Экономикалық инфрақұрылым элементтері және функциялары
Экономикалық инфрақұрылым элементтері және функциялары
Сабақтың мақсаты | Экономикалық инфрақұрылым элементтерін түсініп, біледі. Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің маңыздылығын талда алады. Экономикалық инфрақұрылымдағы қазақстандық компоненттердің қолданылуын анықтайды. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (3 мин.) | Психологиялық ахуал. «Ұшақтар» түрлі-түсті ұшақтарға жылы лебізін жазып бір-біріне ұшыру. Топқа бөлу. Ұшақ түстеріне қарай екі топқа бөлу. | |
Сабақтың ортасы (30 мин) | Тақырыпты ашу. Жаңа сабақтың тақырыбын бейнебаян көрсету арқылы ашу. (3 мин) (М) Интерактивті тақтаның көмегімен сабақтың тақырыбын, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру. (5 мин) 1-тапсырма: Топтық жұмыс. «Көлік» және «Байланыс» жүйелері бойынша тірек-сызбаны толтыру. (5 мин) 2-тапсырма: «Инфрақұрылым және қоршаған орта» топтық жұмыс. Топта талдай отыра кесте толтыру. (7 мин) № Инфра-құрылым элементтері 1-топ (пайдасы) 2-топ (зияны) 1 Көлік 1. 1. 2. 2. 3. 3. 2 Байланыс 1. 1. 2. 2. 3. 3. 3-тапсырма: «Галерея» жұптық жұмыс. Әр топ itest.kz сайтынан алынған «Қазақстанның көлік кешені» конспектісін топта талдап, «Экономикалық инфрақұрылымдағы Қазақстанның алатын орны» тақырыбында сурет салады. Топтан бір оқушы жұмысты қорғайды. (10 мин) | |
Сабақтың соңы (7 мин) | «Өрмекшінің өрмегі» ойыны. Жаңа тақырыпты бір-біріне сұрақ қою арқылы бекіту. (5 мин) "Жетістік баспалдағы» - өзін-өзі бағалау. Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай өздерін баспалдақ бойында орналастырады. (1 мин) Кері байланыс. Алма ағашы» - қызыл, жасыл, сары алмалардың ұнағанын таңдап, артына өзінің ұсынысы мен тілегін жазып тақтаға іледі. Үй тапсырмасын беру: Интернет желісін пайдалана отырып, «Қазақстандағы ұялы байланыстың дамуы» туралы қысқаша хабарлама дайындау. (2 мин) |
Пікірлер(0)