Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»

Бектуреева Алма Султановна
Бектуреева Алма Султановна
Шымкент
Шымкент
№62 ЖОББМ
Биология
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Молекулалық биология
Тақырып:

Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»

20.01.2020
228
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 ДНҚ-ны құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу

Сабақтың мақсаты:

 Барлық оқушылар:

- ДНҚ құрылымының негізгі қағидаларын біледі;

- ДНҚ молекуласының қос спиралді құрылымын сипаттай алады; Көпшілік оқушылар:

- Моделді жинау барысында және ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер санын, олардың пайыздық % шамасын есептеу барысында ДНҚ құрылымының негізгі қағидаларын пайдаланады;  

Бағалау критерилері:

 • Негіздердің комплементарлы қағидаға сай байланысуын ДНҚ моделін жасауда пайдаланады және түсіндіреді;

• Комплентарлық қағиданы пайдаланып, ДНҚ-ның тізбегін құрастырады;  

Тілдік мақсаттары:

 Оқушылар орындай алады:

ДНҚ моделін құрастыра отырып, оның ұзындығы мен енін есептей алады және түсіндіреді.(тыңдалым және жазылым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология: шиыршық, комплементарлы, аденин, гуанин, тимин, цитозин, нуклеозид, нуклеотидтер, қант-фосфорлы қаңқа және т.б.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы ДНҚ ... шиыршықты.

ДНҚ биополимер, оның мономері ..... болып табылады.  


Дағдылар:

 Білу, түсіну білімді қолдану

Құндылықтарды дарыту:

 Жеке бас қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын және құзыреттілігін дамыту.

Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу, қоршаған ортаның пікірлеріне құрмет және басқалардың алдын да өз міндеттері үшін жауапкершілігін түсіну, тұлғааралық құзыреттіліктерді дамыту.

Басқа оқушылардың пікірін және әрбір идеяның құндылықтарын ескере білу.

Пән аралық байланыс:

 ДНҚ ұзындығын, ДНҚ-дағы нуклеотидтер құрамының %-ын анықтау барысында математикалық есептеулерді тиімді қолдана алады

бастапқы білім:

 Оқушылар 8-сынып курсынан әр соматикалық жасушаның ДНҚ тұратын гомологиялық хромосомдары болатынын біледі. Олар 9-сынып курсынан хромосамалардың гаплоидты жиынтығының диплоидтыдан айырмашылығын түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

сабақтың басы:

(7-25мин)

 Комплементарлық принципі туралы білімін тексеріңіз. 

    Оқушыларды 3 топтағы топтарға бөліңіз. ДНҚ үлгісін жасау әдісін таңдауға болады. Оқушылармен модель жасау кезінде қандай ережелерді негізге алу қажеттігін талқылайды. Топтық жұмысты бағалау критерийлері:

• Топта жұмыс істей білу: жұмыстың барысын талқылау, жауапкершілікті белгілеу, оларды орындау.

• ынтымақтастықтың жеке қасиеттерін, табандылығының, жауапкершілігін көрсетеді.

• Жұмысты аяқтауға арналған қадамдар жоспарға және орындалу уақытына (жұмыс уақытында аяқталады) сәйкес келеді.

• өзін-өзі бақылау тәсілдерін, өзін-өзі бағалауды (рефлексия) иеленеді.   

Видео көрсетеміз 44сек

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/genetika-zhane-suryptau-negizderi/ozgergishtikting-negizgi-zangdylyqtary/lesson/gen-dnq-nyng-qurylymdyq-zhane-funkczionaldyq-birligi

5e254a00b8007.png

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/genetika-zhane-suryptau-negizderi/ozgergishtikting-negizgi-zangdylyqtary/lesson/gen-dnq-nyng-qurylymdyq-zhane-funkczionaldyq-birligi

5e254a2198e25.png

(G) ДНҚ-ның моделін жасау. Ол үшін ДНҚ үлгісіне қажетті материалды таратады. Оқушылар нұсқауларды орындап, модельді құрастыру үшін ДНҚ құрылымын қалыптастырудың алдын-ала үйренген принциптерін қолданады. ДНҚ үлгісін басқа топтар алдында қорғау.

Оқушылармен жұмыс қорғауда бағалау критерийін анықтау.

Бағалау критерийі: 

Дискриптор: комплементарлық принцип сақталған материалды пайдаланады қауіптілік көздерін анықтайды  моделді жинайды.

Оқушылар топтық модельдерді бағалауға және жақсартуларды ұсынуға кеңес беріңіз. 


Файлдар:

Файлды ару Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»

Пікірлер(0)