Бізді қоршаған әлем.

ТАУТАНОВА ТАМАРА ТАЛГАТОВНА
ТАУТАНОВА ТАМАРА ТАЛГАТОВНА
Ақтөбе
Шұбарши
Шұбаршы орта мектебі
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:

Бізді қоршаған әлем.

28.01.2020
26
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.1.3.2.Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін,ғимараттарын және көрнекті жерлерін сипаттау. 1.1.3.1.Өз мекенжайын атау және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін сипаттау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Өзінің тұратын қаласын,ауылын,көрікті жерлерін тұратын жерін көшесін сипаттайды Көптеген оқушылар: Тұрғылықты жері(көшелері,ғимараттарымен көрікті жерлері) туралы әңгімелейді және сипаттап айта алады Кейбір оқушылар: Өзі тұратын елді мекеннің географиялық орналасуын зерттейді.
Тілдік мақсаттар: Қала – город-city Ауыл – село - village
Күтілетін нәтиже: Тұрғылықты жері(көшелері,ғимараттарымен көрікті жерлері) туралы әңгімелейді және сипаттап айта алады
Бағалау критерийлері: Өзі тұратын елді мекеннің географиялық орналасуын зерттейді.
Құндылықтарды дарыту: Өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану,математика
Бастапқы білім: Ынтымақтастық атмосферасын құру Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын құру Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге. "Мозайка" әдісі арқылы топқа бөлу. Қағаз қиындыларын құрастырып топқа бөлінеді. "Қала"және "Ауыл " тобы -Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар? -Олардың қандай ұқсастығы бар? сұрақтарына жауап алып " Хабарлама әдісі" арқылы Қала мен ауыл туралы слайд арқылы түсіндіру

Сабақтың ортасы

Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономика, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Қаладағы адамдар өнеркәсіп өндірісі нысандарында: зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді. Ғылыммен, біліммен, спортпен айналысады. Қалада көптеген мәдениет орындары – театрлар, мұражайлар, концерт залдары көп. Қала ауыл тұрғындарын көлік түрлерімен, тұтыну тауарларымен, тұрмыстық техникамен, киіммен қамтамасыз етеді. Ертеде адамдар соғыс уақытында жаудан қорғану үшін жасалған, қоршаумен қоршалған бекіністі қала деп атаған. Ауыл – шағын елді мекен. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда ауыл шаруашылығына басты назар аударылады. Біздің ел әлемдік астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша озық елдердің бірі болып табылады. Солтүстіктегі егіс алқаптарының 70%-ында астық және техникалық дақылдары – бидай, арпа, тары өсіріледі. Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіреді. Қазақстан бау-бақша өсімдіктерімен танымал. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының

Сабақтың соңы

1-тапсырма ТЖ ." Зертте,дәлелде,анықта"әдісі " Екі топ оқушылары қаланы және ауылды зерттейді.Тапсырма: Ғимараты: Географиялық орны: Шаруашылығы: Дескриптор: -Қала мен ауылдағы ғимараттарын, географиялық орнын,шаруашылығын анықтайды -Оларды жазады - Қосымша мәлімет береді. 2-тапсырма Т «Қателеспе »әдісі ЖЖ № Белгілері "Қ"-"А" 1 Бау-бақша 2 Көп қабатты үйлер 3 Омарта 4 Университет,институт,колледж 5 Қосалқы шаруашылық 6 Зауыттар,фабрикалар Дескриптор: Қала мен ауылда кездесетін орындарды қателеспей таба алады. (Ұ) Сергіту сәті "Екі жұлдыз,бір тілек" ойын Ауылдың немесе қаланың екі жақсы көретін,бір ұнатпайтын жағын айтады 3- тапсырма " Диалог" әдісі ЖЖ Екі топтан екі оқушы шығып,ауыл мен қаланың ерекшелігін айтып, диалог құрады Дескриптор: -Қала мен ауылдың ерекшеліктерін айтады А 3 қағаздары, маркер,карта, Кестелер Кері байланыс -Қала мен ауылды салыстырады. -Қала мен ауылдың байланысы туралы өз көзқарасын айтады. 3-тапсырма. " Досыма хат" әдісі Мекенжайын атау. Алыстағы досына хат жазу үшін конверттің сыртына сол мекен жайын толтырады. Дескриптор: - өз мекенжайын атайды; - мекенжайын жазып көрс

Рефлексия

Саусақ әдістері арқылы бағалау

Пікірлер(0)