Климаттық үдерістер

Есетова Салтанат Жұбатқанқызы
Есетова Салтанат Жұбатқанқызы
Ақтөбе
Ақтөбе
Еңбекші мектеп-балабақшасы
Жаратылыстану
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
Тақырып:

Климаттық үдерістер

28.01.2020
30
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.4.1.1.- өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:Табиғатта болатын климаттық үдерістерді анықтау. Басым бөлігі: Климат пен ауа-райының не екенін және олардың айырмашылығын түсіндіру. Кейбір оқушылар: Климаттық үдерістердің себеп салдарын өмірмен байланыстыра отырып,мысалдар келтіру.  
Тілдік мақсаттар: КлиматАуа райы Бейімделу Климат ПогодаПриспособление Climate WatherAdapotaion Климат дегеніміз- белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын ауа райының көп жылдық режимі. Ауа райы дегеніміз-белгілі бір жердегі тәулік ішіндегі болатын жағдай. Бейімделу-қауіпті желдер,өте жоғары және төмен температура, қысымның тез өзгеруі адамдарға қолайсызәсер ететін қауіпті құбылыстарды айтады  
Күтілетін нәтиже: Климат пен ауа-райының не екенін және олардың айырмашылығын түсіндіру.
Бағалау критерийлері: Тапсырманы орындау критерийлері: 1. Климаттық үдерістерді анықтайды. 2. Климат және ауа райы құбылыстары мен элементтерін салыстырады. 3. Үдерістердің жүруін түсіндіре отырып, мысалдар келтіреді. 4. Клиамттың ерекшілігін сипаттап, анықтайды   
Құндылықтарды дарыту: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының аясында жоғары деңгейлі зияткер оқушыларды дайындау және білім мен ғылымды біріктіру мақсатында климаттық үдерістермен таныстыру.
АКТ-ны қолдану дағдылары:
Пәнаралық байланыс: Физика – табиғат құбылыстарын белгілі бір заңдылық бойынша үйренуде Биология-өсімдіктер мен жануарлардың қолайсыз климатқа бейімделуін үйренуде. Бейнелеу- графикалық бейнелерді түсіргенде  
Бастапқы білім: Оқушылар осыған дейін климаттық үдерістер туралы білетін ойларын айта алады. Климаттық үдерістердің көэлементтерін,ондағы құбылыстары жайлы біледі. Климаттық үдерістердің ерекшеліктері туралы ойларын сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

І. «Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.Оқушыларды топқа бөлу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Нөсер» жаттығуы арқылы тақырыпқа шығу. -Бұл жаттығу сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады? -Бүгін біздің ауылда қандай ауа райы? -Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? «Мозайка!» әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлемін. Географиялық диктантты «миға шабуыл » әдісі арқылы орындау. 1.Жер бедерін зерттейтін ғылым-.........деп атайды. (геоморфология) 2. Таулардың пайда болуы, ........және жанартаулардың атқылауынан пайда болады.(Жер сілкіну) 3. Тау жыныстарының температурасының, ......, мұздықтардың, судың, тірі организімдердің әсерінен бұзылу үрдісін үгілу дейміз. (Жауын-шашын) 4.Үгілудің үш түрі бар: ......, ............ және ........... (физикалық, химиялық, биогендік) 1. 5. Тау жыныстары биогендік жолмен үгілгенде организмдер өзіне қажетті...... заттарды сіңіріп алады (минералды заттарды) Дескриптор: -көп нүктенің орнына дұрыс жауабын береді. -терминдердің мағанасын береді.  

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында бейнеролик көрсетіледі. 2. Тапсырма №1Топтық жұмыс жүргізіледі 3. 1. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мәтінімен танысады, өзара талқылайды. 4. 1-топқа тапсырма: 5. Климат дегеніміз не,климат ұғымын алғаш ғылымға енгізген кім? 6. Ауа райы дегеніміз не,ауа райының қандай элементтері бар. 7. 2-топқа тапсырма: Климат құрушы факторлардың негізін атап, себебін түсіндіру 8. Климаттың тірі ағзаға әсерін түсіндіру. 9. 10. 11. Дескриптор: -климат пен ауа райынне екенін анықтайды. -ауа райының элементтерін тізімдейді. –климаттың қалыптасуын түсіндіреді. 12. - климаттың тірі ағзаға әсерін анықтайды Бағалау:өзара бірін- бірі бағалайды және кері байланыс беремін. Жарайсыңдар, өте жақсы! Смайликтер арқылы Тапсырма №2 «Кластер құрау» әдісі: Берілген кластерді «Климат» сөзін пайдалана отырып толтыру. 13. Дескриптор: -Климат қалыптастырушы факторларды анықтайды. -Кластерді дүрыс жасайды. -факторлардың ішінен негізгілерін іріктейді. Бағалау:өзара бағалайды және кері байланыс беремін. Мадақтау, Смайликтер арқылы Тапсырма №3 «Cуреттер сөйлейді» - әдісі 1) Жыл мезгілдері өзгерістеріне ауа райының әсер етуіне сипаттама бер. 2. Күн мен түн, жыл маусымдарының ауысуы 3. Климаттық құбылыстар (жауын-шашын, дауыл мен құмды желдер, қар, мұз) Дескриптор: Білім алушы -жыл мезгілдерінің өзгеріс себебін баяндайды. -ауа райы компоненттерін анықтайды. -сурет бойынша жыл мезгілдеріндегі табиғат компоненттерінің өзгеріп отыруына сипаттама береді. Бағалау: Мадақтау, Басбармақ әдісі арқылы бағалау, кері байланыс беремін. 

Сабақтың соңы

Тапсырма №4 «Бірге ойлаймыз» әдісі Суретке қарап климат жағдайына өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуі туралы айтады 1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет Дескриптор: Білім алушы -Суретке қарап қай жануар қандай климат жағдайында тіршілік ететінін айтады. -Қыс айларында қалай бейімделгенін анықтайды. -Қолайлы-қолайсыз климаттық жағдайларды іріктейді. -Жануарлар мен өсімдіктердің ерекшеліктерінің қалыптасуын климаттық жағдаймен байланыстырады. Бағалау:өзара бағалайды және кері байланыс беремін. Мадақтау, Смайликтер арқылы  

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі рефлексия жасату. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылыр сабақты түсінген немесе түсінбеген және сұрақтары бар болса бес саусақ парақшасына өздерінің ойларын жеткізіп жазады. Басбармақ - бүгін мен жаңадан нені үйрендім? Балан үйрек-Бүгін мен не жасадым, неге қолжеткіздім? Ортантерек–сабаққа байланыстыкөңілкүйім. Шылдыршүмек-Бүгінкімгекөмектесеалдым? Кішкенебөбек-Қандайқиындықболды, оны қалайжеңдім? Оқушы жетістіктерін атап кері байланыс жасаймын.  

Пікірлер(0)