Фигуралардың теңдігі
Фигуралардың теңдігі
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 7.3.1.7 тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану; 7.3.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу; |
| Сабақтың мақсаты: | - тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану; - берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу; - дәлелді пайымдаулардың алғашқы дағдыларын қалыптастыру және дамыту. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Фигураның элементтерін ауызша анықтай алады, айырмашылық түрлерін және әр қайсысының қасиеттерін ауызша да, жазбаша да сипаттай алады. Лексика мен терминология Үшбұрыштың түрлері: Бұрыштың түрлері: сүйір, тік, доғал. Төбелері, қабырғалары, катеттері, гипотенуза. Ұзындығы, өлшемі Тең, қарама-қарсы, тең емес Диолог/хатқа пайдалы көмекші сөздер Бұл қандай үшбұрыш? Бұл тік бұрышты/теңбүйірлі/доғал/ сүйір/ тең қабырғалы үшбұрыш. Сен қайдан білесін? ..........үшбұрыштың қандай қасиеттері бар? |
| Күтілетін нәтиже: | Осы тақырыпты толығымен меңгеруі оқушының |
| Бағалау критерийлері: | Оқушы мақсатқа жетеді, егер: Фигуралар теңдігінің анықтамасын білсе, үшбұрыштардың түрлері мен оның элементтерін ажырата алса. Өмірден мысал келтіре білсе. |
| Құндылықтарды дарыту: | Тапсырмаларды орындау арқылы еңбекқорлықты қалыптастыру; дәлелді сөйлеуді, түсіндіру, орындаған амалдарды негіздеу, нәтижеге қол жеткізе білу, ынтымақтастық, өзіне және қоршаған ортаға деген құрмет. Құндылықтар жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында дарытылады. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | жеке жұмыс жасай білу |
| Пәнаралық байланыс: | Оқушыларда кеңістікте ойлау қабілеті және геометриялық фигураларды құрастыруы дамиды, бізді қоршаған өмірмен байланысын зерттейді. |
| Бастапқы білім: | Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың қасиеті, бұрыш, перпендикуляр түзулер. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (20мин) |
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру. Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтау. https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/ushburysh-berilgen-ushburyshqa-teng-ushburyshtyng-boluy?mid=226:simple 1. Стартер: сыныптың ішінен тең фигураларды анықтау және не себепті олар тең екенін? 2 мин 2. Тарихтан. 1-2 мин. 3. Фигуралар теңдігінің анықтамасын енгізу. Оқушыларды терминдермен таныстыру. 1 мин
|
|
|
Сабақтың ортасы (22мин) |
4. Жаңа тақырыпты меңгеру. Талқылай отырып, дәптерге қысқаша мағлұмат жазу 1. Тапсырманы ауызша орындау 2. Өмірден мысал келтіру. 3. Үшбұрыш элементтерін ажыратып алу. 4. Үшбұрыштар теңдігінің анықтамасын жазып алу. 5. №8 аксиоманы жазу. 6. Тең геометриялық фигураларға өмірден мысал келтіру. 5. Активити. (жұптық жұмыс) Оқушылар жаңа тақырып бойынша ағылшын тіліндегі мысалды талдап, логикалық тапсырмаларды орындайды. Оқушылар тапсырмаларды бітірген соң, өзін-өзі бағалауын жүргізеді. 6. Жұптық жұмыс. Ағылшын тіліндегі мәтінмен жұмыс жасау, тапсрымаларды орындау. Мұғалімнің көмегі және қолдау көрсете алатын жолдасының көмегі. Бағалау – мұғалімнің қадағалауы арқылы және берілген жауаптары арқылы. 7. Жеке тапсырма. Өзіндік жұмыс. Ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындау. Өзін-өзі бағалауын жүргізу. |
|
|
Сабақтың соңы (1мин) |
Үй жұмысы Теорияны жаттау. |
|
|
Рефлексия (1мин) |
Рефлексия. • Мен өз жұмысыммен сабақ үстінде… • Қиын болды…. • Өз сыныптастарымды мақтай аламын… • Сабақтың материалы мен үшін…. |

Пікірлер(0)