Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда поэмасы"
Қазақ әдебиеті
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Махаббат және абырой
Тақырып:
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда поэмасы"
20.11.2019
612
10
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.1.4.1. Көркем шығармадан алған үзінділерді өз көзқарастарын дәлелдеу үшін орынды қолдану. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

І. Ұйымдастыру кезеңі (10 минут) |

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады. Сыныпты Қазақстанда кездесетін аққудың үш түрі арқылы топқа бөлу.

1-топ Сұңқылдақ аққу

2- топ Сыбырлақ аққу

3- топ Кіші аққу

Үй тапсырмасын пысықтау.

«6 неліктен?» әдісі арқылы М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Неліктен шығарма «Аққулар ұйықтағанда» деп аталды?

2. Неліктен ана аққуды атты?

3. Неліктен көл жетімсіреп қалды?

4. Неліктен аққуды ана қасіретке ұшырады?

5. Неліктен баланың әкесі аққуды атуға бармады?

6. Неліктен аққуды атуға болмайды?

ҚБ

Сабақтың ортасы (23 минут) |

Сергіту сәті «Ән шырқау» Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс Мұқағали Мақатаев әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындайды. Оқушыларға М.Мақатаевтың «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың» әндері ұсынылады. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет (bilimlahd.kz сайтынан көру ұсынылады) 1-тапсырма «Жылдам дебат» сайысы Сыныпты екі топқа бөлеміз. Оқушылар екі пікірдің бірін таңдап, нақты аргументтермен дәлелдеңдер. Пікірді дәлелдеу барысында аққу, ана туралы мақал- мәтелдер қолданыңдар. Шығармадан үзінділерінен мысал, дәлел келтіріңдер. 1-пікір. «Аққуды ату- күнә» 2-пікір «Ана махаббаты өзінен де биік тұрады» ҚБ 2-тапсырма. Белсенді оқу Жеке тапсырма «Аққу» сөзіне ассоцациялық аймақ құру. Жұптық тапсырма «Аққу» сөзіне бес жолды өлең құрастыру. Топтық тапсырма «ПОПС» формуласы бойынша бүгінгі сабақтан алған түйінін айту. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» ҚБ Психологиялық тренинг Оқушылар поэманы оқу барысында қандай көңіл- күйде болғанын, сынып ішінде айта отырып, сезімдерімен бөлісу. реніш жек көру өкініш жабырқау 1-топ Суреттер арқылы 2-топ Постер қорғайды 3-топ Семантикалық карта арқылы білдіреді
| https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/muqahali-maqataevtyng-omiri-men-shyharmashylyhy |
Сабақтың соңы (7 минут) |

Кері байланыс бутерброды Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

Дескриптор - Шығарма мазмұнынын түсінеді - Сұрақтарға жауап береді - Үзінділерді орынды қолданады - Көзқарасын дәлелдейді. Үй тапсырмасы: Баласынан айырылған анаға жұбату хатын жазыңдар. Поэмадан өзіңе ұнаған шумағын жатта

Файлдар:
Файлды ару
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Пікірлер(0)