Мария Шоқайдың махаббаты
Мария Шоқайдың махаббаты
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.3.1.1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру. 7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану |
Сабақ мақсаты: | Ұсынылған мәтін негізінде күрделі жоспар құруды үйренеді. |
Бағалау критерийлері: | Мәтіннің күрделі жоспарының қалай жасалатындығын түсіндіреді. Тұйық етістіктің жасалу жолын біледі, қолданады. |
Тілдік мақсаттар: | Пән лексикасы және терминология: Шынайы достық, дәлел, жай жоспар, күрделі жоспар Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. |
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар шығарма негізінде жоспар құра алады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (3 минут) | Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Ой қозғау. « Сөздер банкісі» Топтық жұмыс. Сабақ мақсатына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін параққа жазады.1 мин. Уақыт аяқталған соң топ мүшесі дауыстап оқиды. Барынша көп сөз жазған топ жеңімпаз болады. | А4 парақта жазылып, тақтада тұрады. А3 парақ |
Сабақтың ортасы (30 мин) | 1-тапсырма. ТЖ Оқушылар топтарда күрделі жоспар қалай жасалатындығын талдайды: күрделі жоспардың әрбір тармағына тезистік сөйлемдер жазылады. Ал қолдаушы сөйлемдер тармақша ретінде жазылады. Қорытынды шығарады: қолдаушы сөйлемдер тезистік сөйлемдердің мәнін ашады. Мұғалім: Жоспар құрған кезде бөлім атаулары сөйлем болмауы керек. Ол үшін атаулы немесе тұйық етістікті сөйлемдер қолданған дұрыс.Оқушыларға тұйық етістік туралы мағлұмат беріледі. 2-тапсырма. ЖЖ Мәтінді оқиды. «Сыртқа, ішке» әдісі Тапсырма. Берілген сөздерден есімшелер мен көсемшелерді тауып, «Сыртқа» бағанына жаз. Оларды тұйық етістікке айналдырып, «Ішке» бағанына жаз. Жоспарлаған едік, ризашылық, сағыныш тамшылары, толқып, кілт тоқтады, сүйіспеншілік, қойдық, сақтап, ардақ тұтты, құптап, зиярат, Шоқайтану.
Сыртқа Ішке Жоспарлаған едік Толқып Сақтап Құптап Жоспарлау Толқу Сақтау Құптау Дескриптор 1. Есімше, көсемшелерді іріктеп алады. 2. Тұйық етістікке айналдырады. ҚБ Бірін – бірі бағалау. «Менен 1 жұлдыз» Көрші жұптың жұмысын дескриптор бойынша бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы. 3-тапсырма. 2- тапсырмадағы сөздер мен тіркестерді пайдаланып күрделі жоспар құрады. Бағалау критерийі Дескриптор Мәтінге күрделі жоспар құрады. 1.Күрделі жоспар құрады. 2. Тұйық етістіктерді пайдаланады. 3.Мәтіннің ерекшелігін ескереді. ҚБ Өзін- өзі бағалау. Бағалау терезесі. Оқушылар өз жұмыстарының шетіне терезе салуы керек. Әр дескриптор терезенің бір көзі болып есептеледі. Кері байланыс. «Сократтың сақинасы» әдісі Ішкі шеңберге 1,2 көзді терезесі барлар тұрады. Сыртқы шеңбердегілер қарсы тұрған оқушыға күрделі жоспар туралы түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді.
| Қазақ тілі оқулығы. "Атамұра" баспасы 73- бет. |
Сабақтың соңы (7 минут) | Рефлексия. «7МЕН» . Мен ... тапсырмаларын орындадым. Менің... Маған... Мені... Менде... Менен... Менімен... |
Пікірлер(0)