2. Өсу ретімен алынған жұп сандар тізбегін ата

3. Натурал сандардың квадраттары

4. Натурал сандар кубтары тізбегі

5. Бір ғана бестіктерден тұратын сандар тізбегі

6. 20- ға дейінгі 3- ке бөлгенде 2 қалдық қалатын сандар тізбегі

7. 20-ға дейінгі тақ жай санадар тізбегі

Жеке жұмыс: Деңгейлік тапсырма

Тапсырма тәсілі арқылы саралау «+,-» әдісі арқылы бағалау

Дескриптор -

сан тізбегінің түрін анықта

- тізбектің жалпы мүшесін мүмкіндігінше қарапайым формуламен көрсетеді.

- Жауабын жазады.

№1(А) Төмендегі рекурренттік тәсілмен берілген тізбектердің алғашқы бес мүшесін жазыңдар:

1) a1 ═ 1; a n+1 ═ an+3;

2) a1 ═ 2; an+1 ═ 3 an

№2(В) Төмендегі тізбектерді жалғастыр және жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар:

1) 2; 4; 6; 8; …

2) 1; 1/4; 1/9; 1/16; ...

№ 3(С) 1) Мүшелері 3-ке еселік болатын 30-ға дейінгі сандар тізбегін жазыңдар.

2) 4-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең болатын натурал сандар тізбегін жазындар.

Жұптық жұмыс «Тыңда, ойлан, жаз» әдісі «Біз сіздерді, сіздер бізді» әдісі арқылы бағалау Диалог және қолдау көрсету тәсілі

Тапсырма: Заңдылықты анықтай отырып, тізбектегі келесі екі санды табыңыз:

1. 6,4,10,8,14...

2. 3,6,12,24,48...

3. 0,3,8,15,24...

4. 5,8,11,15,19...

Топтық жұмыс « Ротация» әдісі

 « Келісемін, келіспеймін!» әдісі арқылы бағалау

Тізбектің түрін анықтаңыз    


Сандар тізбегіӨспелі КемімеліШектіШексізТұрақты27.9.3.1....




2.3.5.6.7.8....20




5.5.5.5.5.5.5.5




Қалыптастырушы бағалау 

Тапсырма: тізбек берілген 1\1; 3\4; х; 7\16

Тізбектің мүшелерінің өзгеру заңдылығын сипаттаңыз. Тізбектің х- белгісіз мүшесін табыңыз. Тізбектің n – ші мүшесінің формуласын жазыңыз.

Дескрипторлар:

- Тізбектің мүшелерін салыстырады;

- Тізбектің мүшелерінің өзгеру заңдылықтарын анықтайды және сипаттайды;

- Тізбектің белгісіз мүшесін табады;

- Заңдылықты тізбектің n – ші мүшесінің формуласы арқылы жазады   

Топтық жұмыс «Мазайка құрастыру» әдісі

Дереккөздер саралау тәсілі «дұрыс, бұрыс» әдісі арқылы бағалау

1-мысал. Натурал сандар қатарының квадраттарынан тұратын тізбекті жазайық.

Шешуі. Ол үшін натурал сандар қатарының әрбір мүшесін квадраттау қажет.

Сонда 1; 4; 9; тізбегін аламыз.  

2-мысал. an ═ 3ⁿ+290.

Берілген формула бойынша тізбектің кез келген мүшесін анықтауға болады.

Мысалы, егер n ═ 11 болса, онда 2048+290=2338 (аумағы);  

3-мысал. Тізбекті an +1=4an – 1 рекурренттік формула түрінде берілген және а1 ═ 1. тізбектің бесінші мүшесін табу керек.

Шешуі.

а2 ═ 4а1 – 1= 4 ∙ 1 –1= 3,

a3 ═ 4а2 – 1= 4 ∙ 3 –1= 11,

а4 ═ 4а3 – 1= 4 ∙ 11 –1= 43,

а5 ═ 4а4 – 1= 4 ∙ 43 –1= 171.  

5dd285f400147.png 5dd2863b7e263.png 5dd2864b6d7e9.png

Сабақты бекіту, қорытындылау

Тест тапсырмасы ( қарқынды саралау тәсілі)

Егер тізбек аn = 2п3 -3п формуласымен берілсе, оның екінші мүшесін табыңыз.  

А) 10; В) 12; С)15; Д) 16; Е)20.

2. Тізбектің үшінші мүшесін тап: аn = n 3+1

А) 1; В) 14; С) 2; Д) 28; Е) 7.

3. аn = п2 - п тізбегінің тоғызыншы мүшесін табыңыз.

А) 49; В) 80; С) 27; Д) 77; Е) 72.

4. аn = 3п +2 болса бесінші мүшесі нешеге тең?

А) 15; В) 16; С) 17; Д) 18; Е) 20.  

Рефлексия

Ақтөбенің 150 жылдығы « Бұрын кейін» әдісі   

5dd286d076e9a.png 5dd286e058e6c.png

Мозайка Ақтөбенің суреті   




Тест тапсырмалары



Ақтөбенің суреті 

Қосымша ақпарат

<p>Үйге тапсырма №163</p><p> Бағалау - мақтау, мадақтау.&nbsp; &nbsp;&nbsp;</p>

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру