Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру

Альмухамбетова Айнагуль Талгатовна
Альмухамбетова Айнагуль Талгатовна
Акмолинская
Далабай
Омурлыкская СШ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Компьютерлік графика
Тақырып:

Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру

27.01.2020
83
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

6.2.2.3- растрлық және векторлық графика артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Сабақтың мақсаты:

Растрлық және векторлық графика артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай отырып, практикалық тапсырмалар орындау

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика және терминология:

Растрлық графика, векторлық графика, пиксель, графикалық примитив, бұрмалау, графиканың сапасы, файл өлшемі, кеңейтілімі.

Диалогтар мен әріптер үшін пайдалы тіркестер:

… растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері болып табылады  

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар растрлық және векторлық бейнелерді ажырата алады

Компьютерлік графика түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алады

Практикалық жұмыс кезінде артықшылықтары мен кемшіліктерін қолдана алады. 

Бағалау критерийлері:

Растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға береді.

Құндылықтарды дарыту:

Тәжірибелік жұмыс, бір-бірін бағалау барысында академиялық адалдықты сақтау. Топта жұмыс істеу арқылы, сыныптастардың жауаптарын тыңдау арқылы бір-бірін сыйластыққа үйрету. Этика нормаларын сақтай отырып, объективті бағалауға қабілетті.

Пәнаралық байланыс:

Мазмұн арқылы жүзеге асырылады (бейнелеу өнері, орыс тілі).

Бастапқы білім:

Компьютерлік графика түрлері, графикалық редакторлар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(0-10 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

Түгендеу, сәлемдесу

 Қазақтар қол алысады

Италияда құшақтасады

Бразилияда бір-бірінің иығын қағады

Микарадуада арқасымен

Зимбабелде шынтақпен

Австралияда шапалақ,секіру

Оқушылардың сабаққа белсене қатысу мақсатында орындалатын «Көтеріңкі көңіл күй» тренингін өткіземін

- Көңіл - күйлеріңіз қалай ? Керемет (қолдарын көтеру) - Сабаққа дайынсыңдар ма ? Тамаша (шапалақ) - Ендеше бастайық. О – о – о (бас бармақтарын көрсету)  

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Жеке жұмыс

А)Өткен тақырыпқа шолу.

Bilimland сайты арқылы тест жұмысы

В)LearningApps – білім порталы арқылы растрлық және векторлық графиканы ажырату арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу, мақсатын анықтау

Our mission: Растрлық және векторлық графика артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау. Графикалық редакторларды салыстыру

Оқушылар оқу мақсатын айқындай отырып мынадай нәтижелерге қол жеткізуі керек:

• Растрлық және векторлық бейнелерді ажырат


а алады

• Графикалық редакторларды салыстырады 

Артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алады   






https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/kompyuterlik-grafika-turleri





https://learningapps.org/display?v=pcntjzywn01



Сабақтың ортасы

(18 мин)

Let’s go started.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

Think-pair-share. Ойлан-жұптас-бөліс.

Оқушылар онлайн түрде жұпқа бөлініп, жаңа сабақты өз беттерімен меңгереді.

Bilimland сайты арқылы Растрлық бейненің параметрлері атты видео тамашалау.

Берілген ақпаратты бір – біріне түсіндіріп, чек парақтарын толтырып отырады толтырып отырады.

1-жұп Растрлық графика

2-жұп Векторлық графика

Key vocabulary: Растрлық графика-Растрная графика-Raster graphics Векторлық графика-Векторная графика -Vector graphics  

IV. Зерттеу жұмысы. Практикалық тапсырма

1-жұп-Paint графикалық редакторында

2-жұп Inkscape графикалық редакторында мемлекеттік тудың бейнесін салып, зерттеу сұрақтары бойынша суретті зерттейді.

Зерттеу сұрақтары:

1. Сурет салу ерекшелігі

2. Суреттің кеңейтілімі

3. Көлемі

4. Бейнені үлкейтіп-кішірейтудегі ерекшеліктері

Дескриптор:

-Paintnet графикалық редакторында берілген нысанды салады

-Inkscape бағдарламасында графикалық кескіндерді пайдаланады

-Түстер палитрасын қолданады

Көз жаттығулары

V . Робот тапсырмасы.

Квест ойыны. Оқушылар QR кодты оқу арқылы сұрақтарға жауап береді

1. Қарапайым, күрделі суреттерді күнделікті өмірде салуға болады –Растрлық графика

2.Логотиптер, диаграммалар, блок-сызбалар құрастыру кезінде қолданылады. – Векторлық графика

3. Adobe Illustrator, CorelDraw– Векторлық графика

4. Paint, Photoshop- Растрлық графика

5. Inkscape Векторлық графика

6. Бір пиксельдің түсі 2 битпен анықталады

Растрлық графика

Дескриптор: -Растрлық графиканың ерекшеліктерін бағалайды -Векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды   

https://ultragenerator.com/splitgroups/


https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/rastrlyq-bejnelerding-parametrleri


Paint графикалық редакторы Inkscape графикалық редакторы                       

 

 


Сабақтың соңы

(5 минут)

VІ. Сыныппен жұмыс.

Qwizlet.com сайтымен жұмыс

Растрлық және векторлық графика ерекшеліктерін анықтау

1. Пиксельдерден құралады-растрлық бейне

2. Геометриялық фигуралардан құралады-векторлы бейне

3. Масштабтау кезінде сапасы төмендейді-растрлық бейненің кемшілігі

4. Күрделі бейнелерді құруға, оңай сақтауға, басып шығаруға мүмкіндік береді-Растрлық графиканың артықшылығы

5. Аз көлемді алады-Векторлық графиканың артықшылығы

6.Күрделі фотографияларды құруға мүмкіндік жоқ-векторлық графиканың кемшілігі

7. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арнаалған бағдарлама – Inkspace

8. Растрлық графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарлама –Paint

9. Inkspace бағдарламасының кеңейтілімі-svg

10. Paint бағдарламасының кеңейтілімі- png     

https://quizlet.com/468239757/flash-cards/


Рефлексия

(2 минут)

Мен бүгін сабақта ...  атты чек парағын толтырады

Файлдар:

Файлды ару Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру

Пікірлер(0)