Әңгіме оқимын.Сөйлем.

Альянова Жанат Рамазановна
Альянова Жанат Рамазановна
Ақтөбе облысы
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Тағам және сусын
Тақырып:

Әңгіме оқимын.Сөйлем.

23.01.2020
114
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):




1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу    


Сабақтың мақсаты:


Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.                  





Тілдік мақсаттар:

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: ұлттық тағам 

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Тағам-еда –

Нан-хлеб-

Сүт-молоко-

Сөз-слова-                         




Күтілетін нәтиже:



Бағалау критерийлері:

Тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет қолданып жеткізеді

Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды.

Тақырыпқа байланысты керекті сызбалар қолдана отырып сөйлемдер құрастырады және жазады

Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тыныс белгілерін қояды  


Құндылықтарды дарыту:

Әдептілікке,ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу


АКТ-ны қолдану дағдылары:

(сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) Аудио, видео жазбаларын пайдаланамын. Сабақта АКТ дағдысын дамытуға ықпал етеді


Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану,бейнелеу,дүниетану,қазақ тілі


Бастапқы білім:

      Әріптен сөз, сөзден буын , сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін шығатынын біледі


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Келген қонақтармен амандасу. Музыка сүйемелдеуімен 3 тілде амандасу. Топқа бөлу:

Бауырсақ ертегісінің сурет қиындылары арқылы топқа бірігу.

-Балалар, әр топтағы құрастырған суреттерден не айтуға болады?

-Дұрыс айтасыңдар! Бұл «бауырсақ» ертегісі.

-Осы бауырсақ ертегісін бәріміз білеміз бе? -

Жаңа бөліміміз «Әңгіме оқимын». Бүгінгі оқитын ертегіміз «Бауырсақ»  

Шаттық шебері суреттер    




Сабақтың ортасы


«Сократ шеңбері»әдісі.Ертегіні тыңдау,жалғастырып айту.

(Ұжымдық жұмыс/Саралаудың «Жалпы тапсырма» тәсілі /Тыңдалым және айтылым.Оқылым.Жазылым.)

Айтылым. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

Оқылым. 1-жаттығу. Ертегіні оқы.

Ертегі не туралы?

Ертегінің өзің ары қарай жалғастырып көр.

Топтық жұмыс. Ертегіні сурет қолдана отырып коллаж жасау .

Жұмыстарын топта жариялатып, бағалау жұмысы жүргізіледі.

Дескриптор: 1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды.

2. Ертегіні оқиды.

3. Жұмыстарын топта жариялайды.

Кері байланыс: «Басбармақ»

«Сен маған, мен саған ...» әдісі. 2-жаттығу

. Оқулықтағы тапсырманы №2- жұмыс дәптеріне орындайды.

Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады. Сөйлем түрлері туралы ақпарат алады.

Жұптық жұмыс. Сөйлем түрлері жөнінде ақпаратты оқиды. Қорытынды жасайды.

Дескриптор: 1. Сөйлемдерді көшіріп жазады.

2. Сөйлем түрлерін ажыратады.

3. Өз пікірін тұжырымдап, дәлел айта алды.

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Сергіту сәті «Бауырсақ»

Жазылым Жеке жұмыс 3-жаттығу.

Оқулықтағы тапсырманы №2- жұмыс дәптеріне орындайды.

Оқушылар сөйлемдерді көркемдеп жазады. Мағынасына талдау жасайды. Бауырсақ сөзінің тасымалдану жолдарын жазып, дәлелдеулер жасайды.

Дескриптор: 1. Берілген сөздерді көркем жазды.

2. Сөзді тасымалдап жазды.

3. Өз пікірін тұжырымдай алды.

Топтық жұмыс. Ойлан, жұптас, бірік!» тәсілі.

Тапсырмаға сәйкес сөйлемдер құрап жаз.(Топтық жұмыс/Белсенді оқытудың

«Көрсету және модельдеу» тәсілі /«Ресурстар» арқылы саралау тәсілі/

Тыңдалым және айтылым.Оқылым.Жазылым.)

1 топ 4-жаттығу. Ой ұшқырлығын иллюстрация бойынша болжап, сәйкестендір. Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сөйлем түрлерін ажырат.

-Маған бауырсақ пісіріп берсеңші.                                                     қоян

-Неден пісірейін?                                                                                     ата

-Бауырсақ! Мен  сені жеймін!                                                               әже

Дескриптор: 1. Сурет пен сөйлемді сәйкестендіреді.

2. Сөйлемді дауыс ырғағымен дұрыс оқиды.

3. Сөйлемді ажырата алады.

Кері байланыс: «Басбармақ»

Топтық жұмыс.

2 топқа 5-жаттығу. Оқулықтағы тапсырманы орындау. Оқушылардың назарын оқулықтағы сызбаларға аударып, ұсынылған тапсырма бойынша сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу. Жазған жұмыстарын топта жариялау.

______ ______ ______. ______ ______ _______ ?

3 топқа :

5 жаттығу. Сызбаға сәйкес сөйлем құрап жаз.

______ ______ _______. ______ , ______ _______ ______!

Дескриптор: 1. Сызба бойынша сөйлем құрастырады.

2. Сөйлемді дауыс ырғағымен дұрыс оқиды.

3. Топ алдында жараялайды.

4 топқа Өлеңнің жалғасын сәйкестендіріп, ұйқасын келтір:

Әже тілін ---------- бармайды

Дүкенге де ------------ алмайды

Өтірікті ----------- алдайды

Сылтау тауып ------------ судай ғып

Дескриптор: 1.Өлеңнің ұйқасын таба алады.


Бауырсақ» ертегісінің аудиожазбасы








Оқулық


№2 жұмыс дәптері













https://www.youtube.com/watch?v=IV-OP74eNqc

Оқулық,




№2 жұмыс дәптері





А3 форматында жұмысты орындап топтар өз жұмыстарын қорғайды.  


Сабақтың соңы


   Жұптық жұмыс. 7-жаттығу. (топтық жұмыс) • Ребусты шешу. • Шешуіндегі сөз туралы білгендерін сұрау. • Шешуі: сөйлем

Бағалау: Смайлик «Саралау» әдісі. «Ойлан, тап,ізде»

Берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына сай табу, оқу.                  



Рефлексия



Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі. Бағалау парағын қоржынындағы қалташаларды таңдап салу. «Бауырсақтар» оқушылар бауырсақ бейнесін жапсырады.       «Білім қоржыны»     


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Жекеленген оқушыларға көмек көрсету, сұрақты қайталау, бағыт беру,

жолдасының көмегін ұсыну.

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Топтың жалпы ұпайын есептеу, топтық жұмысты

тексеру, ойын барысында көршісіне қолдау көрсету,

белсенділік таныту.  

Бағалау – оқушы білімін тексеруді жоспарлау: А оқушы: Мәтінді оқиды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сипаттап айтып береді. В оқушы: Мәтінді оқиды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.Мәтін не туралы екенін анықтайды. С оқушы: Мәтінді оқиды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.  Пәнаралық байланыс: музыка математика, дүниетану, жаратылыстану. Денсаулық және қауіпсіздік: сергіту жаттығу орындалады, Жазу барысында дұрыс отыруы қадағаланады. АКТмен байланыс: видеоролик, презентация пайдаланылады. Құндылықтармен байланыс: шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа үйренеді, бірін-бірі тыңдау, қолдау көрсету, көмектесу дағдылары жетіледі  





Пікірлер(0)