Ақкөңілділік туралы
Ақкөңілділік туралы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларға ақкөңілділік ұғымына ақпейілділік қасиеті арқылы түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың бойындағы ақкөңілділікті түсіністік қасиеті арқылы дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды ақкөңілділікке тәрбиелеу. |
| Сабақтың мақсаты: | Сабақтың мақсаты:оқушыларға ақкөңілділіктің маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. |
| Тілдік мақсаттар: | Басқаларға сыпайы сөйлеуге үйрету |
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылар басқалармен қарым-қатынаста ақкөңілділік танытып , оймен , сөзбен , іспен қиянат жасамауды үйренеді. |
| Бағалау критерийлері: | сабақтың құндылығын ашу дәрежесі бағаланады |
| Құндылықтарды дарыту: | қиянат жасамау құндылығын жарыққа шығару |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | "Хрусталльная грусть" релаксациясы , "Просто так" мультфильмі , әннің мәтіні интербелсенді тақтадан көрсетіледі. |
| Пәнаралық байланыс: | әдебиеттік оқу , музыка,бейнелеу |
| Бастапқы білім: | ба сқалармен жағымды қарым-қатынас дағдылары |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. |
Хрустальная грусть релаксациясы |
|
Сабақтың ортасы |
Үй тапсырмасын тексеру:«Рақым» әңгімесін талдау: -Сағаттың кеудешені ұсыну себебі неде? -Сағаттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады? -«Шын жақсыда тарлық жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? -ақкөңілділік қандай қасиет деп ойлайсыңдар? -өзіңнің ақкөңілділік танытқан кезің болды ма?Қалайша? -сендер қандай жағдайда түсіністік таныттыңдар?Дәйексөз «Ақкөңілділік-адам ойының тазалығының көрінісі» Ж.Баласағұни 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу. Әңгімелеу Просто так мультфильмін көрсету және талдау. -мультфильм кейіпкерлерінен адамға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар? -ақкөңілділік , ақпейілділік адамға қалай әсер етеді? -айналаңмен түсіністікте болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? -өздеріңнің ақкөңілділік танытқан кездерің туралы айтып беріңдер? -сендер өз орталарыңмен түсіністікте болу үшін не істей аласыңдар? -кімді ақкөңіл дей аласың?Неліктен? Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс.Гүлдің күлтелеріне ақкөңілділікті сипаттайтын сөздерді жазыңдар. Топпен ән айту Жас дәуірдің гүліміз әнін бірге орындау.
|
оқулық 91 бет , дәптер |
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: №20 сабаққа 94 беттегі Е.Өтетілеуұлының «Мейірбан» әңгімесін оқып және мазмұндап келу. |
Өзін-өзі тану оқулығы 94бет |
|
Рефлексия |
Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! |
Пікірлер(0)